• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жастармен және спорт өкілдерімен кездестім.

Еркін микрофон форматында өткен жиында ниет білдірген кез келген адам сұрақтарын қойды. Мысалға олардың қатарында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім беру саласында түрлі оқыту жобаларын енгізу, спорт орталықтарын ашу, жас спортшыларды қолдау және т.б. бар.
Мұндай кездесулер қиындықтарды тиімді әрі жылдам шешуге, проблемаларды назарда ұстауға мүмкіндік береді.
✅Мәселен осыған дейін жаттықтырушылар мен спортшыларға жеке медициналық мекеме бөлу туралы проблема көтерілген болатын. Себебі олар кәсіби тексерулерді өзге пациенттермен қатар өтіп, бірге емделетін. Ал бұл спортшылардың дайындық сапасы мен сауықтыру процесіне кері әсер ететін. Осы мәселені бірлесе талқылағаннан кейін спортшыларға арналған арнайы медициналық орталық (А-82 көшесіндегі «Нұрлы Жол» теміржол вокзалының жанында) ашылды.
Сол сияқты бокс, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы және т.б. ашылып, «Толқын» спорт кешені мен «Жастар» сарайында жөндеу жұмысы жүргізілді. «Қазақстан» спорт кешенінде қайта жөндеу және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.
Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Аталмыш орындарда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығып жүр. Тағы екі елді мекенде дәл осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Бұқаралық спортты қаржыландыруды 3 есеге арттырдық.
✔️2020-2021 жылдары жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 50%-ға, биыл тағы 25%-ға артты. Ал кадр тапшылығын шешу үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша гранттар бөлеміз.
✅Сол сияқты жастарды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жастар желісі бойынша бірнеше тұрғын үй бағдарламасы бар. Өткен жылы жеңілдетілген несиелеу бойынша арнайы «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасын енгіздік. 2 жыл ішінде 3,4 млрд теңгеге несие берілді. Өзге бағдарлама – жалға алу бойынша 3 жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға 2,5 мыңға жуық пәтер берілді.
✔️Маңызды мәселелердің бірі – жұмысқа орналасу. Өткен жылы 6 мың жас жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар береміз. Ауқымды әрі жүйелі жұмыс жасалды, бірақ әлі де атқарылатын шаруа көп. Келіп түскен сұрақтарды шешу мәселесі қолға алынды, орындау кестесін жасаймыз.

  • 11.11.2022
  • 263
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика