• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елордамыз мәдени орталық болып саналады.

Жұрт сүйсінерлік қойылымдар мен шығармашылық жетістіктердің артында мәдениет және өнер қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олар сол сияқты өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Жылдан жылға мәдени мекемелерге – театрларға, мұражайларға, кітапханаларға баратындар қатары артып келеді.
Кездесуде мәдениет саласын дамыту және еңбек жағдайын одан ары жақсарту мәселелері талқыланды. Мәдениет және өнер қайраткерлері мәдени нысандар желісін кеңейту, ғимараттарды жөндеу, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу, жалақы мөлшерін көтеру мәселелерін қозғады, сондай-ақ тұрғын үй және т.б. талқыланды. Кездесуде айтылған проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды, кестеге енгіземіз.
✅Маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үй. Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша мәдениет қайраткерлері санатына енгіздік; тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты өзге де тұрғын үй бағдарламалары бар.
✅Осы жылдың маусым айында мәдениет қызметкерлерінің жалақысы (кітапханашылар, суретшілер, мұражай қызметкерлері және т.б.) 30-дан 50%-ға дейін көтерілді. Еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады. Сондай-ақ бірқатар мәдени нысандарға жөндеу жүргізілді. Ал М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жөндеу жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, жөндеу жұмысы 2018 жылы басталған, алайда сыбайлас жемқорлық, оның ішінде мердігер тарапынан да заң бұзылғаны анықталды. Сот рәсімдері аяқталғаннан кейін жаңа мердігер анықталып, жұмыс қайта жанданды.
✅Ерекше қажеттілігі бар жандардың өтініші бойынша «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды. Инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беру. Ал арнайы сабақтардың арқасында олар да оңалтудың бір түрін алады.
Мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, оқушыларымызға арналған бірлескен жобаны іске қостық. «Музейдегі оқу күні» жобасы оқушылардың ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. Жоба теориялық білімді бекітуге бағытталған.

  • 11.11.2022
  • 258
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика