• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан облысының тұрғындарымен кездестім

Халықпен кездесу кестесіне сәйкес  Түркістан облысының тұрғындарымен кездестім.

Тұрғындар алдында сөйлеген сөзімде  жалпы республика және өңір бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлістім.

Кездесу барысында жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелер айтылды, мәселен: ескірген кәріз тазарту құрылыстары, кей жерлерде тіпті олардың болмауы, қалдықтарды басқару және қайта өңдеу саласы, атмосфералық ауаның сапасы, су саласын, орман және балық шаруашылығын дамыту және т.б.

Түркістан облысының экологиялық проблемаларын шешу үшін Жол картасында 21 іс-шара қарастырылған, оның 9-ы бүгінгі күні орындалған.

Айталық, «Түркістан Жылу» МҚК-да қазандығы газға ауыстырылып, жаңғырту жүргізілді, Түркістан қаласы мен облыс аудандарында жеке секторды газдандыру мен жасыл желектерге инвентаризация жүргізілді.

Сонымен қатар, Министрлік стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болу мәселесін шешу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдады, олардың саны облыс бойынша жылына 400 бірліктен асады.

Су саласын дамыту бойынша  су шаруашылығындағы негізгі проблемалар ретінде су шаруашылығы объектілерінің тозуының жоғары деңгейі және судың үлкен шығыны болып табылатынын атап өттім. Бұл ретте, қазіргі уақытта су шаруашылығы инфрақұрылымын салу мен реконструкциялау және суару арналарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ, Шардара су қоймасы бөгетін қайта құру және сейсмикалық тұрақтылығын арттыру бойынша үлкен жоба іске асырылуда, ол Түркістан және Қызылорда облыстарының 260 мың халқы бар 231 АЕМ тұрғындарын су басу қаупінен сақтауға және оларды кепілді суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сырдария өзеніндегі Көксарай контрреттегішінің бөгетіне және басқа да бірнеше гидротехникалық құрылыстарға да қайта құру жүргізіледі. Мұның бәрі 48,2 мың га суармалы жерді жақсартуға, сумен қамтамасыз етуге кепілдік болады және қосымша 1,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар  орман және балық шаруашылығын дамыту мәселелерін де тілге тиек етіп, Түркістан облысы балық өсіру бойынша көшбасшы болып табылатынын атап өттім. Бағдарламаға сәйкес биыл өңір бойынша 6,1 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Жыл басынан бері 4,1 мың тонна тауарлық балық өсірілді. Биыл сазан, форель және африкалық сом өсіретін 4 тоған балық фермасы құрылды..

Есеп беру кездесуінен кейін  азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдадым.

  • 11.11.2022
  • 289
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика