- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2022 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Шакқалиев Арман Абайұлы Ақмола облысына келіп, азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездеседі.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар келесі мекенжай бойынша өткізіледі: облыстың Кәсіпкерлер палатасында: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) – сағат 15.00-15.40-де.
Бифинг - сағат 15.40 – 16.00-те.
Азаматтарды қабылдау сағат 16.00 – 16.30-де өтеді.
Сіз өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: 8702-229-16-15 (Занегина Светлана), 8-701-242-54-75 (Кантурина Жанна).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады.
Аккредиттеу үшін деректер (атауы, аты-жөні) 15 қараша сағат 18.30-ға дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 777 474 22 69 (Динара Есенбаева), +7 707 876 4548 (Каппасова Жайнагуль).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице – министріне сұрақ қоюға шақырамыз.
- 15.11.2022
- 192