- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
«Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) жүйесіндегі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының рөлі»
Қаржылық мониторинг агенттігі «Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) жүйесіндегі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының рөлі» тақырыбында Қазақстан бухгалтерлерінің кәсіби ұйымдарымен (БКҰ) кездесу өткізілді. Кездесуде АЖ/ТҚҚ жүйесіндегі бухгалтерлердің рөлі, АЖ/ТҚҚ туралы заң талаптарын бухгалтерлердің сақтауын бақылау бөлігіндегі БКҰ қызметі, сондай-ақ бухгалтерлердің заң бұзушылықтарының себептері және оларды шешу жолдары сияқты мәселелер талқыланды. Екіжақты нәтижелі келісімдердің қорытындысы бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру, сондай-ақ БКҰ мен ҚМА арасында ақпарат алмасу туралы шешім қабылданды. ҚМА қаржылық мониторинг субъектілеріне АЖ/ТҚҚ заңнамасының талаптарын түсіндіру бөлігінде қажетті көмек көрсетуге дайын.
- 16.11.2022
- 221