• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мектеп және колледж мұғалімдерімен бірге білім беру саласын одан ары дамыту, оқу орындарын салу, инклюзия кабинеттерін ашу, гранттар бөлу секілді т.б. мәселелерді талқыладық.

Оқу орындарының құрылысын жүргізуге, білім беру сапасын арттыруға, жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасауға бірдей көңіл бөлеміз.
☑️ Жас мамандарды қызықтыру мақсатында жыл сайын білім гранттарын бөлеміз. Мәселен 3 жыл ішінде 1400 грант берілген болса, биыл 1 мыңнан астам білім грантын бөлдік. Сол сияқты жеке инвестордың есебінен педагогикалық институт салуды жоспарлап отырмыз. Білім беру саласының қызметкерлеріне арналған бірқатар тұрғын үй бағдарламалары бар.
✅Әлеуметтік нысандар салу – жүйелі жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта 420-дан астам жер учаскесі белгіленді: мектеп салу үшін – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін (емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары) – тағы 78 учаске. Әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің санын жыл сайын ұлғайтатын боламыз.
2019 жылдан бастап 93 мың оқушыға арналған (2 ауысымда) 45 мектеп салдық. Оның 9-ын биылғы оқу жылында ашамыз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 84 мыңнан астам оқушыға арналған (2 ауысымда) 23 аса ірі мектепті жобалау жұмысы басталды. Олардың құрылысын келесі жылы бастаймыз.
Сол сияқты 40-қа жуық оқу орнында (мектептер, балабақшалар, колледждер) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді, мектеп кітапханаларының 38%-ы жаңғыртылды, бірқатар қосымша білім беру орталықтары, оның ішінде шахмат үйірмелері ашылды.
Ерекше қажеттілігі бар жандардың кедергісіз өмір сүруі үшін жайлы орта құру жұмысын жалғастырамыз. Биыл қыркүйек айынан бастап көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 4 арнайы сынып аштық. Ал желтоқсан айында аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған шаралардың бәрін ары қарай да дамытуды жалғастырамыз.
Білім беру саласының мамандарымен өтетін тұрақты кездесулер проблемаларды жылдам шешуге, сол сияқты жоспарымызға міндеттер енгізуге мүмкіндік береді.

  • 17.11.2022
  • 276
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика