- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Мәні зор саяси науқан
Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өткені белгілі. Ел тағдыры үшін маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауымды жасадым.
Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығы – Түркістан қаласында орналасқан. Түркістандықтардың саяси науқанға деген белсенділігі жоғары болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 1 163 860 сайлаушы дауыс береді деп жоспарланған. Науқанды бақылауға 2 229 комиссия мүшесі бекітілді. Өңірде сайлаушыларға барлық жағдай жасалды. Облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетті.
Еліміздің даму бағытын, болашағын айқындайтын науқанға қатысу – азаматтық борышымыз. Жаңа Қазақстан құру жолында әр азаматтың дауысы маңызды!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын!
- 24.11.2022
- 257