- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2022 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шакқалиев азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Батыс Қазақстан облысына барады.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар "Атамекен" ӨКП-да осы мекенжай бойынша өткізіледі: Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) - сағат 14.30.–15.10 -да;
Брифинг - сағат 15:10 - 15:30-да;
Азаматтарды қабылдау – сағат 15:30 - 16:00-де.
Сіз өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ), өңірдегі тел. бойынша:+7 705 331 5311 (Досқалиев Артур Мұханұлы).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін өңірдегі тел. бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: :+7 705 331 5311 (Досқалиев Артур Мұханұлы).
Ақпаратты жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, ТАӘ) аккредиттеу үшін 5 желтоқсан сағат 9.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 777 666 8589 (Досхан Шотпанов), +7 775 871 5399 (Өмірзақ Алишер).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министріне өзіңіздің сұрағыңызды қоюға шақырамыз.
- 02.12.2022
- 264