Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкіміМаңғыстауда әлеуметтік топтарға 252 грант бөлінеді
- 25.01.2023
- 356
Маңғыстауда әлеуметтік осал топтағы жандардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында 252 грант бөлінеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопан ...
Толығырақ
Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкіміБизнеске қолдау: жастарға шағын несиені қалай алуға болады
- 25.01.2023
- 309
21 мен 35 жас аралығындағы маңғыстаулық жастарға жеке кәсіптерін қолдау мақсатында 2,5%-бен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие берілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады. Спикердің айтуынша, барлық саладағы кәсіп түріне несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына қатысты жобалар үшін 7 жылға дейін берілмек. Ал, облыс бойынша биыл барлығы 163 жасқа төмендетілген пайызбен несие берілетін болады. Өзінің жеке кәсібін ашқысы келетін болмаса, бар кәсібін одан әрі дамытқысы келетін жастар бұл шағын несие түріне өтінім беруіне болады. - Ескерте кететіні кәсібіңізге, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге 5 жыл уақыттан асып кетсе, сіз бұл шағын несиеге өтінім бере алмайсыз, - дейді Әсет Шопанов. Қолдау жеке кәсіптің барлық түріне берілмек. Тек несиеге өтінім берген кезде кепілге қоятын мүліктің болуы шарт. Өтінім қабылдау туралы хабарландыру 10 күн бұрын 2023 жылдың сәуір мамыр айларында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі басқарманың ресми сайттарына шығады. Шағын несие алу үшін қажет құжаттар тізімі: - Шағын несие алуға өтініш - Жеке басын куәландыратын құжат - Кредиттік тарих туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісім - Бизнес-жоспар - Қатысушының/үміткердің уәкілетті органының шағын несие алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі - Кепіл берушілердің мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі - Шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар - Кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған кезде) - Қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан) - Бағалау туралы есеп - Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар Ал, өтінімді беру бойынша «Аграрлық несие корпорациясының» Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгініп, бизнес-жобаларыңды өткізе алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc?lang=ru ...
Толығырақ
Тілеуберді М.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріҚазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары жөніндегі диалогтың кезекті отырысы туралы
- 25.01.2023
- 342
Вашингтон, 2022 жылғы 24 қаңтар – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Уз ...
Толығырақ
Маржықпаев Е.Б.
Ақмола облысының әкiмiЦелиноград ауданына жұмыс сапары
- 25.01.2023
- 360
Ермек Маржықпаев елордалық Целиноград ауданындағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады. Бірінші нысан, "Шапағат" әлеуметтік қызметтер орталығы Аққайың ауылында орналасқан. Орталық Ақмола облысының қарт адамдарына медициналық, экономикалық, психологиялық, құқықтық к ...
Толығырақ
Тілеуберді М.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріҚазақстан ЭЫҰ-дағы ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайды
- 25.01.2023
- 372
Ташкент, 2023 жылғы 23-24 қаңтар – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЭЫҰ СІМК) 26-шы отырысына қатысуда. Іс-шараға сондай-ақ Ұйымға мүше м ...
Толығырақ


