Ноғаев Н.А.
ҚР Энергетика министрі
«Ашық диалог» порталында сауалнаманы өткізу туралы хабарлама
  • 23.07.2021
  • 368

«Ашық диалог» порталында сауалнаманы өткізу туралы хабарлама 2021 жылғы 23 – 31 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» тақырыбы бойынша сауалнама жүргі ...

Толығырақ

Оразалин О.С.
Ақтөбе облысының әкімі
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды Дереккөз – Ақтөбе облысының әкімдігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.
  • 23.07.2021
  • 402

2021 жылғы 21-22 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Үкімет басшысы «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытын аралады. Кәсіпорынның қуаты ...

Толығырақ

Цой А.В.
ҚР Денсаулық сақтау министрі
«Сіз азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды білесіз бе?»
  • 23.07.2021
  • 545

«Сіз азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды  білесіз бе?» Құрметті азаматтар! 2021 жылғы 28 шілде мен 28 тамыз аралығында «Ашық диалог» порталында онлайн режимде «Сіз азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды  білесіз бе?» деген шағын сауалнам ...

Толығырақ

Райымқұлова А.Р.
ҚР Туризм және спорт министрі
Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасына аттанған Қазақстан делегациясына сəттілік тіледі
  • 23.07.2021
  • 551

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасына аттанған Қазақстан делегациясына сəттілік тіледі. «Құрметті спортшылар, бапкерлер, Қазақстан делегациясының өкілдері! Сіздер əлем халқы асыға күткен Жапонияда өтетін XXXII жазғы Олимпиадаға аттандыңыздар ...

Толығырақ

Маржықпаев Е.Б.
Ақмола облысының әкiмi
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өңіріміздің дамыту өзекті мәселелері​ туралы баяндадым
  • 23.07.2021
  • 331

Мемлекет басшысына облыстың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары баяндалды. Негізгі көрсеткіштер бойынша өсімнің оң қарқыны бар екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Облыста вакцина салдыруға тиісті халықтың 49 пайызы екпе алған. Сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің екі айлық азайтылмайтын қоры әзірленген. Бұдан бөлек​ Президентке егін егу және жем-шөп дайындау мәселелері туралы айттым. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жер көлемі 5 миллион гектардан асады.​ Өңірдегі жауын-шашынның аздығынан Торғай аймағы (Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандары) көбірек зардап шекті. Осыған байланысты көршілес аудандарда бірлесе шөп дайындау жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндадым. Атап айтқанда Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру жөнінде, жылу электр орталығын салу үшін әлеуетті инвесторлар іздестіріп жатқанын, сондай-ақ, су басатын аймақ тұрғындарын көшіру үшін Атбасар қаласында 100 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталғанын жеткіздім. Еліміздегі елеулі саяси оқиға – ауыл әкімдерін сайлауға дайындық барысына ерекше мән берілді. Жалпы облыс бойынша 95 әкім сайланады. Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. ...

Толығырақ