БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 52
- Жауаптар: 52
- 72195
- 26.08.2013
- 28.08.2013
Бисенов Куаныш 27.08.2013 Сұрақ нөмірі:
Саламатсызба Нұрлан Асқарұлы! Мен Зеленов ауданы Мичурин ауылынын тұрғынымын. Сізге қояр сұрағым неге Мичурин аулын қаранғы уақытта жарықтандырмайды? Қазіргі уақытта білінбегенімен қыс мезгілінде жұмыстан жай шықанда қиын қараңғы. Менін үйім аялдамадан алыс болғандықтан қиын. А так біздін үйдін бойында арнайы светтер бар бірақ қоспайды.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Кенжегалиева Венера 27.08.2013 Сұрақ нөмірі:
Қайырлы күн Нұрлан Асқарұлы! Орал қаласы жылдан жылға көркейіп, өркендеп келеді. Қазіргі таңда жаңа шағын аудандар салып жатыр. Сұрағым Жаңа Орда шағын ауданында жалпы орта білім беретін мектеп қашан салынады. Өйткені балаларымыз басқа шағын аудандағы мектепке барады. Балаларымыз жолдан өткен сайын қорқамыз. Жұмысыңызға сәттілік.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Ковалева Мария Петровна 27.08.2013 Сұрақ нөмірі:
АО «КазТрансгазАймак» дважды за год подняло цену на природный газ: до 15 апреля 2013 года он стоил 11,12 тенге, с 15 апреля по 1 июля 2013 года - 14,26 тенге, с 1 июля 2013 года - 15,20 тенге. Что делает руководство области для сдерживания цены на этот стратегически важный энергоноситель?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Койшина Айсұлу Бақытқызы 26.08.2013 Сұрақ нөмірі:
Құрметті, Нұрлан Асқарұлы! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей авторлығымен жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы біздің облыста да қуатты тетік болды. Біздің облысымызда да толайым шаралар атқарылуда. Мәселен, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде өлке тарихы жаңа жәдігерлермен толықты. Өлкеден шыққан өмірі өлке тарихымен өрілген үлкен тұлғаларға қатысты деректер түгелдене бастады. Ұлттық салт-дәстүрді, өнерді, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға, жақсартуға батыл қадамдар жасалды. Солардың бірі:
2002 жылы Орал қаласынан 12 км қашықтығында жанданған Орал-Атырау автотрасса жанында алтынордалық ХІІІ-ХҮ ғғ. кезіндегі «Жайық қалашығы» деп аталған қалашық табылған.
Бұл қалашық қазіргі Оралдың бастауышы болғанын ғалымдар дәлелдеп отыр, соған сәйкес Орал қаласының қалыптасуын 1613 жылға емес – ХІІІ ғасырға жатқызуға болады деген пікір қалыптасқан.
«Жайық қалашығы» ескерткішін ұлттық тарих және мәдениет насихатының орталығы жасау мақсатында оның негізінде ашық аспан астындағы «Тарихи-мәдени және табиғи-ландшафты «Жайық қалашығы» мұражай-қорығы» құрылысын салуды қолға алуыңыз біздің көңілімізді көкке жеткізді. Бұған алғысымыз шексіз.
Алайда бүгінгі таңда көне қала тарихы жайында жұртшылық біле бермейді. Сондықтан ел арасында түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізу, іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алған жөн деп есептеймін.
Халық арасында мәдени тынығуға жағдай жасап, мәдени демалыс орындарын насихаттау жұмыстарын жандандырған дұрыс. Сондықта
...
Толығырақ
Орынбасов Айболат 26.08.2013 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Нұрлан Асқарұлы! жақында ғана "Жас Отау" бағдарламасы бойынша пәтерлер бөлінді. Өкінішке орай мен өтпей қалдым. Мен білуімше 48 пәтер саттыққа шығарылған. Осы пәтерлерді облыстық бюджеттен қаржы бөлу арқылы жас отбасыларға беру мүмкіндігі болар ма екен?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)