АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 27312
- 27.05.2015
- 27.05.2015
Таурбалина Нұржамал 27.05.2015 Сұрақ нөмірі:
Талдысай ауылы ұзын жолдың бойында жатқан болашағы бар елді мекен. Ауылымыз көркейіп, өркендеп келеді. Заман талабына сай мектебіміз – біздің мақтанышымыз, балаларымыздың жылы ұясы. Көгілдір отын келіп, ауылдастарымыз бір серпіліп қалды. Талдысайлықтар кәсіпкерлікпен де белсенді айналысуда. Ауылға көшіп келушілер де көп, жас мамандар келуде. Ендігі жерде, ауылымызға халықтың рухани қажеттіліктерін өтеуге мәдениет үйінің жаңа ғимараты салынса деген жерлестерімнің тілегін жеткіземін. Қазіргі кезде клубымыз ыңғайластырылған шағын ғимаратта орналасқан. Осы мәселені шешуге қолдау көрсетуіңізді сұраймын.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нағашыбай Әбдірахманов 27.05.2015 Сұрақ нөмірі:
Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округіндегі ауыз су мәселесінің тезірек шешілуіне көмектесуіңізді сұраймыз.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Қызғалдақ Мәдірейім 27.05.2015 Сұрақ нөмірі:
Шалқар қаласында салынып жатырған дене шынықтыру- сауықтыру орталығы (ФОК) қашан қолдануға беріледі?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Табышова Базаргүл Табынбайқызы 27.05.2015 Сұрақ нөмірі:
Бүгінгі таңда Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінде 16 мыңға жуық халық тұрады. Аудан орталығында соңғы 5 жылда жаңадан Қызылжар мөлтек ауданы бой көтерді. Қазіргі таңда осы мөлтек ауданда 230-ға жуық жаңадан үйлер салынып, 880 тұрғыны бар. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының түзелуіне байланысты, ауданымыздағы демографиялық ахуал да жыл санап өсуде. Дегенмен Шұбарқұдық кенті бойынша мыңнан астам бала балабақшаға кезегінде тұр. Әр ата-ана сәбиі дүниеге келгеннен бастап балабақша кезегіне қояды. Әрбір балабақша жылына жоғарғы топ балаларын мектеп алды даярлық тобына жібергенде, шамамен 25-30 бала ғана қабылдайды. Мысалы бір балабақшаның кезегіне 200-ші болып тұрған бала бес жылда 50-ші кезекке жылжыйтын болса, ол кезде бала мектеп алды даярлық тобына баратын жасқа келеді. Осы айтылғандарды саралай келе, сізден Шұбарқұдық кентінде орналасқан Қызылжар мөлтек ауданына жаңадан балабақша салынуына ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Битенбаева Айжан Рахметуллаевна 27.05.2015 Сұрақ нөмірі:
Здравствуйте, Архимед Бегежанович. Прошу Вас обратить внимание на "зелёные лёгкие" города - естественный парк, расположенный вдоль начала ул. Маресьева. Парк замечательный, не "оскопленный" Зеленстроем - и не надо! Через этот парк мы ходим в поликлинику с детьми, идём на остановку, гуляем в нём. Но в глубь заходить опасаемся. Частично его вырубили, построили так называемый Дом инвалидов, дома для бюджетников. Обещания по восполнению вырубленного не выполнили, обещанную детскую площадку для этого района не организовали. Территория огороженная для неё так и стоит за забором, поросшая бурьяном. Через газету "Эврика" обращались по этому поводу, Л.Томчук отвечала, что работы запланированы, средства есть, но ничего сделано так и не было. Хотелось бы, чтоб направили студ. отряд "Жасыл ел" поработать в этом парке, он приносил бы действительно реальную пользу, а не то дёрганье травинок на объездных трассах... Если б этот парк был облагорожен, оформлены дорожки, урны, освещение установлено, скамейки, то люди по-другому бы относились к нему. Не бросали бы мусор, не сжигали сухие ветки... Зелени в городе катастрофически не хватает, помогите сохранить то что есть! Спасибо.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)