ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 12
- 28315
- 22.06.2015
- 22.06.2015
Смайлова Гулнур Мейрхановна 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Об освоении левобережной части г.Кызылорда не раз освещалось на страницах СМИ. Расскажите об этом подробнее.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Рысқали Маханов 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Елбасының ерекше қамқорлығы арқасында Кіші Арал теңізі суының қалаға 17 км жақындағандығын көзіміз көріп отыр. Теңіздегі балық түрлері көбейіп, балықшылар ата кәсібіне қайта оралды. Осыған орай САРАТС жобасының екінші кезеңі бойынша қандай жұмыстар жүргізу жоспарда бар?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жубекешов Мейрам 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба әкім мырза?! Мен жұмыс бабымен бір қаладан екінші қалаға жиі баруыма тура келеді. Уақыт үнемдеу үшін көбіне ұшақпен қатынаймын. Бірақ біздің Қызылорданың әуежайына көңілім толмайды. Өзге облыстарға қарағанда біздің әуежай ғимаратын салыстыруға да келмейді. Жолаушылар үшін жағдай жасалмаған. Бірнеше рейс қатар ұшқанда, күтіп алу-шығарып салу залының тарлығынан тіпті аяқ басар орын болмайды. Жүкті күтіп алудың өзі дұрыс жолға қойылмаған. Осы мәселелер жақын арада өз шешімін табады ма? Жаңа әуежай құрылысы қашан басталады?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)