ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 12
- 28312
- 22.06.2015
- 22.06.2015
Нурекешова Василя Алиакбаровна 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Добрый день, Крымбек Елеуович! Вас беспокоит учитель с 41 летним стажем Нурекешова Василя Алиакбаровна. Уважаемый Крымбек Елеуович вы много уделяете благоустройству города, и сегодня я хотела бы обратиться с просьбой к Вам . Мы жители переулка который испокон веков не видел асфальта, каждую весну зиму и осень мы утопаем по колено в грязи. Имя нашему переулку КАЗАХСТАН, что находится недалеко от Спорт школы. Вот такое громкое имя и плачевное состояние дороги. Крымбек Елеуович недалеко от нас идет капитальный ремонт ул Торайгырова , пожалуйста дайте распоряжение и избавьте нас от многовековой муки. Заранее спасибо.
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Абдраймова Жамила Мусахметовна 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе, құрметті Қырымбек мырза! Менің сұрағым медицина саласына қатысты еді. Алдымен Елбасына және Сізге алғысымды айтқым келеді, ана мен бала денсаулығына қамқор болып, Қызылордадан заманауи ана мен бала орталығын ашып бергендеріңізге. Және де Сізге бір өтінішім бар еді. Экологиялық ахуалға байланысты мен сияқты көптеген қыз-келіншектер бала сүйе алмай жүр. Алматы, Астанаға барып емделуге қалтамыз көтермейді. Квотамен бару үшін тіркелген адамдар саны көп, ал жолдамалар жеткіліксіз. Сондықтан квоталар саны мүмкіндігінше ұлғайтылса екен деймін.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Сереев Серик Таяубаевич 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Здравствуйте, Крымбек Елеуович. Хотелось бы узнать - решается ли в области вопрос о строительстве МПЗ (мусороперерабатывающий завод). Если нет подвижки в этом вопросе -что для этого надо, пути решения. Ведь вопросы зеленой технологии, разработка альтернативных источников энергии в настоящее время очень актуальны, тем более приближается год проведения в Казахстане "ЭКСПО-17".
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Тоғызбаева Лаура 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Қызылордада талай жылдан бері жыр болып келген шыны зауыты салынатындығы сөз етілген болатын. Бұған дейін де шыны зауыты салынатындығы айтылып, тұсаукесер рәсімдері өткізілді. Осы жоба тағы да аяқсыз қалмайды ма? Және шыны зауытына жұмысқа қалай қабылдамақсыздар?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Нұралы Оспанов 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Арал ауданының тұрғынымын. Биыл Қамбаш көлі жанындағы ескі киіз үйлер алынып, олардың орнына жақсы демалыс орындары салынып жатырғанын көріп, қуанып жатырмыз. Қазір Қамбаш көліне жан-жақтан адамдар келіп, тынығуда. Лагерь жанынан пансионат ашылды. Ауылымыздың болашағы зор. Жалпы Қамбашта демалыс аймағы ретінде тағы да қандай жобаларды іске асыру жоспарыңызда бар?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)