ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 12
- 28313
- 22.06.2015
- 22.06.2015
Таутенов Ердос 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Жас отбасыларға жыл сайын тұрғын үйлер беріліп жатыр. Мен де жас отбасы ретінде тұрғын үйді ала аламын ба? Биыл жас отбасыларға қанша пәтер беру жоспарлануда?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Сыздыков Зулпахыр Заманович 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Ассалаумағалейкум Қырымбек Елеуұлы! Мен көзімді ашқалы мал шаруашылығымен айналысып жүрген, сонымен күн көріп жүрген шаруамын. Асылтұқымды мал бағып, көбейтумен айналысамын. Енді ет пен сүт өнімдерін экспортқа шығарайық десек, оған қол байлау болып отыр. Жақында бір сұхбатыңыздан оқып едім, буферлік аймақтан шығару үшін жұмыстар жасап жатырмыз деген. Сол жұмыстар жақын арада аяқталады ма? Және тағы бір сұрағым бар еді. Мал азығын сатып алу шаруалар үшін үлкен шығын, бағасы да шарықтап тұр. Мал азығымен қамтамасыз етуде жеңілдіктер қарастырылады ма? Осы жағынан көмек болады ма екен.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Абдигаппарова Айгерім 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Қырымбек Елеуұлы! Мен екі баланың анасымын. Алла қаласа, үшінші баламды күтудеміз. Осыған дейін екі баламды балабақшаға беруде біраз қиындықтар болған еді. Балабақшаға кезекке тұрғандар саны жылдан-жылға артып отыр. Бірақ қазір жаңалықтардан күнде бір балабақша ашылып жатырғанын көреміз. Балабақшаға кезекке тұру мәселесі қалай болып жатырғанын білгім келеді.
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Таутенов Ердос Ибадуллаевич 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Қазіргі таңда Шалқияда кен-байыту фабрикасында жөндеу, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын көріп жатырмыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шалқия-цинк өз жұмысын бастап, кейін тоқтап қалып еді. Осы фабрикада соның кебін киіп, жабылып қалмайды ма деп қорқамыз. Осы өндіріс орнының болашағы туралы айтып өтсеңіз. Осы кен орнына жергілікті тұрғындардың жұмысқа тұруына мүмкіндік бар ма?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Мынбаева Аида 22.06.2015 Сұрақ нөмірі:
Қызылорда облысының мұнайы да сарқылып, азая бастағаны белгілі. Мұнай таусылған соң облыстың жағдайы нашарлап қалмайды ма? Облыс экономикасын дамыту бағытында қандай шаралар атқарылуда?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)