Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Білім және ғылым министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы

2009 жылғы қыркүйектің 3-і күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 14914
  • 03.09.2009
  • 03.09.2009

Үмітхан Оспанова 03.09.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Саламатсызба Жансейіт Түймебаев мырза! Былтырғы оқу жылынан бастап, өзіңізге және үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырзаға бірнеше рет хат жолдаған болатынбыз. Ол хатта Шымкент қаласы №66 «Қазығұрт» орта мектебінде әр оқушыдан ремонтқа 500 теңгеден және ҰБТ-ға дайындыққа 3 000 теңгеден ақша жиналып жатқандығы айтылған. Сіздер «Оны тексердік, ондай жағдай орын алмаған» - деп жауап қайтардыңыздар. Алайда, артынша мамыр айында облыс прокурорының көмекшісі Ж. Алиханова ханым осы мектептің мұғалімі Төлегенова Светлана мен мектеп директоры Төлендиев Ержан екеуін заңсыз дайындық курсын өткізіп отырған жерінен ұстап, оқушылардан «ҰБТ-ға дайындаймыз»-деп ай сайын әр оқушыдан 3 000 теңгеден ақша жинағандығын және бұл дайындық курсы мектепте емес Төлегенова Светлананың үйінде болатынын, ол жерде балаларға ешқандай жағдай жасалмағандығын, өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық талаптардың сақталмағандығын және салықтан жалтарып, оқушылардан ақша жинап, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан деген айыптар тағып, «үш әкімшілік жауапқа тартылады»-деген қорытынды сөзін теледидардан көріп («Айғақ» телеарнасынан), есітіп ақиқаттың бар екендігіне көз жеткізгендей болдық. Алайда, бұл сеніміміз ақталмады, жауапқа тартылмақ түгілі Төлегенова Светлана кешегі жаңа 2009-2010 оқу жылынан бастап, директордың орынбасары қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, бала ұрумен аты шыққан сауатсыз мұғалім Ауғанбаев Мұрат та осындай қызметке ие болды. Бұл бала директор Төлендиев Ержанның ағай ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Нұркен Тоқаев 03.09.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Ассалаумағалейкум Жансейіт аға! Мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалаы саясатын құптаймын. Және "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып келеді. Сол себепті сізге алғыс айтамын. Жансейіт аға менің сізбен тікелей жүздескім келеді. Сіз біздің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде оқығаныңызды білемін. Себебі, мен де қазір сол факультеттің 4-курсында оқимын. Алла разы болсын!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)