Ашық түрде жариялануы қажет мектеп қызметі туралы мәліметтер
«Ашық деректер» порталында тұрғындар ашық қолжетімді түрде көргісі келетін мектептердің қызметімен байланысты деректер бойынша ұсыныстарды жинау (мысалы, ҰБТ орташа балы, мектеп бюджеті, жалпы қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстарға қатысу нәтижелері және т.б.).
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 1290
- 04.11.2019, 09:30
- 08.11.2019, 16:00
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Оразымбет Ғалымжан 08.11.2019, 13:27 Сұрақ нөмірі: 8823
Әлеуметтік желі қолданушысы, мектеп мұғалімінің өтінішімен қойылған сұрақ: Мектептерде кең жолақты интернет неге жоқ? Ол қашан болады? Ол туралы да ақпарат жарияланса. Жарияланған болса, қай жерден көруге болатынын айтсаңыздар. Ал болмаса, бұл бағытта, яғни мектептерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жоспары бар ма? Болса, онымен қай жерден танысуға болады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Оразымбет Ғалымжан 08.11.2019, 13:04 Сұрақ нөмірі: 8822
Ата-аналар үшін балаларының қандай жағдайда білім алып жатқаны, мектебінің қаншалықты қамтылғаны жайлы ақпаратты біліп отыру да аса маңызды. Сондықтан, әр мектеп өзінің жиһазбен, канцелярия заттарымен, спорт жабдықтарымен, санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілу жағдайы бойынша да толық мәліметті жариялап отыруы керек. Мәселен, біздің мектептің спорт жабдығына сұранысы мына көлемде, қамтылу деңгейі мына көлемде, қазіргі бар спорт жабдығының жағдайы (ескі, жаңа, қанағаттанарлық) мына күйде. Санитарлық-гигиеналық заттарға сұранысы, қамтылуы, қазіргі жағдайы. Техникалық қамтылуы (компьютер, сканер, басқа да оргтехника), жиһаз, кабинеттердің жабдықталуы және т.б. туралы тоқсан немесе жарты жыл сайын бір аралық және жыл соңында жылдық есеп жариялап отыруы керек. Мектептің барлық материалдық жағдайына тұрақты инвентаризация керек. Сол кезде мектептерді қамтамасыз ету, қаржыландыру мәселесі бойынша нақты шараларды жоспарлауға мүмкіндік болады.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Оразымбет Ғалымжан 08.11.2019 Сұрақ нөмірі: 8821
Жауабыңызға рахмет! Иә, мектептердің бюджеті бойынша сауалымда барлық шығындардың ішінде оқушыларды тамақтандыру бойынша да шығындар жариялануын көргім келген. Осы шығындарды барлық аймақ, бір аймақтың ішіндегі әр мектеп жеке жарияласа, салыстырып, толық ақпарат алуға жақсы мүмкіндік болар еді. Тағы бір мәселе, мектептердің шығындарын жариялағанда көбіне басқа да шығындар деп жалпылама жариялай салады. Осыны тарқатып, нақты жариялануын көргіміз келеді.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Оразымбет Ғалымжан 07.11.2019, 13:04 Сұрақ нөмірі: 8802
Қайырлы күн! Орта мектептердің бюджетін ашық жариялау мәселесі өте өзекті. Ол бірнеше криетрийге сай болуы маңызды: 1. Толық - мектептердің бюджет ақпараты толық болуы керек. 2. Уақтылы - қаржы есебі айлық, тоқсандық, жылдық үогіде жарияланып отырса. Айлық есеп өткен ай аяқталғаннан кейін 3 немесе 5 күнтізбелік күн ішінде, тоқсандық - тоқсан аяқталған соң 3 немесе 5 күнтізбелік күн ішінде, жылдық - жыл аяқталған соң 10 күнтізбелік күн ішінде жариялануы тиіс дегендей нақты шарттар енгізілуі керек. 3. Түсінікті. Көбіне қаржы есебі түсініксіз, ауыр тілде, тек кесте түрінде жарияланады. Оны қарапайым адам түсініп, меңгеруі қиын. Сондықтан, негізі есеппен бірге қарапайым азаматтарға түсінікті, инфографикамен, басқа да тәсілдермен берілген үлгісі болуы керек. Рахмет!
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)