Қайтарылған активтерді электрондық сауда-саттық арқылы қалай сатып алуға болады?
Интернет-конференция барысында мемлекетке қайтарылған активтерді электрондық аукциондар арқылы сату тәртібі, сауда-саттыққа қатысу шарттары және оны сатып алу рәсімдері қарастырылады. Қатысушылар сатылымға шығарылған активтердің тізімімен қайдан танысуға болатынын, аукционға қатысуға өтінімді қалай беру керектігін біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 1
- 24.11.2026, 11:00
Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және сату
Интернет-конференция аясында мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және сату, олардың сақталуын қамтамасыз ету, электрондық сауда-саттық өткізу, сондай-ақ активтерді сату мен басқарудан түскен қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аудару мәселелері қарастырылады. Қатысушылар «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің заңнамада белгіленген құзыреті шеңберіндегі қызметіне қатысты сұрақтарын қоя алады.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 210
- 18.09.2026, 11:00


