Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі туындаған кезде, оның ішінде асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қосымша деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге құқық қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемге құқық туындаған айдың алдындағы соңғы 24 айда Қорға түскен әлеуметтік аударымдарға, жүйеге қатысу өтіліне, кірісті ауыстыру коэффиценті мен асырауындағылар санына байланысты. 2023 жылдың 10 айында 62 мыңнан аса асыраушысынан айырылған отбасы жалпы сомасы 21,6 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 126
  • 16.11.2023, 17:00

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі туындаған кезде, оның ішінде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қосымша деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге құқық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген айдың алдындағы соңғы 24 айда Қорға түскен әлеуметтік аударымдарға, жүйеге қатысу өтіліне және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне байланысты. Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 құрайды. 2023 жылғы 1-жартыжылдығында 92 мыңнан аса адам еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына жалпы сомасы 17,7 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 64
  • 14.08.2023, 17:00

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі туындаған кезде, оның ішінде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қосымша деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемге құқық мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап туындайды. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері жұмыссыз ретiнде тiркелген айдың алдындағы соңғы 24 айда Қорға түскен әлеуметтік аударымдарға және жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Табысты ауыстыру коэффициенті 45% құрайды. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейінгі кезеңге тағайындалады. 2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 63 мыңнан аса адам жұмысынан айырылу жағдайына жалпы сомасы 9,1 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 148
  • 17.05.2023, 17:00

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдауға әлеуметтік төлем тағайындау

Міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты кірісінен айырылу, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларына әлеуметтік төлемдерді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға, ал ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болғандарға асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді төлеуді жүзеге асырады. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемге (бұдан әрі – ӘТжб) құқық жүктiлiк және босану бойынша демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап туындайды. Бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемге (бұдан әрі – ӘТбк) құқық баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуде құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік айларда (осы кезеңде ӘА-да үзілістер болғанына қарамастан): - ӘТжб үшін төлемге құқық туындаған айдың алдындағы соңғы 12 ай үшін; - ӘТбк үшін төлемге құқық туындаған айдың алдындағы соңғы 24 айда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріс ескеріледі.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 229
  • 17.02.2023, 17:00

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі туындаған кезде, оның ішінде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді екінші деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қорға соңғы 24 айда түскен әлеуметтік аударымдарға, азаматтың жүйеге қатысу өтіліне және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР Заңында белгіленген табысты алмастыру коэффициентіне байланысты. 2022 жылдың 9 айында 79 мыңнан аса адам жұмысынан айырылу жағдайына жалпы сомасы 12,8 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 478
  • 14.10.2022, 17:00