Электрондық сауда тауарлары туралы: интернет-сатып алуларды кедендік әкімшілендірудің жаңа тәсілдері
Жеке тұлғалардың шетелдік маркетплейстерден халықаралық пошта жөнелтілімдері немесе тасымалдаушылар арқылы жеткізілетін интернет-сатып алуларына қатысты кеден заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілуде: мұндай тауарлар «жеке пайдалануға арналған тауарлар» санатынан жаңа санатқа – «электрондық сауда тауарлары» санатына ауыстырылады; электрондық сауда операторы институтын енгізуді; кедендік декларацияның жаңа түрін – «электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны» қолдануды; жаңа баж – «электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж» енгізу, ол үшін Еуразиялық экономикалық комиссия бірыңғай мөлшерін белгіледі; кеден қоймасының кедендік рәсімін пайдалана отырып, оператордың қоймасынан жеке тұлғаларға тауарларды өткізуді қамтиды.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 3
- 08.10.2026, 15:00

- 2
- 29.07.2026, 15:00
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мына тұлғалар (СЕН 250.00) ұсынады: 1) Шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері, оның ішінде: - жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер учаскелері; - шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі; - шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалай қаражат, егер олардың жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен асатын болса (2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге, 1000 × 4 325 = 4 325 000 теңге); - инвестициялық алтын; - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу құқығы; - эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары; - шетелдік брокерлік шоттардағы ақшалай қаражат; - зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері; - жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы дебиторлық және/немесе кредиторлық берешегі, сондай-ақ басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (растаушы құжаттар қоса беріледі); - бағалау құны болған жағдайда, құны 1000 АЕК-тен асатын өзге де мүлік (тұлғаның қалауы бойынша). 2) Сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары; 3) Банктердің, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін алуға үміткер тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 3
- 14.07.2026, 15:00
Жеке тұлғаның мүліктік табысы, салық салуға жататын түсініктеме
Жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне мыналар жатады (СК 382-б. 1-т.): 1. құн өсімінен алынған кіріс; 2. жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті мүліктік жалға (жалға беру) тапсырудан алған кірісі. Мүліктік кіріс жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жататын кірістерге жатады (СК 405-б. 1-т. 1) тм). Өзі дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны (СК 417-б. 1-т. 3) тм.) тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады (СК 418-б.). Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жататын салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салық төлеуші тарапынан кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он күнтізбелік күннен кешіктірмей тұрғылықты (болу) жері бойынша жүзеге асырылады (СК 419-б. 1-т.). Жеке тұлғаның салық салынатын кірістері жеке табыс салығының ставкалары бойынша салық салынады, мұнда салық салынатын кіріс сомасы (СК 363-б.): - 8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін (қоса алғанда) – 10 % мөлшерлеме бойынша; - 8 500 еселенген АЕК-тен асатын бөлігінде – 8 500 еселенген АЕК мөлшеріндегі кірістен есептелген салық сомасына қоса, асатын сомадан 15 %. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) жасау қағидаларына сәйкес (ҚР ҚМ 2025 жылғы 24 қазандағы № 624 бұйрығымен бекітілген), тұрғын үйді мүліктік жалға беруден алынған кіріс В бөлімі «Мүліктік кіріс» бөлімінде көрсетіледі.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 314
- 16.06.2026, 15:00
«Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (300.00 нысаны) алдын ала толтыру» сервисін жетілдіру
Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) декларацияны ұсыну кезінде оны толтыру сапасын арттыру және қателер санын азайтуға бағытталған сервисті жетілдіру мақсатында
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 87
- 20.05.2026, 15:00