Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі туындаған кезде, оның ішінде еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді екінші деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері азаматтың жүйеге қатысу өтіліне және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңымен белгіленген табысты алмастыру коэффициентіне байланысты болады. 2021 жылы 95 мыңға жуық адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша жалпы сомасы 26,9 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды. Жалпы сомасы 17,7 млрд.теңгеге 57 мыңнан аса отбасына асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер төленді.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 357
  • 14.07.2022, 17:00