- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
Магулов Жасыбай
- Сәрпеков Р.Қ.
- 13.06.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 236
- № 623100
Сарпеков Р.К. Уважаемый Сарпеков Р.К.! Обращаются к вам жители домов по ул БОКЕЙХАНА 21 /1 БОКЕЙХАНА 21 / 2 БОКЕЙХАНА 21 / 3 Мы заселились в наши дома в декабре месяце В домах не было установленных счетчики затем они тянули с радиомодулям ( на воду ) ( и даже до сих пор нету ради ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемые жители домов по ул. Бокейхана 21/1, Бокейхана 21/2, Бокейхана 21/3! Рассмотрев ваше обращение, сообщаем следующее. В соответствии с подпунктом 42) пункта 14 Приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 января 2019 года № 55, Республиканское государственное учреждение «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» (далее – РГУ «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства) является ведомством Министерства индустрии и инфраструктурного развития РК, основной задачей которого является реализация государственной политики в области архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений, коммунального хозяйства и обращения с коммунальными отходами (за исключением твердых бытовых отходов), водоснабжения и водоотведения, теплоснабжения (кроме теплоэлектроцентралей и котельных, осуществляющих производство тепловой энергии в зоне централизованного теплоснабжения) в пределах населенных пунктов, а также в сфере долевого участия в жилищном строительстве. В этой связи, для разрешения Вашего вопроса рекомендуем обратиться в РГУ «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства». Обращаем Ваше внимание, что в силу пункта 4 статьи 60 Закона Республики Казахстан «О правовых актах», данное разъяснение носит рекомендательный характер. Р. Сарпеков
Сәрпеков Р.Қ. 16.06.2020, 06:55Искандаров Ершат
- Сәрпеков Р.Қ.
- 13.05.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 337
- № 615819
ҚР Бас Прокурорына жазған аызымды файлға жүктедім ашып оқысаңыз екен. Сол арызда көрсетілген мәселе бойынша сізден көмек сұрап отырмын. Менің Әділет Департаментінде тіркелген Адам құқықтарын қорғау ЖШС мекемем бар. Біздің мекеме жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаумен ай ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Ершат Искандаров! Сіздің өтінішіңізді қарап, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» қолданыстағы жарғысына сәйкес үшінші тұлғаларға түсініктеме бермейді. Осы мәселе бойынша, Сізге Түркістан қалалық прокуратурасына немесе Түркістан облыстық прокуратурсына жүгінуіңізді ұсынамыз. Бас прокуратураның негізгі міндеттері: заңда белгіленген шекте: адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді; заң бұзушылықты, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жоюды; құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді; заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады (2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 4-бабы). «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес бұл жауап сипаттамалық болып табылатынына назарыңызды аударамыз. Р. Сәрпеков
Сәрпеков Р.Қ. 19.05.2020, 03:30Жаналин Хамзат
- Сәрпеков Р.Қ.
- 17.03.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Мәдениет, ақпарат және экология ·
- 375
- № 600905
Кредит алу үшін "Бастау-бизнес" сертификатын не үшін сұрайды? Не үшін сүрап отырмын- себебі кредит алу үшін осы сертификатты күткеніме 6 ай болды. Осыдан кейін қалай дамимыз? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Жаналин Хамзат! Сіздің өтінішінізді қарап, келесіні хабарлаймыз. «Бизнес-бастау» сертификатын сұрауына қатысты: «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті немесе кооперацияны дамыту жөніндегі жобаны іске асыруға қатысатын адамдар кредиттер/микрокредиттер алу үшін басым құқыққа ие болады («Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысының 5.2.2 т.). «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификатың беру мерзімі бойынша: «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша «Еңбек» бағдарламасының орындалуы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелеген («Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысының 5.2. т). Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің уәкілетті органына жүгінуді ұсынамыз. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60 – бабының 4 – тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.
Сәрпеков Р.Қ. 19.03.2020, 03:54Мухаметкалиева Ельмира
- Сәрпеков Р.Қ.
- 09.03.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Ғылым ·
- 377
- № 599438
Здравствуйте, уважаемый, Рамазан Кумарбекович! Я, Мухаметкалиева Е.М. являюсь докторантом Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан. Занимаюсь исследовательской работой на тему «Общественное участие в нормотворческой деятельности органов государстве ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Мухаметкалиева Ельмира! Рассмотрев Ваше обращение, сообщаем следующее. БД «Zan» является коммерческим проектом РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан. Функционал, позволяющий в БД «Zan» написать комментарии на любой абзац НПА предназначен только для собственных целей пользователя и отображается в его личном кабинете. Учитывая вышесказанное, статистика БД «Zan» не используется для принятия каких-либо мер в отношении НПА (принятия в работу для последующего внесения соответствующих поправок/ предоставления разъяснения/ и так далее). Благодарим за проявленный интерес к БД «Zan».
Сәрпеков Р.Қ. 17.03.2020, 05:32Әділханұлы Қуаныш
- Сәрпеков Р.Қ.
- 01.03.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік тілді дамыту ·
- 208
- № 598321
Қайырлы күн! 1-сұрақ. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңың 2-ші және 8-ші баптарында кездесетін: МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР - деген қандай ұйымдар? 2-сұрақ. Оларға: ЖШС, АҚ, Сауда орындары мен үйлер, жеке кәсіпорындар мен жеке мекемелер, заңды ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Әділханұлы Қуаныш! Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты тікелей анықтама жоқ. Алайда, заңнамалық актілерде және ресми құжаттарда мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар деген ұғым жиі кездеседі. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер. Осы Заңның 1-бабына сәйкес: Мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым (15-ші тармақша); Қазыналық кәсіпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым (10-шы тармақша); Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым (37-ші тармақша). Осылайша, мемлекеттік емес ұйымдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, мемлекеттік заңды тұлға болып келмейтін кез-келген ұйымды жатқызуға болады. Азаматтық кодекстің 34-бабына сәйкес заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді. Осы баптың 2, 3- тармақтарына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. Осылайша, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындарға жатпайтын заңды тұлғалар, мемлекеттік ұйым болып табылмайтын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге осы жауап ресми түсіндірме болып келмейтінін хабарлаймыз. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз. Жоғарыда баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің уәкілетті органына жүгінуді ұсынамыз.
Сәрпеков Р.Қ. 16.03.2020, 10:21Әділханұлы Қуаныш
- Сәрпеков Р.Қ.
- 26.02.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 271
- № 597560
Қайырлы күн! ҚР-ның Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі басқармасының 2011 жылдың 29 желтоқсанда № 536 бұйрығымен бекітілген: Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудегі қажетті, нормативті-техникалық және атқарушы құжаттама жиынтығының (құрылыс паспорты), мемле ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Қуаныш Әділханұлы! Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Сіздің мәселеңізді қарастырып, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен бекітілген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қажетті нормативтік-техникалық және атқару құжаттамалар жинағының мемлекеттік тілдегі нұсқасы бойынша ақпараттың жоқ екендігін хабарлайды. Осы мәселе бойынша басқа да сұрақтарыңыз болып жатса, Сізге 119 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметіне хабарласуыңызға болады.
Сәрпеков Р.Қ. 27.02.2020, 05:15Әділханұлы Қуаныш
- Сәрпеков Р.Қ.
- 17.01.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік тілді дамыту ·
- 318
- № 590294
Қайырлы күн! ҚР-ның бекітілген ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫН (ВСН 123-90) қазақ тіліндегі нұсқасын қайдан табуға болады? Егер қазақшасы жоқ болса, бұнымен айналысу қай мемлекеттік мекеменің құзыретінде? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Әділханұлы Қуаныш! Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Комитет) 14-тармақтың 20)-тармақшасына сәйкес Комитеттің негізгі міндеттерінің бірі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің нормативтік-техникалық және әдістемелікпен қамтамасыз ету. Осыған орай, толығырақ мәліметті алу үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жүгінуіңізге болады (www.miid.gov.kz). Р. Сәрпеков
Сәрпеков Р.Қ. 21.01.2020, 10:06Әділханұлы Қуаныш
- Сәрпеков Р.Қ.
- 29.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік тілді дамыту ·
- 236
- № 587652
Қайырлы күн! Еліміздегі жеке және мемлекеттік нотариустар мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге заң бойынша міндетті ме? Нотариус қазақ тілінде қызмет көрсетпген және азамат талап еткен жағдайда қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда азаматтарға не істеу керек? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Әділханұлы Қуаныш! Сіздің өтінішіңіз ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қайта жолданды, өйткені ҚР МСМ Сіз сұрау салып отырған ақпараттың иесі болып келеді,
Сәрпеков Р.Қ. 30.12.2019, 10:25