- Блогтар
- Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директоры
Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директоры
Білімі
Әлібек Мәдібеков А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Л.Н. Гумилев құқықтану мамандығын бітірген.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі – Пенсильвания мемлекеттік университеті, АҚШ, заңгер мамандығы.Кәсіби тәжірибесі
Әлібек Мәдібеков еңбек жолын "Қазақстан студенттер Альянсы" Республикалық студенттік қозғалысында менеджер болып бастады.
2013-2019 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ Заманауи зерттеулер институтында ғылыми қызметкері (2014-2015), мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының оқытушысы (2015-2019) болды.
2019-2021 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша жобалық кеңсенің жетекшісі, «Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі» жобалық кеңсесінің жоба жетекшісі қызметтерін атқарды.
2022-2023 жылдары «ДизайнПроектМонтаж» ЖШС заңгері міндетін атқарған.
2023 жылғы тамыздан 2025 жылғы қарашаға дейін-Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап-Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директоры.


