- Блогтар
- Куанганов Фархад Шаймуратұлы
Куанганов Фархад Шаймуратұлы
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директоры
ДЖЕДЖЕЛАВА ЛЕВАН
- Куанганов Фархад Шаймуратұлы
- 28.02.2025
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 27
- № 765422
Добрый день. Просим сообщить соответствует ли специализация по диплому «Геофизические методы поисков и разведки» (годы обучения 1996 – 2001 гг.) специальности «Геофизические методы поисков и разведки месторождений полезных ископаемых» (код специальности 6M074700). Какой классификатор специальностей, в настоящее время должны использовать кадровые службы в РК, в т.ч. кадровые службы государственных органов, учреждений, при определении квалификационных требований на вакантные должности. ...
ТолығырақЖауаптар
РГП на ПХВ «Национальный центр развития высшего образования» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (далее – Центр) рассмотрев Ваше обращение № 765422 сообщает следующее. Центр осуществляет деятельность в области высшего и послевузовского образования с целью методологического, научно-методического и организационно-технического обеспечения реализации принципов Болонского процесса в Республике Казахстан. С вопросами по действующему классификатору специальностей в Республике Казахстан, соответствия специализации по диплому коду специальности, определения квалификационных требований к должностям рекомендуем обратиться в Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. В случае несогласия с данным ответом, Вы вправе обжаловать его в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.
Куанганов Фархад Шаймуратұлы 07.03.2025, 03:23Абдиев Едиль
- Куанганов Фархад Шаймуратұлы
- 13.02.2025
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 41
- № 765382
Ө Т І Н І Ш Мен, Абдиев Едиль Аймкулович жеке кәсіпкерлігіме қажеттілікке байланысты Ресей федерациясынан берілген дипломның Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші болуы үшін дұрыстығын анықтау мақсатында төмендегі көрсетілген азаматшалардың «аспазшы» біліктілігі білім туралы құжаттарын «Нострификациялау» рәсімінен өткізіп беруіңізді сұраймын. 1. Жумагазиевой Назгул Асылбековна Диплом № 1346 Берілген күні : 30.06.2007 жыл 2. Омаровой Жанар Сандибековна Диплом № 1353 Берілген күні : 30.06.2007 жыл 3.Тасаевой Жадыре Темирбековна Диплом № 1355 Берілген күні : 30.06.2007 жыл Тіркелді: 1. Жумагазиевой Назгул Асылбековна, Омаровой Жанар Сандибековна, Тасаевой Жадыра төрт азаматшалардың электронды нұсқадағы дипломдары мен сенім хаттары . ...
ТолығырақЖауаптар
Е.А. Абдиевке Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы Сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы (егов) арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) жібереді. Сондай-ақ, Қағидалардың 12 тармағына сәйкес, «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» ТМД келісімінің 5-бабына сәйкес, 1992 жылғы 15 мамырға дейін берілген білім туралы құжаттар тану рәсімін өткізбестен танылады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылысыз.
Куанганов Фархад Шаймуратұлы 24.02.2025, 03:03Абдиев Едиль
- Куанганов Фархад Шаймуратұлы
- 13.02.2025
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 41
- № 765381
Ө Т І Н І Ш Мен, Абдиев Едиль Аймкулович жеке кәсіпкерлігіме қажеттілікке байланысты Ресей федерациясынан берілген дипломның Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші болуы үшін дұрыстығын анықтау мақсатында төмендегі көрсетілген азаматшалардың «аспазшы» біліктілігі білім туралы құжаттарын «Нострификациялау» рәсімінен өткізіп беруіңізді сұраймын. 1. Жумагазиевой Назгул Асылбековна Диплом № 1346 Берілген күні : 30.06.2007 жыл 2. Омаровой Жанар Сандибековна Диплом № 1353 Берілген күні : 30.06.2007 жыл 3.Тасаевой Жадыре Темирбековна Диплом № 1355 Берілген күні : 30.06.2007 жыл Тіркелді: 1. Жумагазиевой Назгул Асылбековна, Омаровой Жанар Сандибековна, Тасаевой Жадыра төрт азаматшалардың электронды нұсқадағы дипломдары мен сенім хаттары . ...
ТолығырақЖауаптар
Е.А. Абдиевке Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы Сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы (егов) арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) жібереді. Сондай-ақ, Қағидалардың 12 тармағына сәйкес, «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» ТМД келісімінің 5-бабына сәйкес, 1992 жылғы 15 мамырға дейін берілген білім туралы құжаттар тану рәсімін өткізбестен танылады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылысыз.
Куанганов Фархад Шаймуратұлы 24.02.2025, 03:01Айтбаев Саят
- Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
- 04.12.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Ғылым ·
- 176
- № 765258
Құрметті Әлібек Серғазыұлы, Менің есімім - Елжан Заманбеков, мен Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысымын. Қазіргі уақытта "Қазақстанда отандық ғылымды дамыту мемлекет тарапынан қаншалықты қолдауға ие?" тақырыбындағы зерттеу жұмысымен айналысып жатырмын. Сіздің осы саладағы жетістіктеріңізді ескере отыра, сіздің пікіріңізді өз зерттеу жұмысымның сапасын арттырады деп сенемін. Бос уақытыңыз болса келесі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін: 1. Қазақстан Республикасы ғылыми-инновациялық дамудың қандай кезеңінде тұр? 2. Отандық ғалымдардың жұмысына жеткілікті деңгейде еркіндік пен қолдау көрсетіліп жатыр ма? 3. Ғылымға және өнертабысқа білдірілген қолдаудан мемлекет қандай нәтижелерге жетті және алда не күтіледі? Уақытыңызды бөліп, қарастырғаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін! Құрметпен, Елжан Заманбеков Назарбаев Зияткерлік мектебі, Семей ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Елжан Заманбеков! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-Орталық) сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Орталық Жарғыға сәйкес әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырады. Сіз қойған сұрақтармен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне жүгінуді ұсынамыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағымдануға құқылысыз.
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директордың міндетін атқарушы Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков 13.12.2024, 10:20Билялова Адия
- Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
- 12.11.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 121
- № 765214
Қайырлы күн, Алибек мырза! Мен Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12 сынып оқушысы Билялова Адия Армановна. Қазіргі кезде мен "Қазақстан тарихы" пәнінен "Қазақстандық жоғары білім жаһандану жағдайында бәсекеге қабілітті ме?" деген тақырыпта зерттеу жұмысын жасап жатырмын. Курстық жұмыстың негізі ретінде сұхбат немесе сұрақ қою талабы болғандықтан, өзіңізге осы тақырып төңірегінде сұрақтар қойғым келіп еді. Егер уақытыңыз болса, мына сұрақтарға жауап беруіңізді қалар едім: 1. Әлемдік жетекші университеттермен салыстырғанда қазақстандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігінің ағымдағы деңгейі қандай? 2. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігіне қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді? 3. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін халықаралық аккредиттеудің және әлемдік рейтингтерге қатысудың рөлі қандай? 4. Қазақстандық университеттердің білім беру сапасы мен инфрақұрылымын жақсарту үшін қандай қадамдар жасау қажет? 5. Халықаралық ынтымақтастық пен алмасу бағдарламалары қазақстандық жоғары білім беруді дамытуға қалай ықпал етеді? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Билялова Әдия! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды: 1. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі тұрақты даму көрсетіп, халықаралық аренада өз позициясын нығайтып келеді. Бұл халықаралық стандарттардың белсенді енгізілуімен және әлемдік талаптарға сай келетін білім беру бағдарламаларының санының артуымен расталады. Алайда, жетекші әлемдік университеттер деңгейіне жету үшін ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамыту, халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту және жаһандық ынтымақтастықты кеңейту қажет. 2. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігіне ішкі факторлар, атап айтқанда білім беру бағдарламаларының сапасы, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейі, инфрақұрылымның заманауилығы мен түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы әсер етеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштерге халықаралық рейтингтердегі орындары, шетелдік университеттермен ынтымақтастық, білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі және жаһандық еңбек нарығындағы өзгерістер секілді сыртқы факторлар да ықпал етеді. 3. Халықаралық аккредитация және әлемдік рейтингтерге қатысу қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Аккредитация білім сапасын растап, шетелдік студенттерді тартуға және халықаралық серіктестікті кеңейтуге ықпал етеді. Рейтингтерге қатысу университеттердің беделін арттырып, білім беру қызметін жақсартуға ынталандырады. Қазақстанда ACQUIN, IQAA, IAAR, CAAAE, FIBAA, ASIIN, ARQA, ABET, MusiQue, ECAQA, НКЦА және ACBSP сынды 12 танылған аккредитациялық орган жұмыс істейді, бұл жоғары білім беру жүйесіндегі сапаны реттеу мен бақылаудың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. 4. Қазақстандық университеттердің білім беру сапасы мен инфрақұрылымын жақсарту үшін заманауи зертханалар мен оқу жабдықтарын енгізу, профессорлық-оқытушылық құрамды халықаралық деңгейде біліктілікті арттыру бағдарламаларына тарту, инновациялық және пәнаралық зерттеулерге инвестиция салу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы жағдай жасау (жатақханалар, кітапханалар, цифрлық ресурстар) қажет. 5. Халықаралық ынтымақтастық пен алмасу бағдарламалары қазақстандық жоғары білім беруді дамытуға үлкен үлес қосады. Олар академиялық ұтқырлықты арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, білім сапасын жақсартады, мәдени әртүрлілікті арттырады және қазақстандық университеттердің халықаралық мойындалуына ықпал етеді. Мысалы, 2024 жылы 4416 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әлемнің 53 елінде білім алды. Солардың ішінде Германия, Польша, Түркия, Франция және Италия секілді Еуропа елдері ең танымал бағыттар болды.
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директордың міндетін атқарушы Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков 25.11.2024, 12:39Мисирова Мадина
- Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
- 24.10.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 219
- № 765200
Здравствуйте, Я учитель математики ош N8 города Туркестан. Работаю учителем с 2004 года. В 2017 году окончила двухгодичную магистратуру в Региональном социально-инновационном университете по специальности 6М060100-математика. С 2019 года получаю доплату за степень магистра педагогических наук. С сентября текущего года с меня хотят снять эту доплату мотивируя тем, что во время обучения Я работала на полной ставке. И хотят взыскать с меня оплату за прошедшие два месяца, что я уже получила. Правомерны ли действия администрации школы? ...
ТолығырақЖауаптар
РГП на ПХВ «Национальный Центр развития высшего образования» МНВО РК (далее – Центр), рассмотрев Ваше обращение сообщает следующее. Согласно Приказу Председателя Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан от 22 декабря 2021 года № 837 предметом деятельности Центра является осуществление деятельности в области высшего и послевузовского образования. Целью деятельности Центра является методологическое, научно-методическое и организационно-техническое (экспертное) обеспечение реализации принципов Болонского процесса в Республики Казахстан. Вопрос исчисления заработной платы педагогов государственных организаций регулируется Приказом Министра образования и науки Республики Казахстан «Об утверждении Правил исчисления заработной платы педагогов государственных организаций» от 11 мая 2020 года № 191. В соответствии с подпунктом 151) пункта 15 Постановления Правительства Республики Казахстан «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан» от 19 августа 2022 года № 581 одной из функций Министерства просвещения РК является утверждение вышеуказанных правил. Исходя из изложенного, сообщаем, что у Центра отсутствуют компетенции в вопросах исчисления заработной платы педагогов государственных организаций, в связи с этим, рекомендуется обратиться к соответствующим уполномоченным государственным органам. Необходимо отметить, что данный ответ не является актом официального разъяснения нормативных правовых актов в порядке, предусмотренном Главой 13 Закона Республики Казахстан «О правовых актах».
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директордың міндетін атқарушы Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков 28.10.2024, 03:41Садуахова Зинеш
- Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков
- 20.09.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 172
- № 765140
Сәлеметсізбе!Менің қызым мектеп окиды.Орамалмен сабаққа барып журген. Алайда, мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" №26 бйрығының 13.тармағында Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды-делінген деп орамалды шеш деп жатыр. Бұл жерде нақты орамалды шешу деген сөз жоқ.Қызым орамал тақпасын деген заңды тауып беруіңізді сұраймын ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Садуахова Зинеш! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-Орталық) сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Орталық Жарғыға сәйкес әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырады. Орталықтың құзыретіне бастауыш білім, негізгі орта білім мәселелерін қарастыру кірмейді. Сіздің өтінішіңізді Оқу-ағарту министрлігіне жолдауыңызды ұсынамыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағымдануға құқылысыз.
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директордың міндетін атқарушы Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков 27.09.2024, 09:40Қожабаева Жеткерген
- Мақаш Е.Н.
- 05.09.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 181
- № 765133
Құрметті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаевич! Сізге әуе қорғанысы саласындағы аға офицердің педагог жұбайы ретінде өтінішімді жазып отырмын. Мұғалімдік қызмет жасау үшін алты жылымды (4 жыл-бакалавр, 2 жыл–магистратура) оқуға арнадым. Мемлекет алдында үш жылдық қызмет ету (отработка) міндетім бар. Жолдасымның жұмысы төрт жылда үш қалаға ауысты, соның салдарынан тұрақты жұмысымнан шығуыма тура келді. Қостанай, Қарағанды қалаларында мұғалімдік жұмысыма орналаса алмадым, санатсыз (тек педагог санаты) мұғалім деп көп жерде жұмысқа алмайды. «Мектеп атестациядан өтеді, бізге санаты бар (модератор, эксперт) мұғалімдер ғана керек»-, деп кесіп айтады. 3 жыл жүмыс таппай жүрдім, физика-математика пәні мұғалімімін. Санат алу үшін бір мектепте кемінде екі жыл жұмыс жасап, үшінші жылды да сол мектепте жалғастыру керек екен. Мен сияқты ауысып, көшіп жүретіндерді көпшілігі жұмысқа алмайды. Менің өтінішім, әскери қызметкерлердің жолдастарына педагогтерді атестаттауда жеңілдік қарастырсаңыз деймін. Бұрынғы жұмыс орнымыздағы еңбек өтілімізді ескерсе екен деймін, тек бір мектептегі жұмыс өтілі емес. Педагог санаты бар мен үшін ауысқан сайын тест тапсыру (педагог санаты 1 жылға ғана жарамды) және санатсыз мұғалім болып жүру үлкен күйзеліс. Қазіргі таңда 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Арқалық қаласында негізгі орта мектепте жұмыс жасаймын, осы жылдың (27.08.2024) тамыз айында педагог білімін бағалау тестінен 37 баллмен модератор санатына тесттен өттім. Алайда, еңбек өтілім осы мектепте екі жылға толмауына байланысты еңбегім еш кетті. Жолдасым бір әскери бөлімде 2-3 жыл қызмет етіп басқа әскери бөлімге ауысады. Санатсыз ұстаз ретінде қазіргі таңда 12 сағат жүктемемен жүрмін. Менің барлық еңбегім кеткен мектебімде қалып, санатсыз мұғалім болып әр ауысқан сайын жұмыс іздеумен өтеме?! Жолдасым осы жылы капитан шеңін алса, тағы басқа қала, ауданға ауыстырады. Өтініп сұрайтыным, педагогтарды атестаттау жүйесінде әскери қызметкерлердің әйелдерінің жұмыс өтілін бір мектепте кем дегенде екі жыл жұмыс жасау керек міндетінен алып тастауыңызды және жұмысқа орналасуда жеңілдіктерді қарастыруыңызды сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Қожабаева Жеткерген! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-Орталық) сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Орталық Жарғыға сәйкес әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырады. Орталықтың құзыретіне педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы мәселесін қарастыру кірмейді. Сіздің өтінішіңізді Оқу-ағарту министрлігіне жолдауыңызды ұсынамыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағымдануға құқылысыз.
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, директордың міндетін атқарушы Әлібек Серғазыұлы Мәдібеков 13.09.2024, 10:18Налибаева Акнур
- Мақаш Е.Н.
- 28.06.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 218
- № 765078
ҚР Ғылым және жоғары білім министріне САЯСАТ НҰРБЕК мырзаға ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Налибаева Акнур! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Орталық) Жарғыға сәйкес әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырады. Орталық жоғары оқу орындарына оқуға түсу және білім гранттарын бөлу мәселелерімен айналыспайды. Сұрауыңызды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдауыңызды ұсынамыз.
Мақаш Е.Н. 01.07.2024, 03:37Танирбергенов Нурбек
- Мақаш Е.Н.
- 29.05.2024
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 136
- № 765013
Құрметті Гани Бектаевич Мен, Танирбергенов Нурбек Ельбаевич 050116 - «География» бойынша бакалавр және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 6M050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі білім бар. Қазіргі таңда 2021 жылдан бастап Ақтөбе облысының Алға ауданы «Маржанбұлақ балалар аула клубы» қосымша білім беру мекемесінде директор және Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінде қоса атқарушы ретінде география пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келемін. Осы аталған екі лауазымыма 6M050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дипломым сәйкес қосымша еңбекақы төлеуге жата ма? Егер, қосымша еңбекақы төленетін болған жағдайда 2021 жылдан бастап төленбеген уақытқа есептелмеген ақыны өндіріп алуы ма негіз бар ма? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Танирбергенов Нурбек Ельбаевич! «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-Орталық) Жарғыға сәйкес әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырады. Сіздің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министріне жазған өтінішіңіз біздің Орталыққа қате жіберілген. Сіздің өтінішіңізді Оқу-ағарту министрлігіне жолдауыңызды ұсынамыз.
Мақаш Е.Н. 06.06.2024, 04:25