- Блогтар
- Утельбаева Ш.А.
Утельбаева Ш.А.
«Қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы
Утельбаева Ш.А.
«Қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы
1977 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген.
1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
2002 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 1999-2001 жылдары Жамбыл облыстық әскери комиссариаты құпия бөлімінің құпия хат- хабарларындағы іс жүргізуші.
- 2001-2002 жылдары Оңтүстік әскери округі қолбасшысы басқармасының жеке күзет және техникалық қызмет көрсету ротасының электронды есептеуіш машиналарының операторы, 03858 ә/б / (әскери атағы: кіші сержант).
- 2002-2004 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бас маманы.
- 2004-2005 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті Табиғи және мемлекеттік монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау басқармасының бастығы.
- 2008-2009 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және сот ісін жүргізу департаментінің Бақылау, әкімшілік практика және сот ісін жүргізу бөлімінің бастығы.
- 2009-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі басқармасының бастығы.
- 2010-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті инвестициялық жобалар басқармасының бастығы.
- 2010-2017 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ вице-президенті.
- 2021-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМК вице-президенті.
- 2022-2024 жылдары «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Президенті.
- 2025 жылғы шілдеден бастап «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.


