- Блогтар
- Ыбрайымов А.І.
Ыбрайымов А.І.
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Блоктағы жеке парақшамда сіздермен қауышқаныма қуаныштымын!
"Қаржы орталығы" АҚ мынадай бағыттар бойынша қызметін жүзеге асырады:
- бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттерді қайтару;
- білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беру;
- жас мамандар мен философия докторанттарының (PhD) жұмысты өтеуіне бақылау жүргізу);
- білім беру депозиттері бойынша сыйлықақы беру;
- жан басына шаққандағы қаржыландыруды сүйемелдеу;
- студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
Бұл жерде сіздер осы көрсетілген бағыттар бойынша пікір қалдырып, ұсыныстарыңызбен бөлісе аласыздар.
Ынтымақтастығымыз қызықты, әрі пайдалы болады деп сенемін!