- Блогтар
- Ыбрайымов А.І.
Ыбрайымов А.І.
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті
Ганиев Нармурад
- Ыбрайымов А.І.
- 12.05.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 69
- № 764134
Ибраимов Аскар Изимбаевич, ассалямуалейкум! Резидент офтальмолог Ганиев Нармурад Валиханович. Резидентураға 2020ж (карантин), интернатурадан кейін түстік, Астана Медицина Университеті (АМУ), Астана қаласы әкімдігінің гранты бойынша сол жылы 300 студент оқуға түсті. 2022ж наурызда, оқудың 2 жылы, қалалық емханаға жұмысқа тұрған соң, Қаржы орталығынан (ҚО) 7 жыл оқуды өтеу жөнінде хат алдым. Хат мазмұны: мен, ауыл, не аудандық жерге жұмысқа орналасуым керек немесе 7 жыл оқудың ақысын төлеуім керек болды. Резидентура оқып жүріп, аулдық жерден жұмысқа тұру физикалы мүмкін емес болды. Қазір де мүмкін емес, оқу күндізгі болу себепті. Не үшін оқуға түсер кезде ескертілмеді, неге ведомство аралық интеграция болмады? Неге 2020 жылы, резидентура гранттарының 70-75% үш жақты келісім бойынша, және солай бола тура неге ҚО қазіргі таңда санаулы студенттерден қаржыны өтеуді сұрап отыр? Қалған студенттер, бүкіл ел бойынша, ешқайсысында резидентура кезінде жұмыс орны болған жоқ, бізден ерекше ештеңе жоқ. Неге бізден ғана сұралып отыр? Сізден өтініш, 7 жылдық оқудың өтеуін, резидентура аяқтап диплом алған соң, жалғастыруға рұқсат беруіңізді өтінемін, Рахмет ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті, Ганиев Нармурад Валиханович, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Сіздің 12.05.2023 жылғы № 764134 сауалыңызға жауап ретінде мынаны хабарлайды. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 8-тармағының 3) тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін қабылдау квотасы (бұдан әрі – ауыл квотасы) көзделеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген. Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 05.08.2013 жылғы №317 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ауыл квотасы бойынша оқуға мемлекеттік гранттың иегері атанып, Қарағанды медициналық университетінің 24.08.2013 жылғы №631 бұйрығымен аталған Университет студенттерінің қатарына қабылдандыңыз. Сонымен қатар Қарағанды медициналық университетінің 17.08.2018 жылғы №841 және Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 14.08.2018 жылғы № СБ-621 бұйрықтарымен Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне ауысқан болатынсыз. Оқу кезеңінде Сізді оқыту үшін республикалық бюджеттен ЖОО-лардың есепшотына 4 228 625 теңге аударылды. Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді. Осы ретте, Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 01.07.2020 жылғы № СБ-694 бұйрығына сәйкес Сіз 2020 жылы ЖОО-да оқуыңызды аяқтап, 29.05.2020 жылғы №16-07/530 кепілдеме хаттың негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №1 хаттамасымен жас маман ретінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Қызылқоға аудандық ауруханаға жолдамамен жұмысқа жіберілдіңіз. Қағидалардың 13-тармағында Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген, ағымдағы жылы оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келуге тиісті екендігі белгіленген, яғни Сіз, Ганиев Нармурад Валиханович 2020 жылғы 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келуге міндетті болатынсыз. Алайда жұмыс орнынан ұсынылған анықтаманың негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №2 қосымша хаттамасымен Сіз Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаров ауылындағы Осакаров орталық аудандық ауруханаға қайта бөлініп, жұмысқа жіберілдіңіз. Сіз ұсынған еңбек кітапшаңыздағы жазбаларға және Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес Сіз аталған ауруханада 2020 жылғы 10 тамыздан бастап 2020 жылғы 12 қазанға дейін ғана жұмыс істегенсіз. Сіздің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмысты өтеу мерзіміңіз 2023 жылғы 1 қыркүйекте аяқталуы тиіс еді. Заңда жас маман жұмыспен өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін оны оқытуға бюджет қаражаты есебінен шыққан шығындарды өтеуге міндетті болатыны көзделген (47-баптың 17-4-т.). Осылайша Сіз тиісті 36 айдың 3 айын ғана ауылдық жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымында жұмыспен өтеп, қазіргі таңда Заңмен белгіленген жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттеріңіз орындалмады. ҚР АК-ның 272, 273 -баптарына сәйкес мiндеттеме мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуы тиiс, мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 489 бұйрығының және Заңның 47-бабының 17-тармағының 6-бөлігінің негізінде Қоғам білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылады және жас мамандар мен философия докторларының (РhD) жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және бақылауды қамтамасыз етеді. Осыған орай жас мамандарды бөлу және жолдамамен жұмысқа жіберу Қоғамның құзыретіне жатпайды. Сіз өз сауалыңызда 2020 жылы жергілікті грант бойынша резидентураға түскеніңізді хабарлайсыз. Қағидалардың 31-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға немесе докторантураға түспеген адамдар қайта бөлінуге тиіс. Қағидалардың 3-тарауының 34-тармағына сәйкес жас мамандарды жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен белгілі бір санаттағы жас мамандарға, соның ішінде одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға беріледі. Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген адамдарды қайта бөлу жөніндегі материалдарды ЖЖБҰ және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бөлу жөніндегі комиссиялары қайта бөлу туралы хаттамалық шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жібереді. Осыған орай қазіргі уақытқа дейін «Қаржы орталығы» АҚ-ның атына Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бөлу жөніндегі комиссиясынан Ганиев Нармурад Валихановичті резидентураға оқуға түсуіне байланысты Заңда көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату туралы хаттама ұсынылмады. Сонымен қатар сауалыңызға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізіндегі ауыл квотасы бойынша оқудың өтеуін резидентураны бітірген соң жалғастыру үшін жұмыспен өтеу міндетіңізді кейінге қалдыруды сұрайсыз. Алайда Қағидалардың 19-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмысты өтеу жөніндегі міндетті кейінге қалдыру тек бір ғана жағдайда – мерзімді әскери қызметке түскен немесе шақырылған кезде қызмет өткеру уақыты жұмыспен өтеу мерзіміне есепке жатқызылмай, қызмет өткеру уақытына кейінге қалдыру беріледі. Сондықтан Қоғам қазіргі уақытта жұмысты өтеу міндеттерін орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішіңізді қанағаттандыра алмайды. Сондай-ақ сауалда оқу бітіргеннен кейін ауылдық жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымында жұмысты өтеу міндеті туралы хабардар болмағаныңыз жөнінде айтар болсақ, жас маманның ауылдық жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымында жұмысты өтеу міндеті ЖОО-мен жасалған Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың 2-тарауының 2.3-тармақшасының 2.3.6-тармақшасында көзделген. Шарт бойынша аталған міндетті орындамағаны үшін жас маман оны оқытуға жұмсалған республикалық бюджет шығыстарын өтеуге міндетті (Шарттың 4-тарауының 4.3-тармақшасы). Дегенмен Сізге Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бөлу жөніндегі комиссиясына тиісті құжаттарыңызды ұсына отырып, резидентурада оқуыңызға байланысты жұмыспен өтеу міндетіңізден босату туралы өтінішпен жүгінуге болады. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бөлу жөніндегі комиссиясынан Сізді мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ауыл квотасы бойынша жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттеріңізден босату туралы шешімін Қоғамға уақтылы ұсынған жағдайда Қоғам Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотына берген Қоғамның сізден мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу шығыстарын өндіру туралы талап арызын қараусыз қалдыру туралы арыз беруі мүмкін.
Ыбрайымов А.І. 07.06.2023, 11:29Никитенко Александр
- Ыбрайымов А.І.
- 07.12.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 164
- № 655878/1
Добрый день Вопрос по образовательному депозиту AQYL. Подскажите, если мой ребенок поступит на бесплатное обучение (на бюджет) в российский ВУЗ, смогу ли я забрать сумму депозита вместе с премией государства? Или премию государства необходимо будет вернуть? -- С уважением, Алекса ...
ТолығырақЖауаптар
АО «Финансовый центр» в ответ на Ваш запрос сообщает следующее. Согласно пункту 2 статьи 11 Закона РК от 14 января 2013 года «О Государственной образовательной накопительной системе» в случае присуждения вкладчику образовательного гранта вкладчик либо в порядке и случаях, установленных гражданским законодательством Республики Казахстан, его законный представитель вправе получить средства образовательного накопительного вклада с капитализированным вознаграждением банка-участника и начисленной премией государства. Вместе с тем, в соответствии с пунктом 10 статьи 1 Закона РК от 27 июля 2007 года «Об образовании» образовательный грант – целевая сумма денег, предоставляемая обучающемуся на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан, для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени «бакалавр» или «магистр». Дополнительно сообщаем, что ежегодно в СМИ размещается список обладателей образовательных грантов. Необходимо отметить, что в данном списке числятся студенты, поступившие в вузы, находящиеся на территории Республики Казахстан. Учитывая изложенное, при расторжении договора премия государства подлежит возврату.
Ыбрайымов А.І. 21.12.2020, 04:13Тургалиев Алим
- Ыбрайымов А.І.
- 24.09.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 190
- № 643594
Здравствуйте уважаемый Аскар Изимбаевич, у меня такой вопрос – имею ли я право после обучения в резидентуре по государственному образовательному гранту, отрабатывать в ГКП на ПХВ находящимся в доверительном управлении у ТОО? ...
ТолығырақЖауаптар
АО «Финансовый центр», рассмотрев Ваше электронное обращение от 24 сентября 2020 года, в пределах своей компетенции сообщает следующее. Согласно п. 17 ст. 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании» (далее – Закон) граждане Республики Казахстан, поступившие на медицинские специальности на основе государственного образовательного заказа, обязаны отработать в государственных организациях здравоохранения, не менее трех лет после окончания организации высшего и (или) послевузовского образования. За неисполнение данной обязанности, молодые специалисты обязаны возместить расходы, понесенные за счет бюджетных средств, в связи с их обучением (п. 17-4 ст. 47 Закон). Согласно подпункту 43) пункта 1 статьи 1 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» организация здравоохранения – юридическое лицо, осуществляющее деятельность в области здравоохранения. Подпунктом 14) статьи 1 Закона Республики Казахстан «О государственном имуществе» установлено, что государственные юридические лица – государственные предприятия и государственные учреждения. Согласно вышеуказанному пункту Закона не предусмотрены основания для трудоустройства выпускников, завершивших обучение по медицинским специальностям, в частных учреждениях. Таким образом, осуществление трудовой деятельности граждан, поступивших на обучение по медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, в организациях, не являющихся государственными предприятиями или государственными учреждениями, не подлежит зачету в срок отработки. Дополнительно поясняем, что настоящий ответ не имеет обязательной юридической силы, не носит рекомендательный характер и не является официальным разъяснением законодательства.
Ыбрайымов А.І. 05.10.2020, 10:19ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ "ZHULDYZ TV MEDIA (ЖУЛДЫЗ ТВ МЕДИА)"
- Ыбрайымов А.І.
- 06.05.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Мәдениет, ақпарат және экология ·
- 297
- № 614097
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Ыбрайымов А.І. мырзаға «Dombyra» Ұлттық телеарнасының басшысы Ержігітов Қанат Құдайбергенұлынан: Құрметті Ыбрайымов мырза! Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеу – мемлекеттің ақпараттық саясатының басты бағыттарының бірі. Ұлт жанашы ...
ТолығырақЖауаптар
«Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «www.egov.kz» порталындағы Қоғамның президенті А. И. Ибраимовтың блогына келіп түскен ағымдағы жылғы 6 мамырдағы №614097 өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғам квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде шығыс операцияларын жүргізу кезінде Қоғамның директорлар кеңесі жыл сайын бекітетін даму жоспарын басшылыққа алады. Бекітілген Қоғамның 2020 жылға арналған даму жоспарында қайырымдылықпен, оның ішінде демеушілік көмек көрсетумен байланысты шығыстар көзделмеген. Сондықтан, ағымдағы жылы "Dombyra" телеарнасына қаржылық қолдау көрсету мүмкін емес.
Ыбрайымов А.І. 19.05.2020, 05:17