- Блогтар
- Шер Р.П.
Шер Р.П.
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»директоры
Шер Р.П.
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»директоры
1952 жылы туылған, ұлты кәріс, білімі жоғары, 1973 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын және 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 46 жыл.
Өзінің еңбек қызметін Аламаты қаласы № 254 бала-бақшаның тәрбиешісі болып бастады. Алматы облысы Бозжанов атындағы орта мектепте неміс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
Көптеген жылдар бойы Раиса Петровна Алматы облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында шет тілдер кабинетінің әдістемелік жұмысын жүргізіп, білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік жұмысын дамытуға және жетілдіруге үлкен үлес қосты.
1988 жылдан 1992 жылға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының мектептерін инспекциялау, Алматы қаласы № 6 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 1992 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданының аудандық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.
1994 жылы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
1996-1999 жылдары Р.П. Шер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Заң шығару қызметімен айналыса отырып, Раиса Петровна Шер білім беру мәселелеріне, мектептерді, балабақшаларды дамыту мәселелерін шешуге, жетім балаларға көмек көрсетуге көп көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесіне қайтып оралғаннан кейін Раиса Петровна тәрбие жұмысы және интернаттық мекемелер, мемлекеттік бағдарламалар мен ақпараттық-талдау жұмыстарын жүзеге асыру, жалпы орта білім департаментінің тиісті бөлімдерінің бастығы ретінде қосымша білім берудің нормативтік және бағдарламалық-әдістемелік базасын қалыптастыру мәселелерімен айналысуды жалғастырды.
2006 жылдың басында балалар құқықтары жөніндегі жаңа мемлекеттік орган құру кезінде Раиса Петровна басшылық құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары ретінде кіруге сенім білдірілді.
2009 жылдың қараша айынан бастап Р.П. Шер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Осы салыстырмалы аз уақыт ішінде балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін құрды.
Р.П. Шер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы және ратификациялауы туралы» және т. б. ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуге белсенді және тікелей қатысты.
Р.П. Шердің басшылығымен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне қатысты 27-ден астам қаулы әзірленіп, бекітілді.
2006 жылдан бастап Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде баяндамаларды қорғау, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Факультативтік хаттаманы сақтау бойынша Қазақстан делегацияларының мүшесі болды.
«SOS Қазақстан Балалар ауылы» балалар ауылының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Көп жылдар бойы «SOS Қазақстан Балалар ауылы» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды.
Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығын басқарады және ҚР Білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.
Адал еңбегі үшін марапатталды:
1998 ж. - «Астана» медалі;
2001 ж. - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
2005 ж. - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі;
2005 ж. - «Ерен еңбегі үшін» медалі;
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің үздігі» төс белгісі;
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің құрметті қызметкері» төс белгісі;
Ы. Алтынсарин атындағы төс белгі;
2008 ж. - «Астананың 10 жылдығы» медалі;
2011 ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
2011 ж. - «Құрмет» ордені;
2017 ж. – «Халық сүйіктісі – 2017» ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік мұғалімі» номинациясы бойынша жеңімпазы.
Р.П. Шер - ерекше ұйымдастырушылық қабілеті бар бастамашыл және шығармашыл басшы. Терең кәсіби білімі мен тәжірибесі бар, қойылған міндеттерді жедел және сапалы шеше алады.
Р.П. Шердің мінезіне алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылық, міндеттерді шешу құралдары мен жолдарын таңдауындағы жан-жақты ойланған және оңтайлы тәсілді таңдау, жоғары жауапкершілік және талапшылдық сезімі тән. Аппараттық жұмыс дағдыларын жақсы меңгерген, тәжірибелі тәлімгер.