- Блогтар
- Шер Р.П.
Шер Р.П.
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»директоры
Бекишев Турар
- Шер Р.П.
- 27.11.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 131
- № 764731
Қайырлы күн! Менің өтінішім тіл мәселесі! Біз аудандық білім бөліміне қарасты, ауылдық елді мекенде орналасқан қосымша білім беру мекемесіміз. Мемлекеттік тіл қазақ тілі, алайда аудандық білім бөлімінен тапсырмалар келіп түссе көбіненсе орыс тілінде келеді. Себебі ауданға тапсырмалар облыстан солай орыс тілінде келгендіктен аудан бізден де сол орыс тілінде талап етеді. Немесе өздерінің жіберген үлгілері орыс тілінде болады. Сондықтан бізге жоғарыдан келетін тапсырмаларды орындау қиынға соғады, себебі біз кәсіби орыс тілі маманы емеспіз! Осыған орай, Сіздің тарапыңыздан Жамбыл облыстық білім басқармасына және қосымша білім беру мекемелерінің жоғары тұрған органдарына қазақ тілді мекемеге қазақша үлгідегі тапсырма беру немесе сұрау салуды тапсыруға ықпал ете аласыз ба!? (Орысша тілдегі тапсырмалар мен сұрау, мәліметтерді орыс тілді мекемелерге берсе екен деймін) ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Тұрар! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы хаттар мен оларға қосымшаларды мемлекеттік тілде жіберуге қатысты келесіні хабарлайды. Сіздің ескертуіңіз назарға алынды, әрі қарай барлық хаттар мен оларға қосымшалар міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберілетін болады.
Шер Р.П. 28.11.2023, 05:09Бекишев Турар
- Шер Р.П.
- 08.11.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 109
- № 764688
Қайырлы күн! Қазіргі таңда барлық мемлекеттік қызмет және өзге де салалар 5 (бес) күндік жұмыс режиміне көшкен. Осыған орай, біздің, яғни, Қосымша білім беру (ұйымдары) кәсіпорындар 5 (бес) күндің жұмыс режиміне көшеді ма, әлде 6 (алты) күндік жұмыс режимінде қала береді ма? ...
ТолығырақЖауаптар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібіне қатысты келесіні хабарлайды. Қосымша білім беру ұйымдары барлық типтегі және үлгідегі білім беру ұйымдарына жатады және олардың қызметі қолданыстағы заңнамаға және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Әрбір ұйым оқу процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржылық, шаруашылық және басқа да қызметте дербес болып табылады (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы). Сабақ кестесін оқушылардың жас ерекшеліктерін және ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, ұйым әкімшілігі құрастырады және бекітеді. Ұйымның жұмыс уақыты әрбір педагогтің сабақ кестесін ескере отырып белгіленеді. Қолданыстағы заңнама мектептен тыс ұйымдардың бүкіл күнтізбелік жыл бойы жұмыс істеуіне байланысты әрбір педагог үшін жеке демалыс күндерін қоса алғанда, икемді жұмыс кестесін белгілеуге тыйым салмайды. Осыған байланысты педагогикалық кеңес ұйымның жұмыс уақыты мен демалыс күндерінің кестесін талқылауы қажет.
Шер Р.П. 13.11.2023, 08:56Бөксенова Құралай
- Шер Р.П.
- 14.09.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 132
- № 764538
Жалпы орта білім беретін мектепте қосымша білім беру педагогы болып істейтін педагогтерге магистрлік дәрежесі болған жағдайда үстемеақы беріледі ме? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Құралай! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы магистр академиялық дәрежесі үшін ақы төлеуге қатысты қосымша білім беру педагогтеріне мынаны хабарлайды. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы Мемлекеттік орта білім беру ұйымында, сондай-ақ негізгі жұмыс орны бойынша әдістемелік орталықта кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогке төленеді. Осыған байланысты, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағының нормасы қосымша білім беру педагогтеріне қолданылмайды. Директор Р. Шер
Шер Р.П. 18.09.2023, 09:43Карагулова Индира
- Шер Р.П.
- 05.08.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 87
- № 764433
Саламатсызба. сізге сурагым жолдасым басшы болып жумыс жасап журип қосымша білім беру бойынша басшылыкка тесттен өтти. мемлекеттик беру ұйымына биринши басшысына умиткер деген лауазыммен откен ол енди басшылыкка жарайма кайта конкурс жариялаган жағдайда не болмаса уйымдастырушы басшы деген сертификаты болу керекпе. негізі маган ешкайда жазба деген бирак мен билгим келеди казир танда уйымдастырушы басшы деген сертификаты болмаса директорлык жумысын жалғастыра алмайма. юстадиге киргенде билим беру уйымына басшылыкка тагайындау деген тур ...
ТолығырақЖауаптар
№ 764433, Карагулова Индира, 891223450488 Құрметті Индира! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – орталық) білім беру ұйымының, оның ішінде қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымында жұмыс жасау тәртібіне қатысты мынаны хабарлайды. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату рәсімі ҚР БҒМ 2012.02.21 № 57 бұйрығымен бекітілген. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiндегi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысы лауазымын атқару жұмыс берушiнiң шешiмiне сәйкес тағайындау тәртiбiмен не конкурс бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағымен («Мемлекеттік қызметке қабылдау тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады»). Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады. Конкурс бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын қабылдау үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау адамның тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады (біліктілік талаптары ҚР БҒМ 20009.07.13. № 338 бұйрығының 6-тарауының 1-параграфында жазылған). Сонымен қатар, кандидат Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 03.08 2022 жылғы № 348 «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС бекіту туралы», 31.08. 2022 жылғы № 385 «мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарын білуге сертификаттаудан өтуі тиіс. Сертификаттаудан өткені туралы Сертификат сертификаттаудан өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды. Байқау қорытындысы бойынша бірінші басшы лауазымға бес жыл мерзімге тағайындалатынына назар аударған жөн. Бес жылдық мерзім өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен жасалған еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабы 2-тармақшасының негізінде бұзылады. Еңбек шартын бұзу туралы хабарламаның болмауы еңбек шартын мерзімсіз мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымын бір білім беру ұйымында бес жыл немесе он жылдан астам екі мерзім атқарған адам осы білім беру ұйымында бірінші басшының бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатыса алмайды. Егер елді мекенде тиісті үлгідегі және түрдегі бір ғана білім беру ұйымы болса, осы лауазымдағы осы білім беру ұйымының бірінші басшысының келісімімен 7 (жеті) жыл және одан да көп жыл білім беру ұйымына ауыстыру тәртібімен басқа елді мекенге тағайындалады. Қосымша білім беру ұйымының бірінші басшысына, сондай-ақ басқа ұйымдардың бірінші басшыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітілген ротация жүргізу қағидалары 2021 жылғы 11.11 № 559 бұйрығымен қолданылады. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының бір білім беру ұйымында қайта ұйымдастырылуына (бірігуіне, бөлінуіне, қайта құрылуына), білім беру ұйымының атауын өзгертуіне, сондай-ақ осы білім беру ұйымына басшы лауазымына жұмыстан босатылу және оралу кезеңіне қарамастан 7 (жеті) жыл жалпы өтілі бар бірінші басшылар ротациялауға жатады. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен жасалған еңбек шартында аттестаттаудан, ротациядан өту шарттары мен тәртібі, сондай-ақ еңбек қатынастарын орындау кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы қол жеткізуге тиіс қызметтің негізгі көрсеткіштері көзделеді. 7 (жеті) жыл өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмыс берушінің актісімен жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген комиссия шешім шығарғанға дейін білім беру ұйымының бірінші басшысының міндетін атқарушы тағайындайды және функцияларын орындайды. Білім беру ұйымының бірінші басшысы ротациядан бас тартқан жағдайда еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49 бабы 7 тармақшасының негізінде бұзылуға жатады. Қосымша хабарлаймыз, ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. № 83 «аттестаттаудан өту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары өтеді: атқаратын лауазымына сәйкестігін растау үшін «білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. ҰБТ білім беру ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ оларға қатысты білім бөлімдері мемлекеттік басқару органы болып табылатын қосымша білім беруді аттестаттауды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері жүргізеді. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) біліктілікті бағалау; 2) аттестаттау кезеңіндегі динамикадағы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жалпылау; 3) білімді бағалау және эссе жазу; 4) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу. Білім беру ұйымдарының басшылары кезекті аттестаттау кезінде заңнаманы білуге тест тапсырады (алпыс тест тапсырмасы): Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - он тест тапсырмасы; Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс-он тест тапсырмасы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – он тест тапсырмасы; Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы – он тест тапсырмасы; Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңы – он тест тапсырмасы; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы - он тест тапсырмасы. Тестілеу аяқталғаннан кейін білім беру ұйымының басшысы кезекті аттестаттау кезінде эссе жазады. Заңнаманы түсіндіруді тиісті нормативтік актіні әзірлеуші болып табылатын уәкілетті орган береді. Орталық ұсынған түсініктемелер ұсынымдық сипатта болады. Осыған байланысты ҚР Білім министрлігінен немесе тұрғылықты жер бойынша білім басқармасынан түсініктеме алу құқығыңыз бар. Директор Р. Шер
Шер Р.П. 17.08.2023, 11:55