• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Садыр Анар
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 08.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 60
  • № 730075

ШКОЛА ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Анар! Министерство образования и науки Республики Казахстан касательно Вашего обращения по вопросу получения адресной социальной помощи сообщает следующее. В соответствии с Положением о Министерстве труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее - Министерство), утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81, к задаче Министерства относится формирование и реализация государственной политики, осуществление межотраслевой координации и государственное управление в областях социального обеспечения, в том числе пенсионного обеспечения и обязательного социального страхования, социальной защиты инвалидов, социальной поддержки семей с детьми, социальной помощи отдельным категориям граждан, предоставления специальных социальных услуг. В этой связи, для решения данного вопроса Вам необходимо обратиться по компетенции в соответствующий государственный орган, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

Аймағамбетов А.Қ. 05.04.2022, 05:39
Табылдин Турлан
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 08.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 105
  • № 730069

Құрметті, Асхат Қанатұлы! Мен, Табылдин Тұрлан Жалғасбайұлы Ақтөбе қаласынанмын. Сізге екінші рет жеке блогыңызға (бірінші өтінішіме жауап болмады) өтініш жолдап отырмын. Менің қызым Табылдина Асел Тұрланқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің вокал мұғалімі, солисті мамандықтары бойынша 2021 жылы 28 мамырда оқу орнын жақсы бітіріп шықты. Арман қуып Алматы қаласына жұмыс іздеп еңбек жолын бастағысы келіп барды. Содан бері 10 ай өтті ,әлі жұмыс таба алмай жүр. Музыкальный школа мен музыкальный колледждердің табалдырығын тоздырды. Ешқайсысы жұмысқа қабылдамады, стажың жоқ деп сылтау айтып шығарып салады. Секретарьлық жұмысты ұсынады, сонда мен қызымды 8 жыл (4жыл муз.колледжде, 4 жыл университетте) босқа оқытқаным ба? Оқу бітіріп келген жас мамандарда қайдағы стаж болуы мүмкін? Президентіміз Қ. К. Тоқаевтың жас мамандарға қолдау көрсетіп жұмысқа орналастыру жөнінде қойған тапсырмасы бар емес па? Асхат Қанатұлы, Сізден менің қызымды Алматы қаласындағы музыкальный колледждерге немесе музыкальная школаларға жұмысқа өз мамандығы (вокал мұғалімі) бойынша орналасуына көмек беруіңізді өтінемін. Оң шешімі болады деген үмітпен өтініш білдіруші Табылдин Тұрлан Жалгасбайұлы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Тұрлан Жалғасбайұлы! Музыкалық мектептер, колледждер және ЖОО-лар ҚР Мәдниет және спорт министрлігі құзыретіне жатады. Жұмыспен қамтамасыз ету бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады.

Аймағамбетов А.Қ. 09.03.2022, 11:12
Қошқар Айкерім
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 07.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 62
  • № 730012

Сәлеметсіз бе?Мен Қошқар Айкерім Таяубайқызы,2021 жылы Әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің грантын бітірдім. Диплом бойынша мамандығым 5В060600-химия бакалавры.Білгім келгені осы мамандықпен ауыл мектебінде химия пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасай аламын ба? ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Айкерім! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында (2018 жылғы 13 қазандағы № 569 ҚР БҒМ бұйрығы) 5В060600 «Химия» білім беру бағдарламасы «Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытына жатады. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3-тарау 6-параграф 58) тармақшасына) барлық мамандықтардың пән мұғалімдері жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де тиісті бейін бойынша кәсіптік білімі бар немесе жұмыс өтілін қажет етпейтін педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе жұмыс өтілін қажет етпейтін тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңында (2019 ж. 27 желтоқсандағы № 293-VІ, 10-бабында) педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді. Педагогикалық кадрларды қайта даярлау курстары күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі. Сыныптауышқа сәйкес «Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар жоғары оқу орындарының базасында қайта даярлау курстарынан өтуге болады. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, қандай да бір лауазымға үміткер білімінің сәйкестігі туралы соңғы шешімді жұмыс беруші өзі анықтайтынын хабарлаймыз.

Аймағамбетов А.Қ. 29.03.2022, 11:25
Искандаров Ершат
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 06.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 53
  • № 730001

Құрметті Білім және Ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов мырза. Біздің "Адам құқықтарын қорғау" ұйымына Алматы Облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Зейнел мария есімді азаматша шағымданды. Зейнел Марияның арызы төмендегі мазмұнда. Менiң арыздану себебім, Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданы Әймен орта мектебінiң директоры М. Р. Жайлыбайдың өзiме көрсеткен қысымынан кейін, осы төмендегідей жайттарды ашық арызданып айтуымды жөн деп бiлдiм. Фейсбукқа жарияланған әрбір жазбаларымды өшiртiп, үйiме кешiрiм сұратып адамдарды жiберуiн тоқтатпады. Мен Зейнел Мария қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін (декреттiк демалысқа кеткенше) больничныйдан көз ашпадым. Оған себеп, осы мектеп директорының әрекеттерi болатын. Мен осы мектепте педагог ұйымдастырушы болып жұмыс жасағаныма 3 жылдай уақыт болды. Менiң орным керек болды ма, бiлмеймiн демалысқа кеткенше менiң намысыма тиетiн сөздер айтып жұмыс жасауыма кедергі келтiре берді. Бiрнеше рет түсiк тастау қауіпiмен мектептен жедел жәрдем көлiгi алып кеткен болатын. Осындай жағдайда мектепте маған араша түсер бiр адам табылмады. Қарапайым адам шындықты қанша шырылдап жазғанмен, қолында құрығы бар басшылар кез келген оқиғаны шытырман жасап, өз сценарийлерін жазады екен.Кеше ғана орын алған жаңа стильдегі Аяз Атаның оқиғасы басқа қырынан көріліп, ондай сюрприздердің болуы өрескел жағдай емес, керісінше неге оған мектеп басшысы жауап беруі керек деп , оң шешімін тапты.Өз еркімен өтінішін жазып, жұмыстан кеткен М.Жайлыбайды қалай келісім комиссиясы қайта қарайды. Соның орнында мұғалім болса, қаралар ма еді?Мектепте болып жатқан жайттарға басшы жауап бермесе, онда балалардың өмірі мен тәрбиесін кімнен сұраймыз? Сол 28.12.2021 жылы "Мұғалімге сыйлық жасаудың жаңа үлгісі" ретінде ұйымдастырылған тосын сый үшін кезекші әкімшілік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Панова жауап беруі керек болған. Бірақ Ж. Панова тағы да директормен бірлесіп, басқа да әкімшілік мүшелерімен бірге, өз еркімен басқа мектепке ауысып кеткен кітапханашы Г.Османованы сол күні кезекші болған, сол үшін тәртіптік жаза алды деп, жыл басынан бергі құжаттарды (кезекші кестесін,кезекші журналын) өшіріп, қайта жасаған. Енді, түк болмағандай тап таза болып, басшысын жақтап жазбағанда не істейді? Мектеп директоры өзiне ыңғайлы барлық жағдай жасап алғаны соншалық, Панова Жаңылды профком сайлап алған еді. Оның үстіне арнаулы орта білім дипломымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып отыр! Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Аллажаровтың жалғыз бас- көз болып атқарып отырған қызметінің бірі- эл.күнделік. Бірақ аталған мектептің әкімшілігі электронды журналды уақытылы толтырғанды былай қойып, жыл басынан КТЖ енгізілмеген, күнделікті қойылатын формативті бағалаулары жоқ, тоқсан соңындағы БЖБ, ТЖБ алынбастан қорытынды ғана қоя салған. Атап айтар болсам, бұл көріністі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Нұрдаулет байқауға болады. Бұл жайтты бүкіл әкімшілік, мектеп мұғалімдері біледі. Бірақ, ешкім ештеңе айта алмайды, тәртіптік шара да көрілмейді. Мектеп әкімшілігі өз жұмыстарын тиянақты, жауапкершілікпен атқарса мұндай жағдайлар болмас та еді. Окушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында берiлетiн таңдау пәндерін дене шыныктыру, музыка өнер үйренуге бермей, 8 сағат үйiрме сағатын М. Жайлыбай өзi алып отыр. Осы күнге дейін дау басталғаннан кейін 3-4 сабақ қана өтiлдi. Есесіне оқушылар Көктөбе елді мекенiнде ашылған "Жас арман" өнер орталығында домбыра, қазақша күрес үйiрмелерiне таксимен қатынап барып келiп жүр. Түске қарай жұмысқа келіп, түс ауа кете бастайтын әкімшілік мүшелеріне бұлай жұмыс жасау кестесі ыңғайлы. Қайдағы тәрбие? Қайдағы білім? Өз сабақтарын өтпек түгілі, журналдарын уақытылы толтыруға қолдары тимейді. Әркім өз кабинетінде отырып сауда- саттығын жүргізуден босамайды. Дәлелдері(төмендегі суреттерден көресіз). Әлеуметтік желіде комментарийді жазып отырған қамқоршылық кеңесінің төрайымы М.Хамитова да жасы 70- тен асса да , әрең жүріп, ауылды аралап директордың қалуына ықпал жасап қол жинады. Себебі, әкімшілікте ол кісінің де туған келіні А.Нақысбекова отыр. Келесі комментарийдің иесі сюрприз жасаушы ата аналардың бірі. Сол сыныпта оқитын 25 ата- ананың ұйымдастыруымен жасалған сыйлық иелері тек түсініктемемен ғана шектелді. Әрине, сол себепті жан- жаққа жүгіреді. Бұндай ата- аналар еш жазасыз қала беретін болса, әлі де талай масқара дүниелер орын алар. Мектеп директоры М. Р. Жайлыбай өз қол астындағы ұстаздарды жеке меншiгi санап алғаны соншалық, бөлек банкет, туған күн қыдырыстарға барған ұстаздардың соңына түсiп, сабақтарына қатысып түрлi қысым көрсетіп келді. Өте білікті, жұмысына жауапты басшы болса, мектеп ішінде болып жатқан жайттарды елден естіп емес, керісінше болдырмаудың алдын алар еді. Өз ұжымын алалап, “жақсы “ және “сасықтар” деп жіктемес бұрын біліктілік тестісінен өтіп, өз білімін шыңдап жаңа форматта жұмыс жүргізер ма еді? Тестке барып, өз біліктілігі мен білімділігін дәлелдей алмаған кезеңдері: 2018жыл тамыз айы 2019 жыл маусым айы 2020 жыл қыркүйек айы 2021 жыл қараша айы Сырты бүтін, іші түтін аядай мектептің қыр сырын білу үшін , қаржы полициясы керек! Өткенде АББ басшысының алдында менi балағаттағанымен қоймай: - Сасықтармен жұмыс жасамаймын! Ер азаматпын! Екі қолға- бір күрек табылар, мына мұғалімім жұмыста қалсын,- деген Жайлыбай неге ойын өзгертіп, келісім комиссиясына жүгінді екен? “Ер жігіттің екі сөйлегені, өлгені” деген мақал қалай дөп айтылған. Сағат бөлу кезiнде де кемшіліктерi болды. 4 сыныптың өзiн қалаймақан жасап екі ұстазға бөлiп беруi дұрыс емес деп есептеймін. "Күлтөбенiң басында күнде жиын" демекші, сағаттап жасаған жиналысы және сағаттап iшетiн таңғы, кешкі астары ешқашан таусылмайтын. Қарапайым мұғалімдi шырылдатқан басқару мен басшылықты басқа қырынан пайдаланған бұрынғы мектеп директорының қайтадан орнына келуіне қарсылығымды бiлдiре отырып, жоғарыда айтылған мәселелер бойынша қатаң қадағалау мен тиiстi шаралар қолдануларыңызды сұраймын. Құрметті Асхат Айғамағамбетов мырза. Бұл не деген масқара? Осы мәселені Министрлік тарапынан қадағалауға алып, мектеп директорының арызда көрсетілген заңсыз іс әрекеттері дәлелденген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға ықпал етуіңізді сұраймын. Хатқа жауапты iskandarersat@gmail.com электрондық мекен жайына жолдауыңызды сұраймыз. "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының директоры Ершат Искандаров БИН 151240008798 Телефон 87058540422 ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Ершат! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің өтінішіңізді тиістілігіне қарай қарастыру және өтініш иесіне жауап беру үшін жолдайды. Екінші мекенжайға мәлімет үшін Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолдады.

Аймағамбетов А.Қ. 29.03.2022, 05:05
Төлеева Ақнұр
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 05.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 72
  • № 729907

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті қызметкерлерінің қателіктерніе арыз ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Ақнұр! Қазақстан Республикасның Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022 ж. 14 наурыздағы № 94 «2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы» бұйрығына сәйкес Найзаева Айгерім Ұлықбекқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиқалық университетіне «В018-Шет тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша грант иегері атанды.

Аймағамбетов А.Қ. 24.03.2022, 10:55
Смагулова Дана
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 05.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 102
  • № 729901

Құрметті, Асхат Қанатұлы! Мен Смагулова Дана Сериккановна «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімімін. Қазіргі таңда 9 жыл стажы бар, біліктілігі 1-санаттағы педагог-сарапшы мұғаліммін. 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ «Педагог мәртебесі» туралы ҚР Заңынын 8-бабы, 5-пунктіне сәйкес маған ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы төленіп отырған жоқ. Бұл төленуге тиісті қаржыны осы заң шыққалы мүлдем алмадым. Алматы облысы Алакөл ауданы білім бөлімінің бухгалтері менің магистр дипломым қосымша ақы алуға сәйкес емес дейді. Менің оқыған оқу орындарым: - 2004-2008 жылдар аралығында іштей бөлімде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Механика» мамандығында оқыдым, осы мамандық бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алдым. - 2010-2012 жылдар аралығында іштей бөлімде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Механика» мамандығының магистратурасында оқыдым, «Механика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алдым. - 2014-2016 жылдар аралығында сырттай бөлімде оқып, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Математика» мамандығының бакалавр дәрежесін алдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Механика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесімен берілген магистр дипломын 2012 жылдың 1-шілдеде ЖООК-М №0020368 нөмірімен алдым. Кәсіптік практиканы екі бағытта, педагикалық және зерттеу бағыттары бойынша өттім. Коды PSY 5143 «Жоғарғы мектептегі оқытудың психологиялық және педагогикалық технологиялары» пәнін оқып, емтихан тапсырдым. Менің магиcтр дипломым, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ «Педагог мәртебесі» туралы ҚР Заңынын 8-бабы, 5-пунктіне сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы алуға жарамды ма? Осы уақытқа дейін 27 ай көлемінде төленбеген бұл қосымша ақы маған қайта есептеліп төлену керек пе? ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Дана! «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі- Заң) 8-бабы, 1-тармағына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбекақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады, яғни қолданыстағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне (бұдан әрі-Еңбекақы төлеу жүйесі) сәйкес айқындалады. Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі- АЕК) мөлшерінде қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, сондай-ақ, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогтеріне белгіленеді. Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 42-тармағына сәйкес магистр дәрежесі үшін қосымша ақы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу мерзімі екі жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура дипломы болған жағдайда жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған қосымша ақы ғылыми-педагогикалық бағыттағы (7M011 Педагогика және психология, 7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау, 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау, 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау, 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау, 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау, 7M018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау, 7M019 Арнайы педагогика, 7M021 Өнер, 7M022 Гуманитарлық ғылымдар, 7M023 Тілдер және әдебиет, 7M031 Әлеуметтік ғылымдар, 7M032 Журналистика және ақпарат, 7M041 Бизнес және басқару, 7M042 Құқық, 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар, 7M052 Қоршаған орта, 7M053 Физикалық және химиялық ғылымдар, 7M054 Математика және статистика, 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 7M121 Әскери іс, 7M122 Ұлттық қауіпсіздік, 7M123 Қоғамдық қауіпсіздік) білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес жоғарыда аталған даярлау бағыттарына баламалы мамандықтары бойынша магистратура дипломы болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуіші мен Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадырларды даярлау бағыттарының сыныптауышының сәйкестігін анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 6M060300 «Механика» мамандығы 7M054 «Математика және статистика» бойынша дайындық бағытына жатқызылған. Осыған орай, егер Сіз мемлекеттік орта білім беру ұйымында, янғи «Достық» орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істесеңіз, сондай-ақ орта білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын болсаңыз, онда Сізге 10 АЕК мөлшеріндегі аталған қосымша ақы заңнамада белгіленген тәртіпте белгіленуі тиіс. Егер Сіз «Достық» орта мектебінің жанындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығында математика пәнінің мұғалімі болып мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын болсаңыз, онда Сізге аталған қосымша ақы белгіленбейді.

Аймағамбетов А.Қ. 06.04.2022, 09:59
Шурина Нургуль
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 05.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 116
  • № 729888

Добрый день! Вопрос 1: Как понимать Закон, если редакция казахского языка и русского языка отличаются? Например, в правилах №598 казахской редакции "тауарларды жеткізу кезеңі, шот-фактуралар және шартты орындаудың соңғы айы үшін жүк құжаттар (актілер) көрсетіле отырып, бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен расталады" а русской редакции подтверждается копиями ранее заключенных договоров с указанием периода поставки товаров, актами приема-передачи товаров за последний месяц исполнения данных договоров. Вопрос 2: В правилах №598 При расчете опыта работы наименование продукта указанное в Договоре "Мука" должна ли совпадать с наименованием указанная в Лоте конкурса "Мясо"? ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! Ваше обращение перенаправлено в Комитет по охране прав детей МОН РК.

Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 04:54
Кудайбергенова Дина
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 05.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 122
  • № 729887

Добрый день, обращаюсь к Вам по вопросу детского сада, ребенок 10.12.2019 года Құдайберген Даниал, проживаем по адресу г.Нур-Султан, улица Кенен Азербаева 10 -202, стою в очереди на детский садик № 6942. На данный момент ребенок ходит в частный детский сад, я одна воспитываю 2-х детей, работаю, оплата за частный садик высокая и находится сад не рядом с домом. Прошу вас рассмотреть возможность предоставления места в государственном детском саду №93 Айгөлек, который расположен рядом с домом. № 11872586 от 09.01.2020 (17:07) Общеобразовательная очередь ҚҰДАЙБЕРГЕН ДАНИАЛ - Дата рождения: 10.12.2019 (2 г.) В ожидании места Очередь 2019 (Позиция в очереди 6942 из 12520) Дата истечения срока заявления: 30.09.2022 (продление срока заявления не требуется) ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Дина! Ваше обращение перенаправлено в акимат города Нур-Султан для рассмотрения.

Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 04:52
Мустафина Айжан
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 05.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 102
  • № 729885

1.Детские деревни SOS куда направляют детей сирот из расформированных детских домов , как и кем финансируются? 2. Происходит ли процедура усыновления иностранцами США в деревнях SOS? 3. Происходит ли процедура передачи ребенка с заболеванием на лечение в другие страны из деревень SOS? 4/ Происходит ли процедура передачи ребенка на обучение в другие страны из деревень SOS? ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! Ваше обращение перенаправлено в Комитет по охране прав детей МОН РК для рассмотрения.

Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 04:50

Добрый день! Ваше обращение перенаправлено в Комитет по охране прав детей МОН РК для рассмотрения.

Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 04:50

Добрый день! Ваше обращение перенаправлено в Комитет по охране прав детей МОН РК для рассмотрения.

Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 04:50
Мустафина Айжан
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 05.03.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Жастар саясаты ·
  • 125
  • № 729880

Почему статитистика по усыновлению казахстанских детей в зарубеж нулевая с начала 2020 года, если законного маратория на усыновление иностранцами НЕТ? Обоснуйте! ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! Ваше обращение перенаправлено в Комитет по охране прав детей МОН РК для рассмотрения.

Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 11:59
  • Бір.
  • Артқа
  • 203
  • 204
  • 205
  • 206
  • 207
  • Алға
  • Соңғы
Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика