- Блогтар
- Ғилымов С.Қ.
Ғилымов С.Қ.
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы
Ғилымов Самат Қуанышұлы, 1964 жылы 24 қыркүйекте Атырау облысында туды. 1987 жылы Алматы қ. Еңбек Қызыл Ту ордені Қазақ ауыл шаруашылығы институтында инженер-механик мамандығы бойынша білім алды. Одан кейін 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясында заңгер мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Жұмыс істеу жылдарында:
1981 ж. шілде – 1982 ж. тамыз Қосшағыл Гурьев облысы совхозының слесарі
1982 ж. қыркүйек – 1987 ж. тамыз Алматы қ. Еңбек Қызыл Ту ордені Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқу
1987 ж. қыркүйек – 1988 ж. маусым Қосшағыл Гурьев облысы совхозының «Автогараждағы» машина үйінің меңгерушісі
1988 ж. маусым – 1990 ж. қараша Қосшағыл Гурьев облысы совхозының МТМ меңгерушісі
1990 ж. қараша – 1991 ж. маусым Теңдік Гурьев облысы совхозының бас инженері
1991 ж. маусым – 1992 ж. қыркүйек Атырау қ. «Атыраурыбпром» басқармасының инженері
1992 ж. қыркүйек – 1993 ж. тамыз «Меркурий- Интернейшнл» бірлескен кеңес-француз кәсіпорнының техникалық директоры
1993 ж. тамыз – 1995 ж. тамыз «Алин-Холдинг» ЖШС Атырау өкілдігінің өңірлік өкілі
1995 ж. тамыз – 1997 ж. маусым «Сахарный центр» ЖШС өкілі
1997 ж. маусым – 1997 ж. желтоқсан «Казахстан Торговля и Финансирование» СПРР өкілі
1998 ж. мамыр – 2002 ж. мамыр Қазақстан Республикасының Салық полициясының органдарында қызмет
2002 ж. мамыр – 2005 ж. ақпан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
2005 ж. ақпан – 2007 ж. қаңтар «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың «Ембімұнайгаз» филиалының аппарат басшысы-Директор орынбасары қызметіне тағайындалды
2008 ж. сәуір – 2008 ж. маусым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша инспекцияның басшының орынбасарының міндетін атқарушы
2008 ж. маусым – 2008 ж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша инспекцияның басшының орынбасары
2008 ж. тамыз – 2009 ж. шілде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша «Каспий» ауданаралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы қызметін орындады
2013 ж. сәуір – 2014 ж. қараша аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша «Каспий» ауданаралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарды
2014 ж. қараша – 2017 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарды
2017 ж. сәуір – 2019 ж. наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды
2019 ж. наурыз – қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарады.