- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өңіріміздің дамыту өзекті мәселелері туралы баяндадым
Мемлекет басшысына облыстың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары баяндалды. Негізгі көрсеткіштер бойынша өсімнің оң қарқыны бар екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Облыста вакцина салдыруға тиісті халықтың 49 пайызы екпе алған. Сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің екі айлық азайтылмайтын қоры әзірленген. Бұдан бөлек Президентке егін егу және жем-шөп дайындау мәселелері туралы айттым. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жер көлемі 5 миллион гектардан асады. Өңірдегі жауын-шашынның аздығынан Торғай аймағы (Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандары) көбірек зардап шекті. Осыған байланысты көршілес аудандарда бірлесе шөп дайындау жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндадым. Атап айтқанда Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру жөнінде, жылу электр орталығын салу үшін әлеуетті инвесторлар іздестіріп жатқанын, сондай-ақ, су басатын аймақ тұрғындарын көшіру үшін Атбасар қаласында 100 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталғанын жеткіздім. Еліміздегі елеулі саяси оқиға – ауыл әкімдерін сайлауға дайындық барысына ерекше мән берілді. Жалпы облыс бойынша 95 әкім сайланады. Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. ...
- 23.07.2021
- 274
2021 жылғы 22 шілде күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін e-gov.kz «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді
2021 жылғы 22 шілде күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін e-gov.kz «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді ...
- 22.07.2021
- 294
Ақмола облысында ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, жалпы, облысымызда 95 әкім сайланатын болады, бұл өңіріміздегі әкімдердің 40 процентін (239) құрайды. Сайлаушылардың толық және нақты тізімі ұсынылды. Әкімдердің сайлауы өтетін аймақтарда 99813 сайлаушы бар, яғни бұл халықт ...
- 21.07.2021
- 294
Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ислам – келісім мен толеранттылықтың, жасампаздық пен үйлесімділіктің діні. Біздің елімізде Құрбан айт мерекесі тек мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды да біріктіреді. Қазақстан өзінің бай рухани мұ ...
- 20.07.2021
- 361
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» тақырыбында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті
Сессияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 28 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында қойған міндеттерді іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. ...
- 19.07.2021
- 295