- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Шайнуров Абай
- Нәлібаев Н.М.
- 11.01.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 109
- № 763304
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! Мен, Шайнуров Абай Серікұлы, Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі ретінде және облысымыздағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардың атынан 2020 жылдың қазан айында сол уақытта облыс әкімі болған Гүлшара Наушаевна Әбдіқалықованың жеке қабылдауында болып, облысымыздағы осы науқастарды медициналық емдеудегі проблемалары мен кемшіліктерін айтқан болатынмын. Осы қабылдауға қатысып отырған Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен айтқан мәселелердің барлығының орынды екенін мойындаған болатын. Сол кездесудің нәтижесінде Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе, облысымыздағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды медициналық емдеудегі қордаланған проблемаларды шешудің және науқастарға көрсетілетін медициналық қызметті дамытудың, оның ішінде такролимус аппаратын сатып алуды көздейтін 16 тармақтан тұратын арнайы Жол картасы жасалып, облыс әкімі болған Гүлшара Наушаевна Әбдіқалықовамен бекітілген болатын. Облысымыздағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастар бұл «Жол картасының» орындалуынан үлкен үміт күткен болатын. Бірақ осы жол картасы осы күнге дейін орындалып жатқан жоқ. Осыған байланысты Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, мен 2022 жылдың 5 тамыз күні сіздің жеке қабылдауыңызда болып, жоғарыда көрсетілген облысымыздағы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды медициналық емдеудегі проблемаларды және такролимус аппаратын сатып алуды көздейтін 16 тармақтан тұратын арнайы Жол картасының орындалмай жатқаны туралы Сізге айтқан болатынмын. Сіз әкімдіктің аппарат басшысына және Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына 2022 жылдың аяғына дейін науқастарға өте қажет такролимус аппаратын бюджет есебінен сатып алынуын және Жол картасының орындалуын қатаң тапсырған болатынсыз. Өкінішке орай 5 ай өтті, міне 2023 жылдың 11-ші қаңтары болды жоғарыда көрсетілген мәселелердің бірде бірі орындалған жоқ, яғни такролимус аппараты алынған жоқ, Жол картасының бірде - бір пункті орындалғанда жоқ. Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! Сізден Облысымыздағы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды медициналық емдеудегі проблемаларды шешуді көздейтін Жол картасының қатаң орындалуын Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына тағыда тапсыруыңызды және науқастардың қанындағы такролимус концентрациясын анықтайтын такролимус аппаратын тездетіп алып беруіңізді сұраймын. Менің байланыс нөмерім: 87015271217 ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 11.01.2023, 04:382022 жылы жергілікті бюджет бюджет есебінен облыстық қан орталығына иммунохимиялық анализатор (такралимус) аппаратын сатып алуға қаржы бөлініп, біріңғай дистрибьютор «СҚ –Фармация» ЖШС-і арқылы 2 мәрте сатып алу рәсімдері жүргізілді. Алайда, ешқандай әлеуетті өнім беруші өз өтінімдерін ұсынбауына байланысты, сатып алу өткізілмеді деп танылды. Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 2023 жылға бюджетті нақтылау барысында медициналық бұйымдардың тізімі әзірленіп, иммунохимиялық анализатор (такралимус) аппараты енгізілді. Алдағы уақытқа тиісті заңдылықтарға сәйкес сатып алу рәсімдері жүргізілетін болады. Сізге ұсынысыңызда көтерілген мәселелерге бей-жай қарамағаныңыз және азаматтық ұстанымыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Егер, берілген жауаппен қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екендігін түсіндіреміз.
Нәлібаев Н.М. 26.01.2023, 07:41Мусафирова Рита
- Нәлібаев Н.М.
- 06.01.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 96
- № 762959
Жәрдемақы тағайындау туралы ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланады.
Нәлібаев Н.М. 06.01.2023, 12:20ШЖҚ КМК «Арал ауданаралық ауруханасы» (бұдан әрі – Аурухана) ақпаратына сәйкес, Р. Мұсафированың баласы 18.07.2009 ж.т. баласы Ақылбайұлы Диас «Туа біткен жалпақ табан» диагнозымен дәрігер бақылауында болып, ІІІ топ мүгедектігі белгіленген. Негізгі сырқаты бойынша бақылау барысында көрсеткішіне сай зерттеулер мен қажетті мамандар кеңестері жүргізіліп, Астана қаласының № 2 көпбейінді балалар ауруханасында ота жасалған, одан әрі оңалту мақсатында тұрақты, жоспарлы түрде осы аурухананың ортопедия және реабилитация бөлімшесінде ем қабылдаған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 983 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 381 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың ақпан айында кезекті қайта куәландыру мақсатында «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы» № 031/е нысанды медициналық құжаты рәсімделіп, медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) жолданылған. 14.02.2022 жылы № 1 МӘС бөлімі комиссиясы отырысында қаралып, № 1220961-260 актісімен 6 ай мерзімге ІІІ топ мүгедектігі тағайындалған. 17.08.2022 жылы мүгедектікті қайта куәландыру мақсатында № 3 МӘС бөлімінің мамандарымен қаралып, МӘС-ға ұсынылған медициналық құжаттары мен баланың объективті қарауы бойынша жүріп-тұру қабілетінің біршама жақсаруына байланысты мүгедектік тағайындалмаған. Осы орайда, мүгедектік тағайындау Басқарманың және Аурухананың құзырына кірмейтіндігін, МӘС деңгейінде жүргізілетіндігін хабарлайды. 04.08.-12.08.2022 ж.ж. аралығында Астана қаласының № 2 көпбейінді балалар ауруханасында оңалту емін қабылдап, жағдайы жақсаруымен кезекті оңалту емі 2023 жылдың қаңтар айына жоспарланған. 12.01.2023 жылы Аурухана деңгейінде өтініш иесімен тыңдалым жүргізілді. Тыңдалым барысында өтініш иесінің ағымдағы жылдың қаңтар айында кезекті оңалту еміне бару үшін қазіргі таңда мүмкіншілігі жоқ екені, сонымен қатар аурухананың дәрігерлеріне айтар шағымының жоқтығын білдірді. Сонымен қатар, Астана қаласының № 2 көпбейінді балалар ауруханасынан кезекті оңалту емін қабылдағаннан кейін аурухананың дәрігерлері тарапынан баланың денсаулығынан мүгедектік тобын белгілейтіндей көрсеткіштері байқалған жағдайда, қайта куәландыру үшін МӘС-ға жолдану мүмкіндігі дәрігерлік-кеңестік комиссиясы арқылы қаралуға құқылы екендігі түсіндірілді.
Нәлібаев Н.М. 16.01.2023, 08:03Ақан Болат
- Нәлібаев Н.М.
- 30.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 116
- № 762537/1
Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Н.М. Қызылорда қаласының әкімі Шаменов А.Ө. ҚР Ішкі істер министрі Ахметжанов М.М. ҚР Бас Прокуроры Асылов Б.Н. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Бектенов О.А. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Қарағойшин Т.Ж. Ашық шағым хат Сіздерге Қызылорда қаласы, Шұғыла 54-ші үй, 68 пәтер тұрғындары атынан Ашық Шағым Хат жолдаймыз, себебі Шұғыла м/а, «Бұқарбай батыр» көшесінде 54-ші үй артында орналасқан ортақ «Қызылорда су жүйесі» (горводоканал) қарасты КНС №-36 кәріз су жүйесінің (канализация) құдығына Заңсыз жеке ассенизаторлар лас нәжіс суларын жылдар бойы тоқтаусыз құйып келеді. Заңға бағынбайтын, Акимат, Водоканал, Полициядан еш қорықпайтын, өз «Демеуші шатырларына (крышаларына) жемқорларға қатты сенетін», шағым айтқан тұрғындарға қоқан-лоқы көрсететін жеке кәсіпкерлер; заңсыз нәжіс лас суларын құйғанды жылдар бойы тоқтатпай келеді. Табыс көзіне айландырған жеке секторларлардан сорып алған нәжіс су боқтарын, жеке ассенизаторлар тоқтаусыз күнделікті қала су жүйесі құдықтарға құйғандықтан арасында неше түрлі тұрмыстық-қалдық қоқыстарыда көп болуына байланысты; КНС №-36 кәріз су жүйесінің қайтадан бітелуіне әкеліп жатыр. Бұл проблема тек Шұғыла м/а ғана емес, жалпы Қызылорда қаласына үлкен проблемаға айналған. Демеуші жемқор шатырларына әбден сенген жеке кәсіпкерлер заңды күнде тоқтаусыз бұзып келеді. 2018 жылы КНС №36 кәріз су жүйесінің жөндеу жұмыстарының дұрыс болмау салдарынан, Шұғыла 54-ші үй тұрғындары бірге көп зардап шектік. Шұғыла м/а қарасты ортақ су жүйесінің КНС №36 авариялық күйге түскендігінен, кәріз су жүйесінің кептелуіне байланысты, бүткіл нәжіс сулары Шұғыла 54-ші үй подвалына ағып толып жатты. Шұғыла 54-ші үй тұрғындары подвалы 2 жыл бойы сасық нәжіс суға, қысы-жазы масаға толған үйге айналды; антисанитарлық сасық ауамен демалып, масаларға таланып, уландық. Шұғыла 54-ші үй тұрғындары атынан құзырлы органдарға қайта-қайта арыздар, шағым хаттар жазып, Заңды түрде әділдікті талап еттік. «Бұрынғы хаттарды да қосымша салынады мәлімет үшін» - тарихы бар; кейін мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын қайта жасады – барлық құзырлы органдар қолға алып заң бойынша оларды жауапқа тарқан соң. 2020-2021 жылдары Шұғыла м/а 54-ші үй, 68 пәтер тұрғындары болып, қаражат жинап, біраз жөндеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Подвалды толықтай нәжіс сулардан тазартып, құрғатып, қалдық қоқыстарды жинатып, сыртқа шығарып тазартып, ауыз су құбырларын, жылу жүйесінің құбырларын, нәжіс су құбырларын ауыстырдық. Подвал терезелеріне темір торлар жасатып, темір есіктерді жөндеп, құлып салып: нашақорлар, алқаштардың, бомж-дардың жиналуын тоқтаттық. Қызылорда қаласы, Шұғыла 54-ші үй, барлық 68-пәтер тұрғындары, қаншама қиыншылықтарды басынан өткізіп, 2 жыл бойы қаражат жинап, жөндеу жұмыстарына өткізген қаражаттары, еңбектері босқа кетеді – егерде, КНС №36 кәріз су жүйесі қайтадан авариялық жағдайға түссе, Шұғыла 54-ші үйдің подвалы қайтадан нәжіс суларға толатын болса, барлық 54-ші үй тұрғындары «Митингке» шығып жатса, еш таң қалмаңыздар. Себебі ортақ КНС-36 кәріз су жүйесінің қайталанып кептелуіне байланысты, осы жылы Шұғыла 54-ші үй подвалына нәжіс суларының қайтадан құйылып жатқан фактілері басталды. Оны бір факторі КНС-36 сорғыштардың (насостарының) кейде дұрыс жасамауы, екіншісі ортақ кәріз су жүйесінің қайтадан бітеліп жатқандығы. Мысалға бүгін 27.12.2022 ж, тағыда заңсыз нәжіс суларын құдыққа құйып жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған; мемлекеттік нөмері «KZ-184-NAA-11» ассенизатор автокөлігінің жүргізушісі жасаған заңсыз істеріне еш алаңдамай, өкініш білдірместен, ұялы телефон арқылы «өз демеуші жемқор шатырларына (крышасына) хабарласып», полиция қызметкерлеріне өз телефонын беріп, «демеуші шатырларымен» сөйлестіріп, заң қызметкерлерін елемей, полиция учаскесінің дәл ішінде - шағым айтқан тұрғындарға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеріп, ұрғысы келіп, басынып, заңға бағынбайтындығының тағы бір бүгін дәлелі болды. Фото мен видеоға түсірілді, полицияға арыз жазылды, соған қарамастан, жеке кәсіпкерлер өз «демеуші шатырларына» - крышаларына әбден сеніп алғаны, Шұғыла 54-ші үй тұрғындарына белгілі болып отыр. Жасап жүрген заңсыз істері акимат, полиция және «Қызылорда су жүйесі» мекемесінен еш қорықпайтындығы, тек «крышованныйлар» ғана қала ішіндегі кәріз су жүйелеріне (канализация) құдықтарына білгендерін жасайтындығы белгілі болып отыр. Жалпы Қызылорда қаласында бұл проблема жылдар бойы қайталанып келеді. Заңды бұзатын, қаланың ортақ кәріз су жүйесіне, қала тұрғындарына тек зиянын тигізетін – «Крышованный бизнес» жеке кәсіпкерлер ассенизатор жүргізушілерін және олардың «крышаларымен» қоса Заң алдында жауапқа тартуларыңызды талап етеміз. Себебі көптеген полиция инспекторлары, және құзырлы мекеме қызметкерлері қауқарсыз, қорқады, кім-кімнің крышасы екенін өз-ара біледі, заң алдында дұрыс жауапқа тартылмайды, әрі кетсе айып пұл төлеп, қайтадан «крышованный» ассенизатор жүргізушілері заңды бұзады. Қолға түскен жағдайларда крышаларына телефон соғып құтылып кетіп жатады. Егерде бұл проблема шешілмейтін болса, АМАЛСЫЗДАН - кемінде әр пәтерден, әр отбасынан 2-3 тұрғыннан жиналып, 100-150 тұрғындар болып жиналып, интернет арқылы, журналистер арқылы, теледидар арқылы проблеманы президентке жеткіземіз. 27 Желтоқсан, 2022 жыл. Қызылорда қаласы, Шұғыла м/а, 54-ші үй, 68-пәтер тұрғындары. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің, 28.12.2022 жылы жазған өтіншіңіз Қызылорда облысы әкімінің блог-платформасына БЛОГ-126 санымен тіркеліп, қазіргі уақытта қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 30.12.2022, 11:41Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, төмендегіні хабарлайды. Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан №36 кәріз насос станциясына 2020 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. КНС-да «FlygtNZ-3153 SA 9-276» маркалы 3 дана насос қондырғысы жұмыс жасап тұр. Станцияның жалпы қуаттылығы 9600 м3/тәулігіне, бұл осы аумақтағы барлық нысандарға қызмет көрсетуге есептелінген. Алайда, электр энергиясының түрлі себептермен уақытша тоқтауынан және тағы басқа себептерге сәйкес ақаулы жағдайлар орын алуда. Ақаулы жағдайлар салдарынан ластанған өжірелер мен кәріз су жүйелерін «Қызылорда су жүйесі»МКК-ы теңгеріміндегі арнайы ассенизаторлық көліктермен тазартылып, жуып-шаю жұмыстары дер кезінде жүргізілді. Сонымен қатар, жеке ассенизаторлық автокөлік иелері заң бұзышылыққа жол беріп,рұқсат берілмеген орындар және белгіленбеген жерлерге кәріз суларды төгу фактілері тоқтамауда. Осы заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Қызылорда су жүйесі»МКК-ның «Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің пайдалануын бақылау жөніндегі инспекция» бөлімі мамандарымен күнделікті рейдттік іс-шаралар жұмыстары жүргізіліп, кәріз суды төгу фактілер анықталған жағдайда, акті толтырылып, шара көру жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.
Нәлібаев Н.М. 19.01.2023, 04:42Ақан Болат
- Нәлібаев Н.М.
- 30.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 87
- № 762534/1
Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Н.М. Қызылорда қаласының әкімі Шаменов А.Ө. ҚР Ішкі істер министрі Ахметжанов М.М. ҚР Бас Прокуроры Асылов Б.Н. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Бектенов О.А. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Қарағойшин Т.Ж. Ашық шағым хат Сіздерге Қызылорда қаласы, Шұғыла 54-ші үй, 68 пәтер тұрғындары атынан Ашық Шағым Хат жолдаймыз, себебі Шұғыла м/а, «Бұқарбай батыр» көшесінде 54-ші үй артында орналасқан ортақ «Қызылорда су жүйесі» (горводоканал) қарасты КНС №-36 кәріз су жүйесінің (канализация) құдығына Заңсыз жеке ассенизаторлар лас нәжіс суларын жылдар бойы тоқтаусыз құйып келеді. Заңға бағынбайтын, Акимат, Водоканал, Полициядан еш қорықпайтын, өз «Демеуші шатырларына (крышаларына) жемқорларға қатты сенетін», шағым айтқан тұрғындарға қоқан-лоқы көрсететін жеке кәсіпкерлер; заңсыз нәжіс лас суларын құйғанды жылдар бойы тоқтатпай келеді. Табыс көзіне айландырған жеке секторларлардан сорып алған нәжіс су боқтарын, жеке ассенизаторлар тоқтаусыз күнделікті қала су жүйесі құдықтарға құйғандықтан арасында неше түрлі тұрмыстық-қалдық қоқыстарыда көп болуына байланысты; КНС №-36 кәріз су жүйесінің қайтадан бітелуіне әкеліп жатыр. Бұл проблема тек Шұғыла м/а ғана емес, жалпы Қызылорда қаласына үлкен проблемаға айналған. Демеуші жемқор шатырларына әбден сенген жеке кәсіпкерлер заңды күнде тоқтаусыз бұзып келеді. 2018 жылы КНС №36 кәріз су жүйесінің жөндеу жұмыстарының дұрыс болмау салдарынан, Шұғыла 54-ші үй тұрғындары бірге көп зардап шектік. Шұғыла м/а қарасты ортақ су жүйесінің КНС №36 авариялық күйге түскендігінен, кәріз су жүйесінің кептелуіне байланысты, бүткіл нәжіс сулары Шұғыла 54-ші үй подвалына ағып толып жатты. Шұғыла 54-ші үй тұрғындары подвалы 2 жыл бойы сасық нәжіс суға, қысы-жазы масаға толған үйге айналды; антисанитарлық сасық ауамен демалып, масаларға таланып, уландық. Шұғыла 54-ші үй тұрғындары атынан құзырлы органдарға қайта-қайта арыздар, шағым хаттар жазып, Заңды түрде әділдікті талап еттік. «Бұрынғы хаттарды да қосымша салынады мәлімет үшін» - тарихы бар; кейін мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын қайта жасады – барлық құзырлы органдар қолға алып заң бойынша оларды жауапқа тарқан соң. 2020-2021 жылдары Шұғыла м/а 54-ші үй, 68 пәтер тұрғындары болып, қаражат жинап, біраз жөндеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Подвалды толықтай нәжіс сулардан тазартып, құрғатып, қалдық қоқыстарды жинатып, сыртқа шығарып тазартып, ауыз су құбырларын, жылу жүйесінің құбырларын, нәжіс су құбырларын ауыстырдық. Подвал терезелеріне темір торлар жасатып, темір есіктерді жөндеп, құлып салып: нашақорлар, алқаштардың, бомж-дардың жиналуын тоқтаттық. Қызылорда қаласы, Шұғыла 54-ші үй, барлық 68-пәтер тұрғындары, қаншама қиыншылықтарды басынан өткізіп, 2 жыл бойы қаражат жинап, жөндеу жұмыстарына өткізген қаражаттары, еңбектері босқа кетеді – егерде, КНС №36 кәріз су жүйесі қайтадан авариялық жағдайға түссе, Шұғыла 54-ші үйдің подвалы қайтадан нәжіс суларға толатын болса, барлық 54-ші үй тұрғындары «Митингке» шығып жатса, еш таң қалмаңыздар. Себебі ортақ КНС-36 кәріз су жүйесінің қайталанып кептелуіне байланысты, осы жылы Шұғыла 54-ші үй подвалына нәжіс суларының қайтадан құйылып жатқан фактілері басталды. Оны бір факторі КНС-36 сорғыштардың (насостарының) кейде дұрыс жасамауы, екіншісі ортақ кәріз су жүйесінің қайтадан бітеліп жатқандығы. Мысалға бүгін 27.12.2022 ж, тағыда заңсыз нәжіс суларын құдыққа құйып жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған; мемлекеттік нөмері «KZ-184-NAA-11» ассенизатор автокөлігінің жүргізушісі жасаған заңсыз істеріне еш алаңдамай, өкініш білдірместен, ұялы телефон арқылы «өз демеуші жемқор шатырларына (крышасына) хабарласып», полиция қызметкерлеріне өз телефонын беріп, «демеуші шатырларымен» сөйлестіріп, заң қызметкерлерін елемей, полиция учаскесінің дәл ішінде - шағым айтқан тұрғындарға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеріп, ұрғысы келіп, басынып, заңға бағынбайтындығының тағы бір бүгін дәлелі болды. Фото мен видеоға түсірілді, полицияға арыз жазылды, соған қарамастан, жеке кәсіпкерлер өз «демеуші шатырларына» - крышаларына әбден сеніп алғаны, Шұғыла 54-ші үй тұрғындарына белгілі болып отыр. Жасап жүрген заңсыз істері акимат, полиция және «Қызылорда су жүйесі» мекемесінен еш қорықпайтындығы, тек «крышованныйлар» ғана қала ішіндегі кәріз су жүйелеріне (канализация) құдықтарына білгендерін жасайтындығы белгілі болып отыр. Жалпы Қызылорда қаласында бұл проблема жылдар бойы қайталанып келеді. Заңды бұзатын, қаланың ортақ кәріз су жүйесіне, қала тұрғындарына тек зиянын тигізетін – «Крышованный бизнес» жеке кәсіпкерлер ассенизатор жүргізушілерін және олардың «крышаларымен» қоса Заң алдында жауапқа тартуларыңызды талап етеміз. Себебі көптеген полиция инспекторлары, және құзырлы мекеме қызметкерлері қауқарсыз, қорқады, кім-кімнің крышасы екенін өз-ара біледі, заң алдында дұрыс жауапқа тартылмайды, әрі кетсе айып пұл төлеп, қайтадан «крышованный» ассенизатор жүргізушілері заңды бұзады. Қолға түскен жағдайларда крышаларына телефон соғып құтылып кетіп жатады. Егерде бұл проблема шешілмейтін болса, АМАЛСЫЗДАН - кемінде әр пәтерден, әр отбасынан 2-3 тұрғыннан жиналып, 100-150 тұрғындар болып жиналып, интернет арқылы, журналистер арқылы, теледидар арқылы проблеманы президентке жеткіземіз. 27 Желтоқсан, 2022 жыл. Қызылорда қаласы, Шұғыла м/а, 54-ші үй, 68-пәтер тұрғындары. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің, 28.12.2022 жылы жазған өтіншіңіз Қызылорда облысы әкімінің блог-платформасына БЛОГ-126 санымен тіркеліп, қазіргі уақытта қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 30.12.2022, 11:40Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, төмендегіні хабарлайды. Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан №36 кәріз насос станциясына 2020 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. КНС-да «FlygtNZ-3153 SA 9-276» маркалы 3 дана насос қондырғысы жұмыс жасап тұр. Станцияның жалпы қуаттылығы 9600 м3/тәулігіне, бұл осы аумақтағы барлық нысандарға қызмет көрсетуге есептелінген. Алайда, электр энергиясының түрлі себептермен уақытша тоқтауынан және тағы басқа себептерге сәйкес ақаулы жағдайлар орын алуда. Ақаулы жағдайлар салдарынан ластанған өжірелер мен кәріз су жүйелерін «Қызылорда су жүйесі»МКК-ы теңгеріміндегі арнайы ассенизаторлық көліктермен тазартылып, жуып-шаю жұмыстары дер кезінде жүргізілді. Сонымен қатар, жеке ассенизаторлық автокөлік иелері заң бұзышылыққа жол беріп,рұқсат берілмеген орындар және белгіленбеген жерлерге кәріз суларды төгу фактілері тоқтамауда. Осы заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Қызылорда су жүйесі»МКК-ның «Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің пайдалануын бақылау жөніндегі инспекция» бөлімі мамандарымен күнделікті рейдттік іс-шаралар жұмыстары жүргізіліп, кәріз суды төгу фактілер анықталған жағдайда, акті толтырылып, шара көру жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.
Нәлібаев Н.М. 19.01.2023, 04:42Ақан Болат
- Нәлібаев Н.М.
- 28.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 90
- № 762530
Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Н.М. Қызылорда қаласының әкімі Шаменов А.Ө. ҚР Ішкі істер министрі Ахметжанов М.М. ҚР Бас Прокуроры Асылов Б.Н. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Бектенов О.А. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Қарағойшин Т.Ж. Ашық шағым хат Сіздерге Қызылорда қаласы, Шұғыла 54-ші үй, 68 пәтер тұрғындары атынан Ашық Шағым Хат жолдаймыз, себебі Шұғыла м/а, «Бұқарбай батыр» көшесінде 54-ші үй артында орналасқан ортақ «Қызылорда су жүйесі» (горводоканал) қарасты КНС №-36 кәріз су жүйесінің (канализация) құдығына Заңсыз жеке ассенизаторлар лас нәжіс суларын жылдар бойы тоқтаусыз құйып келеді. Заңға бағынбайтын, Акимат, Водоканал, Полициядан еш қорықпайтын, өз «Демеуші шатырларына (крышаларына) жемқорларға қатты сенетін», шағым айтқан тұрғындарға қоқан-лоқы көрсететін жеке кәсіпкерлер; заңсыз нәжіс лас суларын құйғанды жылдар бойы тоқтатпай келеді. Табыс көзіне айландырған жеке секторларлардан сорып алған нәжіс су боқтарын, жеке ассенизаторлар тоқтаусыз күнделікті қала су жүйесі құдықтарға құйғандықтан арасында неше түрлі тұрмыстық-қалдық қоқыстарыда көп болуына байланысты; КНС №-36 кәріз су жүйесінің қайтадан бітелуіне әкеліп жатыр. Бұл проблема тек Шұғыла м/а ғана емес, жалпы Қызылорда қаласына үлкен проблемаға айналған. Демеуші жемқор шатырларына әбден сенген жеке кәсіпкерлер заңды күнде тоқтаусыз бұзып келеді. 2018 жылы КНС №36 кәріз су жүйесінің жөндеу жұмыстарының дұрыс болмау салдарынан, Шұғыла 54-ші үй тұрғындары бірге көп зардап шектік. Шұғыла м/а қарасты ортақ су жүйесінің КНС №36 авариялық күйге түскендігінен, кәріз су жүйесінің кептелуіне байланысты, бүткіл нәжіс сулары Шұғыла 54-ші үй подвалына ағып толып жатты. Шұғыла 54-ші үй тұрғындары подвалы 2 жыл бойы сасық нәжіс суға, қысы-жазы масаға толған үйге айналды; антисанитарлық сасық ауамен демалып, масаларға таланып, уландық. Шұғыла 54-ші үй тұрғындары атынан құзырлы органдарға қайта-қайта арыздар, шағым хаттар жазып, Заңды түрде әділдікті талап еттік. «Бұрынғы хаттарды да қосымша салынады мәлімет үшін» - тарихы бар; кейін мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын қайта жасады – барлық құзырлы органдар қолға алып заң бойынша оларды жауапқа тарқан соң. 2020-2021 жылдары Шұғыла м/а 54-ші үй, 68 пәтер тұрғындары болып, қаражат жинап, біраз жөндеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Подвалды толықтай нәжіс сулардан тазартып, құрғатып, қалдық қоқыстарды жинатып, сыртқа шығарып тазартып, ауыз су құбырларын, жылу жүйесінің құбырларын, нәжіс су құбырларын ауыстырдық. Подвал терезелеріне темір торлар жасатып, темір есіктерді жөндеп, құлып салып: нашақорлар, алқаштардың, бомж-дардың жиналуын тоқтаттық. Қызылорда қаласы, Шұғыла 54-ші үй, барлық 68-пәтер тұрғындары, қаншама қиыншылықтарды басынан өткізіп, 2 жыл бойы қаражат жинап, жөндеу жұмыстарына өткізген қаражаттары, еңбектері босқа кетеді – егерде, КНС №36 кәріз су жүйесі қайтадан авариялық жағдайға түссе, Шұғыла 54-ші үйдің подвалы қайтадан нәжіс суларға толатын болса, барлық 54-ші үй тұрғындары «Митингке» шығып жатса, еш таң қалмаңыздар. Себебі ортақ КНС-36 кәріз су жүйесінің қайталанып кептелуіне байланысты, осы жылы Шұғыла 54-ші үй подвалына нәжіс суларының қайтадан құйылып жатқан фактілері басталды. Оны бір факторі КНС-36 сорғыштардың (насостарының) кейде дұрыс жасамауы, екіншісі ортақ кәріз су жүйесінің қайтадан бітеліп жатқандығы. Мысалға бүгін 27.12.2022 ж, тағыда заңсыз нәжіс суларын құдыққа құйып жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған; мемлекеттік нөмері «KZ-184-NAA-11» ассенизатор автокөлігінің жүргізушісі жасаған заңсыз істеріне еш алаңдамай, өкініш білдірместен, ұялы телефон арқылы «өз демеуші жемқор шатырларына (крышасына) хабарласып», полиция қызметкерлеріне өз телефонын беріп, «демеуші шатырларымен» сөйлестіріп, заң қызметкерлерін елемей, полиция учаскесінің дәл ішінде - шағым айтқан тұрғындарға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеріп, ұрғысы келіп, басынып, заңға бағынбайтындығының тағы бір бүгін дәлелі болды. Фото мен видеоға түсірілді, полицияға арыз жазылды, соған қарамастан, жеке кәсіпкерлер өз «демеуші шатырларына» - крышаларына әбден сеніп алғаны, Шұғыла 54-ші үй тұрғындарына белгілі болып отыр. Жасап жүрген заңсыз істері акимат, полиция және «Қызылорда су жүйесі» мекемесінен еш қорықпайтындығы, тек «крышованныйлар» ғана қала ішіндегі кәріз су жүйелеріне (канализация) құдықтарына білгендерін жасайтындығы белгілі болып отыр. Жалпы Қызылорда қаласында бұл проблема жылдар бойы қайталанып келеді. Заңды бұзатын, қаланың ортақ кәріз су жүйесіне, қала тұрғындарына тек зиянын тигізетін – «Крышованный бизнес» жеке кәсіпкерлер ассенизатор жүргізушілерін және олардың «крышаларымен» қоса Заң алдында жауапқа тартуларыңызды талап етеміз. Себебі көптеген полиция инспекторлары, және құзырлы мекеме қызметкерлері қауқарсыз, қорқады, кім-кімнің крышасы екенін өз-ара біледі, заң алдында дұрыс жауапқа тартылмайды, әрі кетсе айып пұл төлеп, қайтадан «крышованный» ассенизатор жүргізушілері заңды бұзады. Қолға түскен жағдайларда крышаларына телефон соғып құтылып кетіп жатады. Егерде бұл проблема шешілмейтін болса, АМАЛСЫЗДАН - кемінде әр пәтерден, әр отбасынан 2-3 тұрғыннан жиналып, 100-150 тұрғындар болып жиналып, интернет арқылы, журналистер арқылы, теледидар арқылы проблеманы президентке жеткіземіз. 27 Желтоқсан, 2022 жыл. Қызылорда қаласы, Шұғыла м/а, 54-ші үй, 68-пәтер тұрғындары. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтіншіңіз назарға алынды. Нәтижесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 28.12.2022, 10:57Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, төмендегіні хабарлайды. Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан №36 кәріз насос станциясына 2020 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. КНС-да «FlygtNZ-3153 SA 9-276» маркалы 3 дана насос қондырғысы жұмыс жасап тұр. Станцияның жалпы қуаттылығы 9600 м3/тәулігіне, бұл осы аумақтағы барлық нысандарға қызмет көрсетуге есептелінген. Алайда, электр энергиясының түрлі себептермен уақытша тоқтауынан және тағы басқа себептерге сәйкес ақаулы жағдайлар орын алуда. Ақаулы жағдайлар салдарынан ластанған өжірелер мен кәріз су жүйелерін «Қызылорда су жүйесі»МКК-ы теңгеріміндегі арнайы ассенизаторлық көліктермен тазартылып, жуып-шаю жұмыстары дер кезінде жүргізілді. Сонымен қатар, жеке ассенизаторлық автокөлік иелері заң бұзышылыққа жол беріп,рұқсат берілмеген орындар және белгіленбеген жерлерге кәріз суларды төгу фактілері тоқтамауда. Осы заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Қызылорда су жүйесі»МКК-ның «Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің пайдалануын бақылау жөніндегі инспекция» бөлімі мамандарымен күнделікті рейдттік іс-шаралар жұмыстары жүргізіліп, кәріз суды төгу фактілер анықталған жағдайда, акті толтырылып, шара көру жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.
Нәлібаев Н.М. 19.01.2023, 04:41Есетова Махаббат
- Нәлібаев Н.М.
- 07.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 87
- № 761240
мен осы өтінішім арқылы төиендегі жағдайды білдіремін,мен 1 топ мүгедігімін,Жалағаш аудандық емханасының дәрігерлері және өзімнің мұң-мұқтажымды білдіру мақсатында жақын арада сіздің қабылдауыңызға жазылуға рұқсат етсеңіз ...
ТолығырақЖауаптар
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.09.2002 ж. №974 қаулысының талаптарына сай облыс әкімінің жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз. Осыған сәйкес, қабылдау уақыты телефон байланысы арқылы Өзіңізге алдын-ала хабарланатын болады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.
Нәлібаев Н.М. 07.12.2022, 01:17Мектеп Сүлеймен
- Нәлібаев Н.М.
- 02.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Өңірлері ·
- 83
- № 760863
Хатта көрсетіледі ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 02.12.2022, 11:03Ет өнімдерін өңдеуге бағытталған жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады. Бүгінгі таңда, жоба бастамашыларынан кең көлемде сұраныс білдірілетін мемлекеттік қолдау шарасының түрі – жер телімін аукционсыз алу болып табылады. Алдағы уақытта, осы бағытта жоба іске асыруға ниетті бизнес өкілі ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымындағы №409 Қаулысымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына сәйкес, сондай-ақ халал өңделген ет өнімдері өндірісін ұйымдастыру туралы ұсыныстарын кеңірек зерттеу үшін қосымша ақпараттар сұрату немесе қажеттілігіне қарай Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына (байланыс тел.: 87242-60-54-09) жүгініп, құжаттар топтамасын ұсынуыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының талабына сәйкес, берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда құзырлы органдарға шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймыз.
Нәлібаев Н.М. 23.12.2022, 07:19ТУЛЕПОВА МАДИНА
- Нәлібаев Н.М.
- 29.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Өңірлері ·
- 80
- № 760613
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.А.Сақтағанов мырзаға Құрметті Нұрымбет Аманұлы! «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Арал өңірі халқының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау» жобасын жүзеге асыруда. Жоба Арал өңірі халқының денсаулық сақтау, әлеуметтік және экономикалық қорғау және қолдау құқықтарын нығайту мақсатында «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүргізілуде. Жобаның жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 14-ші желтоқсанында Қызылорда қаласында «Арал өңірі халқының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау» тақырыбында Қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланып отыр. Қоғамдық тыңдаудың мақсаты - Арал өңірінің тұрғындарының денсаулығын, әлеуметтік-экономикалық қорғалуын және қолдау құқықтарын нығайту және қорғау мақсатында «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дайындалған ұсыныстармен таныстыру және талқылау Аталмыш шараға Қызылорда облысының мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар, қоғам қайраткерлері, Қызылорда қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері шақырылып отыр. Осыған орай, осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетуіңізді сұрай отырып, қоғамдық тыңдауға Өзіңіздің қатысуыңызды және аталмыш шара барысында алғысөз жасауыңызды сұраймыз. Құрметпен, «Бастамаларды қолдау» ҚБ-нің төрайымы Тулепова М.Е. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз назарға алынды.
Нәлібаев Н.М. 30.11.2022, 10:58Бексейітова Айдана
- Нәлібаев Н.М.
- 22.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Спорт ·
- 85
- № 760002
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! Осы өтінішім арқылы Сізге, Қызылорда облысының №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің "Мұзда мәнерлеп сырғанау" бөлімінің спортшыларының ата-аналары атынан төмендегі мәселені жеткізгім келеді. "Мұзда мәнерлеп сырғанау" спортының Қызылорда облысы бойынша бас жаттықтырушысы Сиамкович Андрей Васильевич пен хореограф Миронова Надежда Васильевна қатысты кейбір спортшылардың ата-аналары наразылық білдіріп, құзырлы органдарға шағымданған болатын. Дегенмен, әрбір бапкердің өз ұстанымы мен көрегендігі және алға қойған мақсаттарының болатындығы анық. Бұл ретте, әрбір баланы, спортшыны даярлау бырысында оның күшті және әлсіз жақтарын бағалап, олармен тиісінше жұмыс жасауға ден қояры анық. Алайда, кейбір ата-ана мұндайды түсінбестен, "менің балам шет қалды", "менің балама тиісінше көңіл бөлінбейді" және тағы осындай ойларға бой алдырып, көңіліне жақын алары хақ. Бұл, әрбір ата-ананың балаға деген махаббатынан туындайтын шартты рефлексі. Аталған жағдайға ұқсас жағдай 2016 жылы сол кездегі жаттықтырушы Давыдова Лариса Петровнаға қатысты орын алып, тиісті талдаулар мен түсіндірмелерден кейін орын алған жағдайды бір қалыпқа келтірген болатынбыз. Алайда, аталмыш жағдай қайта орын алып отырған жайы бар. Көңілі толмаған ата-аналарды сабырға шақырып та көрдік. Бұл өз нәтижесін бермеді. Орын алған жағдай бойынша Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы бастығы Р.Рустемов пен №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры С.Досманбетовке өтініш жазған болатынбыз. Орын алып отырған жағдай балалардың дайындығы мен олардың психологиялық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. "Мұзда мәнерлеп сырғанау" маусымының басталғанын ескере кетсек, бұл өз кезегінде балалардың жалпы әл ауқатына және тиісті нәтиже көрсетуге кедергі келтірері анық. Ендігі Сізден, аталмыш мәселені егжей-текжей қарастырып, бас бапкердің жұмысына кедергі келтірмейтіндей және оның тұрақты жұмыс жасауына өз ықпалыңызды тигізуіңізді сұраймыз! Ел болашағы, өңір болашағы жастардың спортқа деген ынтасы мен олардың көз жанарындағы отты әрі қарай лаулату өзіңіздің қолыңызда дегім келеді. ...
ТолығырақЖауаптар
А. Бексейітоваға a.bekseiitova@gmail.com Тел: 8-778-282-52-82 Конькимен мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы А.В. Симакович пен хореограф Н.В. Мироновалардың тұрақты жұмыс жасауына ықпал ету туралы білдірген, 23.11.2022 жылғы облыс әкіміне жазған өтінішіңіз бойынша төмендегіні назарыңызға жеткіземіз. Қазіргі таңда, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына қарасты №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің (бұдан әрі – Спорт мектебі) конькимен мәнерлеп сырғанау бөлімшесінде жаттықтырушы-оқытушы болып қызмет жасайтын А.В. Симакович пен хореограф Н.В. Мироновалардың жұмыстарына қанағаттанбаған ата-аналардан арыз түсуіне байланысты, спорт мектебі директорының 2022 жылғы 11 қарашадағы №402 бұйрығымен жаттықтырушы мен хореографтың жұмысына жан-жақты талдама жүргізілуде. Осыған орай, жүргізілген талдаманың нәтижесі негізінде шешім қабылданатын болады.
Нәлібаев Н.М. 29.11.2022, 06:54Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 22.11.2022, 05:31Арыстанбаев Аскар
- Нәлібаев Н.М.
- 22.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 88
- № 759941
Құрметті облыс әкімі, Қызылорда облысының уақытын Қазақстан уақытымен қайтып орнына қою мәселесін шешсеңіз, қазіргі таңда ақпараттық технологиялар дамыған уақытта көптеген қиыншылықтар туындауда, банктік операциялар, Астана, Алматы бас офистермен Қызылорда филиалдардын жұмыс жасау уақыттары сәйкес келмеуі, сондай ақ теміржолмен әуежайдын уақытымен сәйкес келмеуі, сонмен қатар қалаға келген қонақтарға және басқа қалада вахтамен жұмыс іститын азамматарға қиыншылық туындауда. Табиғаттын, яғни күннің батуы уақыттары басқа қалалармен салыстырғанда 1 сағат емес, әрі кетсе 15-20 минут құрайды. Бір Ел болғасын, төсектен бір уақытта тұрып, бір мерзімде тіршілік етейік. Құрметті әкім, назар аударғаныңызға рахмет. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз назарға алынды.
Нәлібаев Н.М. 22.11.2022, 01:32А. Арыстанбаевқа тел.: 8 778 788 3644 электрондық пошта: Arystanbayev.askar@bk.ru «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 817 қаулысы бекітілді. Қаулыға сәйкес, Қызылорда облысында 2018 жылғы 21 желтоқсаннан бастап жергілікті уақыт бір сағат артқа ауыстырылды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы аумағында уақыт өлшемі тәртібін түбегейлі реттеу мақсатында Сауда және Интеграция министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылыған болатын. Жұмыс тобында салалық В. Фесенков атындағы Астрофизика Институты мамандары Қазақстан аумағында бірегей UTC+5 уақыт өлшемін қолдану тиімділігі ұсынысы өзге де ҒЗИ, Министрліктермен қолдау тауып 14.12.2021 ж. ҚР Үкіметіне хаттамалық шешіммен ұсыныс енгізілген. Осы ретте, Қазақстан Республикасы аумағында уақы өлшемі тәртібін реттеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Сауда және Интеграция министрлігі Метрология және техникалық реттеу комитетімен жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Нәлібаев Н.М. 25.11.2022, 07:20