• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Беріков Айқұт
  • Нәлібаев Н.М.
  • 26.05.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
  • 8
  • № 741045/1

Мен, Берікұлы Айқұт, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бәйімбетов көшесінің тұрғынымын. Бізде өткен жылдары қаланың біз жақ бөлігіндегі барлық көшеге асфальт төседі, тек біздің көшеге ғана істемей кетті және әзір істейтін ойлары жоқ секілді. Біздің көшенің жолдары қаламыздағы ең нашар жолдардың бірі, тіпті жаңбыр жауған күндері көше ортасына үлкен су жиналып машиналар өте алмайтындай деңгейгі жетеді. Жолдың нашарлығынан бүкіл машиналар салдырап қалып жатыр. Неге біздің ғана көшеге асфальт төсемей кетті деген сұраққа жауап іздеп жүрміз және әзірше ешкім жауап бере алмай жатыр. Осы мәселені шешіп берсеңіздер, Жаңа Қазақстанмен бірге біздің көшеге жаңа жол келеді деген үміттеміз. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 26.05.2022, 12:20
Әзілхан Жасұлан
  • Нәлібаев Н.М.
  • 20.05.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Көлік ·
  • 27
  • № 740314

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, біздер ардагерлер көбінесе қалалық маршрут көліктерімен көбірек жүреміз. Сол көліктердің ішіндегі жеке компаниялардың автобустарына мінсең бір жүк тиеп келе жатқан көлікке мінгендей боласың. Себебі, жүргізушінің бір қолы құлағындағы телефонда, екінші қолы рульде. Жол бойы сөйлесетіні, сен қай маңайда келесің, басқа автобустар қалай келеді деп хабар алумен болады. Бір уақыт ілбіп жай жүреді де содан соң артынан біреу қуғандай айдайды келіп, ішінде отырған адам ба, әлде топан ба білмей қаласың. Кей кездері бір жерге келіп тоқтап тұрып алады. Неге жүрмейсің десең, уақытымнан ерте шықтым дейді, кейде жауап та қайтармайды. Осы келеңсіздіктерді тоқтататын амал бар ма екен. Осы мәселені бір жақты қылса өте жақсы болар еді. Екінші мәселе, бұрындары 70 жастан асқан ардагерлер барлық көлікке жарты бағасымен жүретін еді. Қазіргі кезде осы артықшылықты жеке автобустардан алып тастады. 70-тен асқан ардагерлер онша көп емес қой, соны қайтадан орнына әкелуге болатын шығар. Үшінші мәселе, биыл балалар жылы деп жатырмыз. Үлкен қалаларда оқушы балалар автобуста тегін жүреді. Бізде неге соны қолданысқа енгізбеске. Мектепке кей үйлерден 3 балаға қатынайды. Осы шығындарды айына есептеп көрсеңіз біраз қаражат жұмсалады екен. Кей семьялар айына алатыны 50-60 теңге, соны есептесеңіз қалай ауыр болатынын сезетін шығарсыз. Осы айтылған мәслелер шешуін тауып жатса халық ризашылығын білдіріп, президент бастаған Жаңа Қазақстан құруға әбден септігіңіз тиетін болар еді. Құрметпен, еңбек ардагері Шалбол Жақсылық Әзілханұлы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 20.05.2022, 12:25
Кембаева Сәрсенкүл
  • Нәлібаев Н.М.
  • 19.05.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Жер мәселелері ·
  • 25
  • № 740089

Мен Кембаева Сәрсен Әбдірәсілқызы , 3- баланың анасы, жесір әйел, Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Шиелі кенті , Шәкәрім Құдайберді көшесі №20 үйдің тұрғынымын, Жер дауына байланысты .Шиелі ауданыдық соты, Шиелі әкімінің аппарты, Шиелі ауданының жер бөлімі, Шиелі ауданының прокурортурасы, қармағандықтан, Жер дауына байланысты Қызылорда облысының мамадырылрған ауданаралық әкімшілік сотты, Судя М.Сәрсенов қаралған болатын,Алайдана шыққан сот шешіміне қанағаттанбаумызға байланысты қарап беруінізді сұраймын, Үй құжжаттарым оргинал емес, бәрі көшірме, үй егесісіз құжаттар жасалған, үй егесінің қолдары жоқ, және гос актімде 0,0573 гектар, кәзіргі кезде жер көлемім 4 жарым , әділдік жолмен қарап беруінізді сұраймын ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 19.05.2022, 10:24
ТУЛЕПОВА МАДИНА
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 02.10.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
  • 155
  • № 708067

Исх.№ 57 от « 01 » октября 2021 г. Акиму Кызылординской области г-же Абдыкаликовой Г.Н. Уважаемая Гульшара Наушаевна! Направляем Вам Обращение от имени Общественного объединения «Поддержка инициативы» с рекомендациями и предложениями, полученными по итогам реализации проекта «Перспективные профессии будущего: Решение проблем безработицы». Внедрение предложенных рекомендаций по переквалификации безработных по более востребованным и трудоустраиваемым видам специальностей будет способствовать снижению уровня безработицы в регионе в целом, а, следовательно, улучшению социально-экономического положения граждан Казахстана, и в том числе Кызылординской области. Проект «Перспективные профессии будущего: Решение проблем безработицы» реализуется ОО «Поддержка инициативы» при поддержке Фонда «Евразия» в рамках Программы «Социальные инновации в Центральной Азии», финансируемой Агентством США по Международному Развитию (USAID). К письму прилагается: 1. Обращение на 3 стр. 2. Аналитический отчёт по итогам подготовки конкурентоспособных востребованных на рынке труда специалистов и вовлечения их в активную жизненную позицию, проведенного по проекту «Перспективные профессии будущего: Решение проблем безработицы» на 18 стр. С уважением, Председатель ОО «Поддержка инициативы» Тулепова М.Е. ...

Толығырақ

Жауаптар


На ваше предложение касательно краткосрочного обучения по более востребованным видам специальностей в рамках государственной программы «Развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» сообщаем следующее. В рамках государственной программы "Еңбек" краткострочное обучение организуется в учебных центрах и учебных заведениях, включенных в Реестр Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» в соответствии с действующими правилами от 26 ноября 2018 года № 646. Одним из требований целей включения учебных центров и учебных заведений в Реестр является использование элементов дуального обучения с наставничеством, которое предусматривает теоритическое обучение и не менее 60 процентов производственного обучения, профессиональной практики на базе предприятия наличие опыта проведения краткосрочного обучения, 60 процентов трудоустройства после прохождения курсов. Ваши предложения, в рамках проект «Перспективные профессии будущего: Решение проблем безработицы», в дальнейшем будет учитываться в процессе работы. В соответствии с частью 1 статьи 91 «Административно процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан», Вы имеете право обжаловать его в вышестоящий орган или в суд.

Әбдіқалықова Г.Н. 25.10.2021, 08:17

Ваше обращение сейчас находится на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Әбдіқалықова Г.Н. 04.10.2021, 06:34
Усенова Ботагоз
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 11.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
  • 214
  • № 690184

Сәлеметсіз бе, Құрметті Гүлшара Наушақызы. Менің өтініш беру себебім, 2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы, 6-сектор бойынша Ұлағат 10/2 мекен-жайында толық жұмыс жасалмады. Менің қолыма "Ақау акт"-сі берілмеді және бригадир берілмейтінін мәлімдеді. Маған жасалған жұмыстарына "Ақау АКТ"-сін сметалық құжаттар көшірмесін сұраймын. Өтініш беруші: Усенова Ботагоз Абдулхадиевна ...

Толығырақ

Жауаптар


Түркістан облысы, Арыс қаласы,Ұлағат (Автобаза) көшесі№10/2тұрғын үйде апат салдарынан анықталған ақаулар қалпына келтірілді. Тұрғын үй бойынша атқарылған жұмыстар актісі, ақау актісі түпнұсқасы Арыс қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне өткізілгендігін хабарлайды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңның 12-бабына сәйкес берілген ақпаратқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары тұрған органдарға шағымдану құқығыңыз бар екендігін назарыңызға саламыз. Қосымша ақау актісінің көшірмесі қоса жолданды.

Әбдіқалықова Г.Н. 17.06.2021, 10:27

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 14.06.2021, 09:39
Әлиясқарова Фарида
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 10.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 211
  • № 690027

Сәлеметсізбе Наушақызы Гүлшара ханым. Менің қояр сұрағым ПЦР -тестке қатысты, яғни мен көпбалалы ана ретінде менің екі қызыма Осипенко атындағы 8 мектеп оқушысы Кеңес Сабина және Кеңес Зәуренайға лагерге ағымдағы жылдың маусым айының 13-не баруға тегін жолдама берген болатын. Балаларым лагерге баратынына қуанып, поликлиникаға керекті анализдерін тапсыртып жолдама бойынша керекті құжаттарды дайындап қойған болатынмын. Тек ПЦР-тест осы айдың 10-нан бастап тапсыруымыз керек еді. Алайда ПЦР -тесттің ақшасыз тапсыру мәселесі бүгінгі күнге дейін неге шешілмей тұрғанын түсіндіріп берсеңіз. Себебі 1-ші паток бойынша лагерге кеткен балалар ПЦР-тестті тегін тапсырған. Мен осы айдың басында балаларымның құжаттарын дайындау барысында ЖД поликлиника бізге ПЦР -тест тегін деп айтып келіп, тапсыратын уақытта "67 -санды 25.12.2020 жылғы Приказ бойынша"ақылы (8000 теңге) деп жауап берді. Сонда бұл бұйрық 1 -паток бойынша лагерге кеткен балаларға тегін, ал екінші паток лагерге кететін балларға ақылы екенін қалай түсінуге болады. Бұл сұрақ бойынша Сооl центр 400001 -номеріне шағымданған болатынмын. Нәтижсінде ЖД поликлиникасының аудиторы бұл мәселе әлі шешілмей тұрғанын, акімшіліктен жауап күтіп отырғанын жеткізіп отыр. Жоғарыда айтылған мәселені тездетіп шешіп берсеңіздер екен. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қазіргі таңда, балалардың жазғы тынығу лагерлеріне баруы үшін тапсырылатын «Covіd-19» теріс нәтижесі бар анықтама «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы әр балаға 3200 теңгеге төмендетіліп отырғандығын назарыңызға жеткіземіз. Сауықтыру лагерлеріне баратын балалар жоғарыда көрсетілген бағамен «Covіd-19» теріс нәтижесі бар анықтаманы алуға мүмкіндігі бар. Егер де берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдануға құқыңыз бар екендігі түсіндіріледі.

Әбдіқалықова Г.Н. 25.06.2021, 08:18

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 14.06.2021, 09:36
Корганбекова Шарбану
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 10.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
  • 182
  • № 690002

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Мен, Корганбекова Шарбану Сагынбековна, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылының тұрғыны, осы хатым арқылы Сізден жеке басымның мәселелерін шешуге қол ұшыңызды беруді сұрағалы отырмын. «Барар жерім, басар тауым қалмады» деп атам қазақ айтпақшы, осы бір дамушы «Қазақстан» атты мемлекеттің мен де бір азаматымын. Осы уақытқа дейін «әкім», «депутат» деген атқамінерлерге жүгініп көрмеген екенмін. Оның себебі, баршаға мәлім дүние – оларға деген сенімнің жоқтығы. Бойымда күш-қуаттың барында балаларымды өз жігеріммен оқытып, өз алдына үй етіп келдім. Құдайға шүкір, 3 (үш) қызым оқуларын аяқтап, өмірде серіктерін жолықтырып, қазір тұрмыста. Қыздарымнан кейін дүниеге келген 2 (екі) ұлыма осыдан 1 жыл бұрын медицина өкілдері «кеуде қуысының шұңқыр тәрізді деформациясы» деген, атын естігенде адам шошитын диагноз қойған болатын. Үлкен ұлым Утебеков Азамат Батырбайұлы – 2 деңгейдегі сипатымен ауырса, кіші ұлым Өтебеков Мағжан Батырбайұлы – 3 дегейлі деформациямен қиналады. Екі ұлыма да аталмыш науқастан айықтыру мақсатында арнайы ота жасалып, қазіргі уақытта екеуі де кеудесінде темір «қалқанды» арқалап жүр. Үлкенім Азамат 18-ден асқан жігіт, Алматы қаласында Интердент медициналық колледжінің «ақылы» бөлім студенті. Пандемия кезінде оқу ақшасын өтеу үшін өзі жалданып жұмыс істемек болып-ақ еді, алайда кеудедегі «темір» мұрша бермеді. Кіші ұлым 13 жастағы мектеп оқушысы. Кейде балалыққа салынып, ойнап кетіп, артынша кеудесін ұстап, ауырсынып келіп тұрады. Балаларымның әкесінің бар тапқаны, күнделікті тұрмыс пен Азаматымның оқу ақысынан артылмайды. Өзім де үйде отыра алмай кейбір ауыл ішінде майда-шүйде бірреттік жұмыстарға да шығып кететінім бар. Жұмыстан соң бойымдағы «қант диабеті» өзінің бар екенін білдіріп, 2-3 күн ауылдық емхана төсегінен тұрғызбай қояды. Жұмысқа баруыма тағы бір кедергі Мағжанымның кеудесіндегі «темірді» күзетпесем, балалыққа салынып, тағы да ота үстелінен бір-ақ шыға ма деп қорқамын. Құрметті Гүлшара Наушақызы, жоғарыда көрсеткен мәселелерімнің нүктесі осы екі ұлыма мемлекет берген мүмкіндік, яғни «мүгедектік» тағайындау. Аты жаман болса да, осы екі қанатымның керегіне жаратылатын осы бір кішігірім айлық жәрдемақыны Өзіңізден сұрауға мәжбүр болып отырмын. Аталмыш қаражат ең болмағанда 6 айда Нұр-Сұлтан қаласына ота жасаған емханаға реаблитациялық ем алуға барып қайтуларына үлкен жәрдем болар еді. Мынадай қиын-қыстау заманда Нұр-Сұлтан түгілі облыс орталығына барып-қайту да біршама шығынды талап етеді. Ел басындағы шенеуліктеріміз теледидардан «Жастарға, жасөспірімдерге, балаларға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру» деп ұрандап жатады ғой. Сол ұранның жемісінен менің ұлдарым да қол ұшын алса деген арманмен, және де елімізде облыс «тұтқасын» ұстап отырған жалғыз «АНА» ретінде Сізге сенім артып, осы хатымды жолдап отырмын. Тағы бір өтінерім, облыс, аудан, ауыл деңгейіне хатты түсіріп, олар қайтадан бұрынғы «әніне» көшпес үшін және менің ұлдарымның мәселесі «собездің» үстелінде қалып қоймас үшін Өзіңіздің жіті қадағалауыңызға алуыңызды сұраймын. Облыс пен ауданның талай кабинеттерін аралаған құжаттарымды EGOV порталы арқылы Қызылорда облысы әкімінің аппаратына жібердім. Байланыс телефондарым: 87012471003, 87478754606 ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің жазған арызыңыз 18 маусым 2021 жылы Жаңақорған ауданаралық ауруханасының «Пациенті қолдау және ішкі бақылау отырысында» талданып, қатысты мамандардан түсініктеме алынған. Сіздің 12.04.2008 жылы туылған балаңыз Өтебеков Мағжан Батырбайұлы, 17.09.2002 жылы туылған балаңыз Өтебеков Азамат Батырбайұлы «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде Жанақорған ауданы, Төменарық ауылы, Ш.Дүйсебеков көшесі №50 үйде тіркелген. Балаңыз Мағжан 2010 жылдан бастап «Врожденная деформация грудной клетки» диагнозымен аймақтық және травматолог дәрігердің бақылауында болып, 14.02.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала Ұлттық Ғылыми орталығында» «Төс сүйегіне Насса әдісі бойынша торакопластика» отасы жасалынған. Бүгінгі таңда «Врожденная воронкообразная деформация грудной клетки. Состояние после операции «торокопластика по Насса» от 14.02.2020 г, Металлоконструкция грудной клетки» диагнозымен емхананың травматолог дәрігерінің бақылауында. 27.03 - 07.04.2020 жылы аралығында ауданаралық аурухананың оңалту бөлімінде «Другие врожденные деформации грудной клетки» диагнозымен оңалту емін қабылдаған. 17.06.20 жылы балаңыз М.Өтебековты алғаш куәландыруда сүйек-буын жүйесінде кеуденің шұңқыр тәрізді туа біткен ақауы бойынша 14.02.20 жылы жүргізілген отадан кейінгі кезеңде ұзақ мерзімді қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын талап ететін жай-күйге байланысты, Медициналық-әлеуметтк сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығының негізінде «мүгедек бала» санаты белгіленіп, мүгедектік бір жыл мерзімге тағайындалған. Балаңыз 02.10.2020 жылы Нұр – Сұлтан қаласындағы Республикалық диагностикалық орталығының травматолог-ортопед дәрігерімен көрініп, «Өкпе қуысының деформациясының (майысуы) қалпына келтірілгені, отадан кейінгі тыртық асқынусыз екендігі, өкпе қуысының қозғалысы толық екендігі» деген қорытынды беріліп, кеңес, ем шаралар ұсынылған. 15.02- 27.02.2021 ж аралығында ауданаралық аурухананың оңалту бөлімінде «Q67.8 Другие врожденные деформации грудной клетки» диагнозымен кезекті оңалту емін қабылдаған. 08.06.2021 жылы травматолог дәрігермен «Медициналық –әлеуметтік сараптаманың қорытындысы» №31/е нысаны «Врожденная воронкообразная деформация грудной клетки ІІІ степени. Состояние после операции. Торакопластика по Насса от 14.02.2020 года. Металлоконструкция грудной клетки» диагнозымен толтырылып (онлайн) медициналық әлеуметтік сараптама бөліміне қайта куәләндіруге жолданған болатын, алайда 08.06.21ж. сырттай қайта куәландыруда №2 МӘС бөлімімен медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылған медициналық құжаттар бойынша М.Өтебековке жүргізілген емдік-оңалту іс-шараларының нәтижесінде оңалтудың жоғары әлеуетін ескере отырып, мүгедектік топ тағайындамау туралы сараптамалық қорытынды шығарылған. Сонымен қатар, дәрігер травматологтың бақылауында «Состояние после операции. Торакопластика по Насса от 26.11.2020 г. Металлоконструкция грудной клетки» диагнозымен тұратын 17.09.2002 жылы туылған балаңыз Өтебеков Азамат Батырбайұлының құжаттары да 30 наурыз 2021 жылы облыстық медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясына №189 жолдама ұсынылып, ауызша комиссия мүшелері баланы мүгедек деп тануға негіз жоқ деген қорытынды шығарған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 18.06.2021 жылы №1-10/ЖТ-К-567/1 шығыс хатымен ұсынған мәліметінде: Мүгедектікті белгілеу және куәландыратын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі-Қағида) делінген. Аталған сараптама қорытындысына қанағаттанбағандығы туралы 11.06.21 жылы жазған арызыңыз бойынша М.Өтебековке 18.06.21 жылы МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде куәландыру өткізілген. Куәландыруда медициналық құжаттарды зерделеу және объективті қарау негізінде, қолданылған оңалту іс-шараларын және төс сүйегіндегі жеңіл бұзылыс түріндегі аурудың салдарын ескеріп, М.Өтебековке Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес он алты жасқа дейінгі “мүгедек бала” санатымен мүгедектік тағайындауға медициналық көрсетілімдер жоқтығы, № 2 МӘС бөлімінің 08.06.2021 ж. сараптамалық шешімінің негізділігі және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетіндігі туралы 18.06.21ж. сараптамалық қорытынды шығарылған. Қағиданың 39-тармағына сәйкес, куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі келіспеген кезде, МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысын оны алған күннен бастап бір ай ішінде МӘС әдіснама және бақылау бөліміне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады. Осыған байланысты, департамент мамандары Сізге жоғарыда аталған МӘС актілеріне (08.06.21ж., 18.06.21ж.) сотқа шағымдануға құқылы екендігіңіз түсіндіріліп, 18.06.21жылы жазған арызыңызға жауап хат жолданған. Сіздің екінші балаңыз А.Өтебеков қазіргі уақытқа дейін медициналық мекеменің ДКК-мен денсаулығының өзгеруіне байланысты МӘС-ға куәландыруға жіберілмеген. Қағиданың 4-тармағына байланысты МӘС жүргізу үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі-ДКК) жолдамасы негіздеме болып табылады. Қағиданың 7-тармағына сәйкес, медициналық тексеріп-қараудың толықтығы, көлемі және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігі медициналық ұйымның ДКК төрағасына жүктелген. Егер, А. Утебековтің организм функцияларының тұрақты бұзылуы анықталған жағдайда, медициналық мекеменің ДКК-сы оны №31/е нысанды жолдамамен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібере алады. Осыған байланысты, Сіз балаңыз А.Өтебековтің денсаулық жағдайына байланысты МӘС-ға жолдау мәселесімен ол тіркелген медициналық мекеменің ДКК-на жүгінуге құқығы бар екендігі жоғарыда аталған жауапхатпен (18.06.21ж.) түсіндірілген. Сонымен қатар, Жаңақорған аудандық әкімшілігінен 21.06.2021 жылы келген №04-4/4015 шығыс хатында Сіздің ұлдарыңыздың ем алуына қаржылай көмек көрсету мақсатында бюджеттен арнайы қаржы қаралмайтындығы, ал «Жебеуші» қоғамдық қорында қазіргі таңда қаржы болмауына байланысты, қаржылай көмек көрсету мүмкін болмай отырғаны жазылған. Алдағы уақытта демеушілер тарапынан қорға қаржы түскен жағдайда өтінішіңіз ескерілетіні болады. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 14.06.2021 жылы келген № 05-23/2219 шығыс хатында балалары А.Б. Утебеков пен М.Б.Өтебековтердің диагнозына сәйкес мүгедектік тағайындалған жағдайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығына сәйкес тиісті оңалту шаралары жүргізілетінін хабарлаған. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес, қабылданған шешімге келіспеген жағдайда жоғары тұрған немесе сот органдарына шағымдануыңызға болатындығын назарыңызға саламыз.

Әбдіқалықова Г.Н. 25.06.2021, 10:43

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 10.06.2021, 06:17
Ажигалиев Изатулла
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 10.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 228
  • № 689892

Құрметті Әбдіқалықова Г.Н. ханым! Сізге жазған хабарламаға кіріс (№689414 8. 06.2021ж)ұнады қарастырылуда деп берген жауабыңызға қанағаттанбай Қалаға өте тиімді әдіс иесі Ашық үкімет порталынан орындауға тиісті мекемелерге жіберген хабарламаларыңызды сіздің блок –платформаларыздан көру ді өтінеді және Ашық үкіметке көрсету үшін хабарламаны қайталауды жөн көріп отыр «Құрметті Г.Н.Әбдіқалықова ханым! Жақын арада Қызылорда қаласының көпқабатты ғимараттардың тұрғындарының проблемалары туралы орталық бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған болатын. Қызылорда қаласы Сырдарыяның жағасында тұрғандықтан барлық өзен жағасындағы қалалар сияқты жер асты суларының әсерінен ғимараттардың іргетастарының табанының негізі болатын топырақтардың арасындағы сазды қоспалардың көшуінің әсерінен болатын деформацияға ұшырайды. Зияткерлік меншік иесі Ажығалиев Изатулла СН РК 5.01-02-2013 бойынша 5.3.1.13 бабындағы бірінші сызықтағы қатты материалды кішірейтіп, керек жеріне және оған ғана белгілі жолмен орнықтылықты қалпына келтірудің арзан тәсілін ойлап тапты және бұл инновациялық тәсіл: - Әділет министрлігінде тіркелді(қос3.) - Қалалық техникалық совет қолдады(қос4.). - Қалалық сараптама басқармасы тексеріп, мақұлдады(қос3.). Бұл инновациялық тәсіл( автор «Анел»деген атау берді) Қызылорда қаласындағы деформацияға ұшыраған үйлерді жөндеу алдында орнықтылық қалпына келтіру үшін қолдануға болады . Инновациялық тәсіл болғандықтан жобалау жұмыстары мен құрылыс жұмыстарының аты сметалық нормаларда және құрлыс лицензиясында кездеспейді. Таблицаға көз жүгіртсеңіз тәсілдің тиімділігін:уақыт жағынанда,әрі қаражат жағынанда көруге болады ТАБЛИЦА №1 Сравнительная таблица классического метода с инновационным методом для восстановительных работ: № п/п Наименование Ед.изм. Восстановительные работы Классический метод Инновационный метод 1. Строительные работы млн. тенге 150 млн. 1үй ертеректе істелген болатын 1 жылдай уақытта 30 млн. 2. Количество домов Из СМИ 14 14 3. Стоимость всех домов 2 млрд. 100 млн 420 млн 4. 14 жыл 3 ай СН РК СН РК 5.01-02-2013бойынша істелген және жоғарыда айтылғандай 5 есе арзан зияткерлік меншіктің иесі мемлекеттік сатып алу басқармасына өзінің зияткерлік меншігін қорғау үшін қоятын шарттары бар: 1.күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілетін барлық 14 ғимаратты орнықтылық қалпына келтіру 1ғана келісім шартпен жүргізіледі. 2 .Салынып жатқан ғимараттар құрлыс жұмыстары біткеннен кейін ғана алдағы уақытта деформацияға ұшырамау үшін Анел тәсілі 1 келісім шартпен барлық ғимараттарға енгізілгеннен кейін ғана Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен бекітілген ғимараттар Объектіні пайдалануға қабылдау актісі бойынша жұмыс жүргізіуді ұсынады. ЖШС «СымбатСтройПроект» директоры, Зияткерлік меншік иесі Ажигалиев И. Қосымша № 3 Қосымша № 4 87753478855 сот 87252411142дом ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Изатулла Ажығалиев, Сіздің 2021 жылдың 8-10 маусымында жазған өтініштеріңізді Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес қарап, төмендегіні хабарлайды. Деформацияға ұшыраған үйлерді қалпына келтіру үшін ұсынылған инновациялық тәсіл бойынша келесі мәліметтер қажет етіледі: 1) деформацияға ұшыраған үйлерді жөндеу алдында орнықтылықты қалпына келтіру мақсатында инновациялық тәсілді пайдалану тәртібі; 2) құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс сапасының қамтамасыз етілуі; 3) инновациялық тәсілмен құрылымды күшейту жұмыстарын жүргізілгеннен кейін деформацияның қайталанбауына берілетін кепілдік дәрежесі, уақыты; 4) құрылыс жұмыстары бойынша классикалық және инновациялық тәсілдердің айырмашылығы (технологиялық, қаржылық, мерзімі); 5) құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін алдағы уақытта деформацияның қайталанбауына берілетін кепілдік. Осы аталған инновациялық тәсілді пайдалану жұмыстарын пысықтау үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері, Қызылорда облысының құрылысшылар Ассоцациясы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, мердігерлер, жобалаушы мекемелер, техникалық және авторлық қадағалаушы өкілдерін қатыстыра отырып, Қызылорда қаласына келіп, өз тарапыңыздан таныстыру рәсімін жүргізу қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының 2021 жылғы 15 маусымдағы №02-03/807 хатына сәйкес: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының (бұдан әрі -Заң) 5-бабының 2-тармағына мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мәліметтерді көздейді: 1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды; 2) анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы, оған қоса мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған сомалар; 3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері. Өз ретінде, Заңның 13-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдермен: 1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс); 2) аукциондар; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) бір көзден алу; 5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Ал, Заңның 39-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айырықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу көзделген. Жоғарыда көрсетілгендерді назарыңызға жеткізе келе, білдірілген ұсыныс бойынша аталған заңдылық нормаларын басшылыққа ала отырып, шешім қабылдау ұсынылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес, қабылданған шешімге келіспеген жағдайда жоғары тұрған немесе сот органдарына шағымдануыңызға болатындығын назарыңызға саламыз.

Әбдіқалықова Г.Н. 16.06.2021, 05:33

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 10.06.2021, 06:13
Жусупбекова Акмарал
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 184
  • № 689828

Саламатсыз ба! Менің сұрағым инклюзивті кабинеттер жайында. Менің ұлым Сейтхан Әмір 20.01.2019ж Двухсторонняя микротия и атрезия деген диагнозбен туылды, яғни құлағы естімейді, инвалид. Баланың дамуы кешеуілдемесін деп, басқа балалармен араласып сөйлеп кетеді деген үмітпен уйіміздің жанындағы Сыр бөбегі балабақшасына бердік, балабақшаға слуховой аппарат тағып барады. Алайда әзірге нәтиже жоқ. Себебі баламен арнайы сурдолог маман, логопед, психолог бірлесе отырып жұмыс жасауы керек, бұл балабақшада сурдолог маманы жоқ. Қаламызда тек 2 балабақшада ғана сурдолог жұмыс жасайды екен; 1.Шаттық балабақшасында бала саны толық 2.Сыр жұлдызы балабақшасы өте қашық (Комсомолда), Арай мкр орналасқан орталыққа баланы апару үшін 6 ай кезекте тұру керек!!!! Бір сөзбен айтқанда, құлағында мүкістігі бар балалардың толыққанды білім алуына ешқандай жағдай жасалмаған. Ал дәл қазір, мектепке дейінгі кезеңде бұл балалар үшін сурдолог және логопедпен оқу өте маңызды, себебі бала сөйлеп үйреніп, мектепке баска балалар қатарлы баруға мүмкіндік алады, ал оқытпаса, өмір бойына инвалид болып қалады!!!!! Менің ұсынысым: 1. Сыр бөбегі балабақшасына сурдолог маман қажет 2. Балаға слуховой, речевой аппарат керек Осы мәселені шешіп берсеңіздер екен, инклюзивті кабинеттерді көбейтсеңіздер екен!!!! Рахмет! ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің балаңыз Сейітхан Әмір Біржанұлы (20.01.2019 ж.т.) Саяхат №16/25 мекен-жайы бойынша Қызылорда қалалық білім бөлімінің 02.03.2021 ж. № 10001514570 жолдамасымен «Сыр бөбегі» бөбекжай балабақшасына қабылданған. Сейітхан Әмір Біржанұлы балабақшаның диспансерлік есебіне алынып, баламен логопед, психолог мамандар жұмыс жасауда. Өтініште көрсетілген балабақшада арнайы сурдолог маманмен қамтамасыз ету балабақшаның штаттық бірлігінде қаралмаған. Алайда, «Инклюзивті білім беруді дамытудың 2020 - 2022 жылғы өңірлік жол картасы» аясында «Сыр бөбегі» бөбекжай балабақшасын сурдолог маманымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес, жоғары тұрған немесе басқа да уәкілетті органдарға (оның ішінде сот органдарына) шағым беруге құқылы екендігіңізді білдіреміз.

Әбдіқалықова Г.Н. 24.06.2021, 05:53

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 09.06.2021, 07:35
Қуанышбаева Мереке
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 08.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 245
  • № 689532

Кайырлы кун! Гулшара Наушакызы! Мен 28.04,2021 ж орынбасарыныз Шаменованын кабылдауында болдым, маселем шешимин таппагындыктан 25.05.2021 ж сизге отиниш жазган болатынмын.Натижесинде, жумыспен камту орталыгы маган уялы телефоныма хабарласып ,Магнум сауда орталында кассир, заправкада кассир осы 2 бос жумыс орнын усынды.Жалгыз басты ана болгандыктан осы аталган мекемелерден бас тартканым рас, себебы день ночь болып жумыс жасайды, кызыма карайтын мумкындык болмай калады. Сонымен катар АО Народный банк, АО Сбербанк , АО Форте банк филиалдарына сураныс хат жолдаганын малимдеды. Филиал окилдеры бос орын жок екенин малимдеды. Алайда, 04.06.2021 ж АО Форте банк жумыска кассага Жонейт Айнур есимды азаматшаны кызметке кабылдады. Акпаратты ести салысымен дереу филиал кадрына хабарластым.бастык жумыска кимды алады ози биледы. деп кыска кайырды.сойлесу ангимемизды уялы телефоныма записке басып алдым, жане кадрдан электронды почта аркылы апрель айынан бастап вакация сурап отырдым.жок деп отырды да 04.05.2021 ж баска адамга приказ шыгарды.,бул калай болганы? Каламызда сыбайлас жемкорлык белен алып турганы белгили болды.бул факт. Сизден отиниш мены мамандыгыммен туракты жумыска кабылданызшы. Каламызда банк филиалдары оте коп. Бирак таныссыз алмайды, оган накты далел АО Форте банк. Бом жумыс орны жок деп артынша баска адамга приказ шыгарды. КР Прокотоурасына, сыбайлас жемкорлык агенттигине ,БАК окилдери ягни журналистерге хабарласып комек сурауыма болады, бирак мен каламыздын жаман атын шыгаргым келмиды. Керисинше , озимнын туган калама енбек етким келеды.Комектесинизши.Мен сизге сенемын. рахмет ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Мереке Бағдатқызы! Сіздің облыс әкімінің веб-порталына жолдаған өтінішіңізді Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес зерделеп, төмендегіні хабарлайды. Сіздің өтінішіңіз бойынша Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының (бұдан әрі- Заң) 11-бабы 6-тармағы және 13-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға өтініш білдірген жағдайда оларға лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, тіркелген күннен бастап он жұмыс күн ішінде лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдеседі. Осыған орай, Сіздің өтінішіңізге сәйкес облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан «Foprte Банк» Қызылорда облыстық филиалына, «Сбербанк» АҚ-ның еншілес банкі филиалына, «Halyk bank» АҚ-ның Қызылорда филиалына Сізді жұмысқа орналастыруға ықпал жасау туралы шығыс хаты (29.04.2021 ж. №02-32/1614) жолданып, банк тараптарынан бос орынның болмауына байланысты жұмысқа қабылдай алмайтындығы туралы жауаптары («Foprte Банк» филиалы 04.05.2021 ж №25-250408/1129, «Halyk bank» АҚ 12.05.2021 №02-3091) алынды. Сондай-ақ, Сіздің түйіндемеңіз «Гермес LD», «Найза Күзет» ЖШС, «Бексугир» ЖШС, ШЖҚ «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС, «QZ-VRD» ЖШС-не жолданып, олар Сізді сұхбаттасуға шақырды, бірақ Сіз Нұр-Сұлтан қаласында болып бармағансыз. Бұдан басқа, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан (ұялы телефон арқылы Сізбен сөйлесу барысында) қала мекемелерінен келіп түскен бос жұмыс орындарының сұранысына сәйкес «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Magnum Cash&Carry» ЖШС №1 филиалы, «Кызылорда ГАЗ-KZ», «Sinooil» ЖШС мекемелерінің «оператор», «кассир» мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары ұсынылған, алайда (өзіңізге белгілі себептерге байланысты) бас тарттыңыз. Жоғарыдағыны айта келе Заңның 13-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін жұмыс іздеуге мүдделік білдіруге тиіс. Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына жолығуға және электронды еңбек биржасы www.enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарын бақылап отыруға болатындығын түсіндіреді. Сонымен қатар, Сіздің өтінішіңізде «банк өкілдері» тарапынан заң бүзушылыққа қатысты жергілікті атқарушы органның бизнес субъектілерінің ішкі кадрларды таңдауына құқығы жоқ екендігін назарыңызға жеткіземіз. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес, қабылданған шешімге келіспеген жағдайда жоғары тұрған немесе сот органдарына шағымдануыңызға болатындығын назарыңызға саламыз.

Әбдіқалықова Г.Н. 15.06.2021, 10:53

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 08.06.2021, 05:24
    Нәлібаев Н.М.

    Қызылорда облысының әкімі

    Нәлібаев Н.М.

    Қызылорда облысының әкімі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика