- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Нухиев Бағлан
- Нәлібаев Н.М.
- 15.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 82
- № 759242
Мен Нухиев Бағлан Иманшаұлы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті,Жақсан Шүленов №2 үйдің тұрғынымын, төмендегі мән-жайды мәлімдеймін: Құрметті әкім мырза біздің Қармақшы ауданына 2020-2021 ж ж аралығында газ жұмыстары жүргізіліп болып,пайдаланылуға берілген болатын.Осы уақыт аралығынан бері бармаған жеріміз қалмады,атап айтар болсақ:ЖҚҚ мекемесіне 2020-2021 жылдан бері есіктің алдына газдың каробкасы яғни шырпысы қойылмағандығы жөнінде айтып,қаншама мәрте бардық.Одан нәтиже шықпағасын Қармақшы ауданының әкіміне келіншегім е-өтініш арқылы мәселесін айтып әкімнің қабылдауында болды.Сол қабылдауда ЖҚҚ-ның бастығы,Газ мекемесінің бастығы және осы мәслеге тиісті мамандар болды.Әкімнің айтқан сөзі Осы 2022 жылдың |Қыркүйек айында есіктің алдына газ каробкасын қойдырып беремін деген болатын,қазір қараша айы болды.Маған ЖҚҚ мекемесі қалтаңнан істеп кіргізіп ал деген болатын,менің сізге осы өтінішті жазғандағы себебімде осы Барлық Қармақшы ауданының тұрғындары тегін есіктерінің алдында қойылып тұрған каробканы мен не үшін қаржы шығарып қоюым керек.Менің үйім сол жерге жаңадан салынса екен 30-40 жылдан бері тұрған үй,я менің үйімде болмаса көршімнің үйінде жоқ.Аудан әкіміне жазған е-өтініш,олардың хатқа жауабы барлығы бар,мен сіздерге саламын.Құрметті әкім мырза қазыр қараша айы күн суық есік алдында каробка қойылмағасын газ кіргізе алмай отырмын.Көмір алайын десем ауданға көмір келіп жатқан жоқ әйелім екі бала-шағаммен үйде тоңып отырмыз.Сізден осы өтінішімді қарауыңызды өтінемін.Өтініш иесі: Нухиев Бағлан Иманшаұлы тел нөмірі:87768745015,87029619398.көшесі:Шүленов №2 үй ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 15.11.2022, 04:32Жосалы кентін газдандыру жобасы 2016-2017 жылдары әзірленіп, 2019-2021 жылдары жүзеге асырылды. Аймақтарды газдандыру барысында Арал, Қазалы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында жобадан тыс қалған тұрғын үйлерге «ақ дақтар» жобасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, Қармақшы ауданы әкімдігі арнайы комиссия құрып, жобадан тыс қалған тұрғын үйлердің тізбесін әзірлеуде. Осыған орай, Қармақшы аудан әкімдігі тарапынан Жосалы кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобасын әзірлеп, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынғаннан кейін, құрылысына бюджеттен қаржы сұралып жұмыстар жүргізілетін болады. Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VІ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жоғары тұрған немесе сот органдарына шағымдануға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткізеді.
Нәлібаев Н.М. 17.11.2022, 10:17Жубаев Ермек
- Нәлібаев Н.М.
- 14.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 192
- № 759147
Ассалаумағалейкум құрметті әкім мырза, Сізге бірнеше сұрағымыз және сол сұрақтардың шешімін табу мақсатында өтінішіміз бар. Соңғы 5-жылдықта "Нұра топтық су құбыры" ШЖҚ РМК "Арал" СЖКБД филиалы мекемесінде еңбек етіп келеміз. Яғни тұтынушыларға ауыз су тарату және сарқынды суды бұру қызметі бойынша барымызды салып, білмегенімізді үлкендерден үйреніп осы саланы меңгеруге тырысып жүрген орта буындағы іні-қарындастарыңыз жетерлік. Бірақ айлық жалақы өте аз өкінішке орай. Тізбектемей ақ қазіргі таңда бір жанұяны орташа деңгейдегі кун-көріс деңгейінде тұрақты түрде ұстау үшін қанша қаражат керек екендігін белесіздер деп ойлаймын. Сұрақтар: 1) Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуші мекеменің үкімет алдындағы мәртебесі қандай болу керек? 2) Аталған сала мамандарының мәртебесі қандай болу керек? 3) Қазіргі таңда аталған сала мамандарының алып жүрген айлық жалақысының көлемі әділетті ме? 4) Осылай жалғаса берсе келер ұрпаққа осы саланы меңгеруге жол көрсететін мамандар қалады деп ойлайсызба? ...
ТолығырақЖауаптар
Е.Жубаевқа «Электрондық почта» yermek.zhubayev@mail.ru Сіздің 14.11.2022ж. «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалына қатысты өтінішіңіз бойынша төмендегіні түсіндіреміз. 23.11.2022 жылы филиал директоры А.Есенов, Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Ерманов, Арал аудан әкімінің орынбасары Қ.Абсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төреахметовтің қатысуымен жұмыскерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жалақы көлемін арттыру мәселесі қызметтің тарифіне және тиісті заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуге байланысты екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін хабарлаймыз.
Нәлібаев Н.М. 02.12.2022, 01:53Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 14.11.2022, 05:42Нұрмағанбетов Жасұлан
- Нәлібаев Н.М.
- 12.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 76
- № 758994
Мен Нұрмағанбетов Жасұлан Әділбекұлы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны, төмендегі мән-жайды мәлімдеймін: Қызым Әділбек Айзере ағымдағы жылдың 30 қазан күні ыстығы көтеріліп Жалағаш аудандық ауруханаға түсті. 01.11.2022 күні тағы да ыстығы көтеріліп қол-аяғы ұйып, бала түсі көгеріп қатты ауырды. Аурухана балалар дәрігері келіп ыстығын қайтаратын екпе егіп басқалай дәрігерлік жәрдем жасалмады. Осы күні баланы Рентген аппаратына түсіріп, снимок блйынша екі жақты өкпесі қабынған (пневмония) деді. Соны көріп, біле тұра балаға емдік жұмыстар жасалмады. 04.11.2022 күні қызым Айзеренің өкпесін қайта рентген аппаратына түсіргенде барлығы түгелдей қарайып дақтанғаны анықталды. Жедел түрде жасанды тыныс алу аппаратына (кислород) қосты. Осы көрсеткішті ата- анасы ретінде көріп Облыс орталығына апаруды сұрадық, алайда сұрауымыз қанағатсыз болып Бас дәрігер келіп жолға жабдықталған техника (скорой) көлігін бере алмайтынын, тағы да 2,3 күн бақылауда ұстайтынын жеткізді. 04.11.2022 түні 00:30 шамасында қызым талмаға ұшырап, есінен айрылып қалды. Осы жағдай бойынша Жалағаш аудандық ауруханасында балалар Реаминатолг дәрігері болмауына (мұқият оқыңыздар: болмауына байланысты!)байланысты аудан бас дәрігерлері облыстық балалар ауруханасынан жәрдем сұрап, маман дәрігерді жіберуді сұратқанда ешқандай көмек болмады. Алайда болған жәйтті жеткізу үшін Облыстық балалар ауруханасына 01:00 уақытта келіп шұғыл түрде Реаниматолог дәрігер сұрадық. Сол арада аталмыш дәрігерді табу, және жұмыс орнына шақыртып бетпе-бет сөйлесу үшін арада 4 сағат уақыт кетті. Сонда денсаулық саласы әлі ұйқтап, тек жұмысқа жұмыс уақыты 9:00де келуі керекпе. Алайда ҚР Президенті медицина саласының еңбегін бағалап, олардың түн ұйқысын қиып дәрігерлік көмек көрсетіп жүр деп жалақыларын көтеруді бұырды, алайда шынында жағдай басқа болып тұр. Бұл біздің ғана жағдай бізден басқа болып жатқаны қаншама.... Облыстық балалар ауруханасынан Реаниматолог Жалағаш аудандық ауруханаға 04:30 шамасында келді. Сонда Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданы екі арасы жедел жәрдем үшін 4- сағаттық жолма? Бұл жерде Облыстық Денсаулықты сақтау басшысы С. Пазылов өз құзіреті шегінде медицина саласына салғырт қарап, жауапкершілік танытпағына ма? Әлде сіздер уақытылы жәрдем көрсету үшін ӘКІМНІҢ НЕМЕСЕ МИНИСТРДІҢ туысы болуы керекпа. ? Қазіргі күні қызым Әділбек Айзере 04.11.2022 күннен бастап Облыстық балалар ауруханасында ес- түссіз реанимация бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Осы аурухана келгелі дәрігерлер өзін- ара консилиум (басқа облыстағы дәрігерлерді қатыстыра отырып өтетін жиналысы ) жасап тиісті емді жүргізіп жатқандығын жеткізді. Алайда, бұл ем шаралар өз дәрежесінде жүрми жатқандығын білеміз. Себебі: Қызым Айзереге нақты диагноз қоялмай отыр. Қазақстан бойынша ауыр халдегі науқастарға басқа қаладан дәрігер шақыртып қолымен ұстап, көзімен көріп ем жүргізетін дәреже жоқпа? Құрметті аймақ басшысы Сізден сұрайтыным Қызылорда қаласындағы Балалар ауруханасында жатқан қызыма білікті дәрігер, мықты өз саласының маманын жіберіп ем жасауына ықпал жасауларыңызды сұраймын. Ел басшымыз Қ. Тоқаевтің балалар жылы деп аталған жылда мүмкіндіктерді пайдалана отырып көмек берулеріңізді сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Жалағаш аудандық ауруханасының (бұдан әрі – Аурухана) ақпаратына сәйкес, Ж.Ә. Нұрмағанбетовтың 26.01.2013 ж.т., қызы Әділбек Айзере 31.10.2022 жылы ауруханаға «ЖРВИ» диагнозымен шұғыл түсіп, жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдаған. 2-ші тәулікте консилиум жасап, интенсивті палатаға ауыстырылып, балалар соматикасы дәрігерімен бірге қарап, ем тағайындалды. А. Әділбектің дене қызуы түспеуіне байланысты қайта консилиум жасалып, 04.11.2022 жылы жан сақтау бөліміне ауыстырылды. Жан сақтау бөлімінде емі Облыстық көп бейінді балалар ауруханасының пульмонология бөлімінің меңгерушісі А. Абылаевадан кеңес алынып, емі коррекцияланды. А. Әділбектің жағдайының ауырлығына байланысты 05.11.2022 жылы түнде ӨЖЖ аппаратына қосылып, санавиация арқылы балалар реаниматологі шақыртылып, Облыстық көп бейінді балалар ауруханасына ауыстырылған болатын. Облыстық көп бейінді балалар ауруханасында Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонолог, хирург, рентгенолог мамандарымен телемедицина арқылы кеңес алынып, еміне коррекция жүргізілді. Алматы қаласы «Ақсай» балалар ауруханасының мамандарымен телемедицина арқылы кеңес алынып тағайындамалар ұсынылды. Жүргізілген емге қарамастан жағдайының ауырлығы сақталуына байланысты 14.11.2022 жылы мультидисциплинарлы топпен қайта кеңес алу үшін Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына стационарлық науқастың медициналық картасының көшірмесі жіберілген болатын. Алайда 14.11.2022 жылы сағат 14:00 де А. Әділбектің жедел жүрегі тоқтап, шұғыл жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан биологиялық өлім тіркелді.
Нәлібаев Н.М. 01.12.2022, 07:38Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 14.11.2022, 10:51Абдикаримов Марат
- Нәлібаев Н.М.
- 08.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 85
- № 758712
Қайырлы күн! Астана-2 мөлтек ауданында дайын тұрған аяқ су жүретін жүйесін толығымен суару мезгіліне дейін іске қосып берсеңіздер делінген екі рет өтініш (02.03.2020 ж. №598397, 29.03.2022 ж. №732553) жолданған болатын. Алайда Сіздер тарапынан берілген жауаптарыңыздағы жұмыстар атқарылмады. Сол себептен берілген жауаптарыңыз жалған ақпаратқа ұқсайды. Сол екі өтініштің (02.03.2020 ж. №598397, 29.03.2022 ж. №732553) жауабында көрсетілген конкурстардың номерлерін беруіңіз сұралады. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 08.11.2022, 08:31Сіздің 2022 жылғы 14 қарашадағы аяқ сумен қамтамасыз ету өтінішіңізге сәйкес төмендегідей хабарлайды. Астана-2 мөлтек ауданында аяқ сумен қамтамасыз ету жұмыстарының келісім шарт шеңберінде атқарылып жатқан жұмыс жөнінде ақпаратты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына сәйкес (коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау) берілмейтіндігін хабарлаймыз. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік – Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.
Нәлібаев Н.М. 24.11.2022, 04:25Исабекова Айгерим
- Нәлібаев Н.М.
- 07.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 71
- № 758583
Саламатсыз ба?Құрметті Нұрлыбек мырза,мен Исабекова Айгерім, Қызылорда қаласының тұрғынымын.Мендегі мәселе көгілдір отын (газ) мәселесі.Қызылорда қаласына қарасты "ЕҢБЕК"саяжайы халқының атынан жазып отырмын.Бұл саяжайда көптеген халық шоғырланған.Қалаға 2минуттық жерге тиіп тұрмыз,жанымызда облыстық әкімдік бар.Алайда әлі күнге дейін от жағып отырмыз.Күз басталғаннан жыңғыл шауып, отын,көмірмен алысамыз. 1 жылдың 7-8 айында от жағамыз.Балаларымыз қыстай ауырып шығады.Жөтел тұмаудан көз ашпаймыз.Үйлеріміз ыза,қыстай көгеріп шығады.Салқын үйде тұрып, берекеміз қашты.Біз де жылы жерде отырғымыз келеді. Қызылорда қаласының ауыл-аудандарының өзінде газ бар.Әкімдікке барып-барып табалдырығын тоздырдық,еш нәтиже жоқ.құр уәделерінен шаршағандықтан өзіңізге жазуға мәжбүр болып отырмыз.Нұрлыбек мырза,осы аталған мәселені өз назарыңызға алып,саяжай халқының мұң-мұқтажын шешуге қол ұшын созады деп сенеміз!!! Өтініш жазушы: "Еңбек" саяжайының халқы.Байланыс нөмірім: 87714795780,87084408917 Қызылорда қаласы ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 08.11.2022, 05:36Қызылорда қаласы "Еңбек" саяжайы аумағын көгілдір отынмен қамту құрылысын жүргізу мақсатында «Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» бағдарламасының бағыты бойынша аталған көшеге қажетті инженерлік жүйелердің жоба-іздестіру құжаттарын әзірлеп, құжаттар әзірленгеннен кейін, жұмыстардың жоба-сметалық құжатын дайындауға жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлуге ұсыныс беріледі. Қажетті қаражат бөлінгеннен кейін, тиісті жобалаушы мекеме құрылысқа қажетті жоба құнын анықтап, мемлекеттік сараптама қорытындысын алады.Құрылысқа қажетті қаражат көзі анықталған уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен орындалады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI3 Кодексінің 9-бабы, 1-тармағы сәйкес, егер әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгеленген тәртіппен әкімшілік адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Нәлібаев Н.М. 11.11.2022, 08:06Туякбаев Алмат
- Нәлібаев Н.М.
- 03.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 86
- № 758198/2
При предоставлений государственных услуг в сфере землеустройства несколько недостатков оказаний государственных услуг привело к судебному спору между землепользователями, где были нарушены права третьих лиц то есть смежных землепользователей. В частности стандарт государственной услуги «Регистрация и выдача актов на право частной сообственности на земельный участок» в 2020 году выполнялось согласно приложению 11 стандарта «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии» №272 от 27.03.2015 года. Коротко описывая ситуацию прошу предоставить информацию согласно правовых норм. Физическое лицо гр. «К» 2018 году покупает участок 0,1га который был предоставлен на оснований решения акима с/о Аксуат №75 от 21.11.2007года. На данный участок гр.«К» 08.12.2018года выдает доверенность гр.«А» на совершение сделок и иных действий по данному участку. Однако правоустанавливающие документы на этот земельный участок являлись незаконным в последствий земельный участок был аннулирован в судебном порядке 14.05.2020г. (решение суда, прилагается) Далее, по местонахождению анулированного земельного участка гр.«К» обратилась с заявлением в июне 2020 года к акиму сельского округа Аксуат для предоставления участка для садоводства площадью 0,12га. Решением акима с/о Аксуат 20.08.2020 года №1847 предоставляется гр.А.Бекназаровой земельный участок с площадью 0,12га. Прошу разъяснений информационного характера, имеет ли право поверенный гр.«А» получать государственную услугу «Регистрация и выдача актов на право частной сообственности на земельный участок» стандарта «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии» №272 от 27.03.2015 года. по Доверенности выданного 08.12.2018 году с осуществлением действий, предусмотренных доверенностью по земельному участку предоставленного 20 августа 2020 года решением акима с/о Аксуат 20.08.2020 года №1847. ...
ТолығырақЖауаптар
Ваше обращение находиться сейчас на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.
Нәлібаев Н.М. 03.11.2022, 06:44Коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима сельского округа Аксуат города Кызылорда», решением акима сельского округа Аксуат за №75 от 21.11.2007 года путем внесения изменения в ложное приложение 15 ряда того же приложения ответчику Турсановой Турганкул Маханбеталиевне незаконно передан земельный участок площадью 1000 кв. м по адресу: город Кызылорда, сельский округ Аксуат, село Ж.Маханбетов, дачный комплекс Наурыз, садоводческое товарищество «Проектировщик» 5 улица участок № 171, на который оформлены идентификационные документы (кадастровый №10-156-066-3634). Данный вопрос рассмотрен в Кызылординском городском суде в связи с земельным спором между гражданином Туякбаевым А. и Турсановой т. в ходе дела стало известно. При этом, 13.09.2019 года в коммунальное государственное учреждение "Государственный архив общественно-политической истории Кызылординской области" управления архивов и документации культуры Кызылординской области направлено письмо (исх. №476), в результате которого установлено, что 21.11.2007 года в 15 ряду приложения к решению №75 передано Тасыбаевой Кулсаре Жиенбаевной. Кроме того, данный земельный участок был приобретен на основании договора купли – продажи №769 от 01.02.2016 года Конаровым Бекболом Муханбеталиевичем от Турсановой Турганкул Маханбеталиевны, на основании договора купли – продажи №636 от 20.02.2017 года Акимжану Мурату Маратовичу от Конарова Бекбола Муханбеталиевича, на основании договора купли – продажи №6-4031 от 24.11.2017 года Акмурзаеву Балтабаю Тауекеловичу и Акмурзаевой Рае Жоламановне от Акимжана Мурата Маратовича, на основании договора купли – продажи №854 от 04.09.2018 года от Акмурзаева Балтабая Таукеловича и Акмурзаевой Раи Жоламановны перешли к Бекназаровой Камшат Куанбековне и Маханбетову Арману Тулегеновичу. Решением акима Аксуатского сельского округа №854 от 25.12.2018 года на данный земельный участок площадью 1000 кв. м. дополнительно передан земельный участок площадью 460 кв. м. Ответчику Т.Турсановой, решение № 75 от 21.11.2007 г. акима сельского округа Аксуат о передаче права частной собственности на земельный участок для садоводства признано незаконным, а вытекающий из него идентификационный документ (кадастровый номер10-156-066-3634) недействительным, а вступившие в силу по делу №4319-20-00-2/795 Кызылординского городского суда от 14 мая 2020 года утратили силу оформленные в отношении вышеуказанного гражданина(ов) документы о передаче права частной собственности. Гражданин(ка) Бекназарова Камшат Куанбековна обратилась в адрес акима села с заявлением на передачу для садоводства с указанием вышеуказанных обстоятельств. На этом основании, с соблюдением требований статьи 43 Земельного кодекса Республики Казахстан, в КГУ «Городской отдел земельных отношений города Кызылорды» были разработаны и представлены на рассмотрение Кызылординской городской земельной комиссии акт предварительного выбора, чертеж, схема и принято положительное заключение №705 от 09.07.2020 года на основании указанного заявления. На основании заявления граджанин(ки) Бекназаровой Камшат Куанбековны на имя акима села № ФЛ-Б-315 от 29 июня 2020 года с просьбой передать на право частной собственности, в соответствии с приказом за номером KZ94VBG00694322 от 18 августа 2020 года вышеназванного учреждения, подводит итоги о принятии решения №1847 от 20 августа 2020 года. В соответствии с пунктами 1, 2 статьи 167 ГК Республики Казахстан доверенностью признается письменное уполномочие одного лица (доверителя) на представительство от своего имени другому лицу (поверенному). Доверенность на распоряжение имуществом и совершение сделок, требующих нотариального удостоверения, подлежит нотариальному удостоверению, если иное не установлено законодательными документами. То есть на основании надлежащим образом заверенной доверенности доверенное лицо может действовать полностью от имени доверителя, а не вопреки всем законам, предусмотренным доверенностью. В соответствии со статьей 168 ГК доверенность может быть выдана на срок не более трех лет. Если в доверенности указан более длительный срок, она действует в течение трех лет, а если срок действия не указан, в течение одного года со дня выдачи. По требованию указанного ГК доверенное лицо может действовать только в течение срока, не превышающего срока, указанного в доверенности. В статье 170 ГК полностью указаны последствия прекращения доверенности, выданной доверенному лицу. В случае прекращения действия доверенности на основаниях, предусмотренных вышеуказанной статьей, доверенное лицо не вправе действовать от имени доверителя. В пункте 4 статьи 60 Закона «О правовых актах» Республики Казахстан от 4 апреля 2016 года предусматривается, что государственные органы, проводящие государственную политику, осуществляющие регулирование и управление в определенной сфере (сфере деятельности) или к компетенции которых отнесено решение соответствующих вопросов, либо иные государственные органы в соответствии с предоставленными им полномочиями, по обращению физических или юридических лиц вправе вносить изменения в нормативные правовые акты, касающиеся конкретных субъектов или применяемые к конкретной ситуации в пределах компетенции может давать разъяснения. Подводя итоги вышеуказанных обстоятельств, сообщает, что государственная услуга «оформление и выдача актов на право частной собственности на земельный участок» оказывается через государственную корпорацию "Правительство для граждан" согласно Приложению 6 к приказу №301 от 1 октября 2020 года "Об утверждении Правил по оказанию государственных услуг в сфере земельных отношений".
Нәлібаев Н.М. 19.11.2022, 12:58Калмуратова Улбосын
- Нәлібаев Н.М.
- 03.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 88
- № 758408
Саламатсыз ба! Мен Қазалы ауданының тұрғынымың Калмуратова Улбосын Базарбековна ИИН720620402003, Желтоқсан көшесі 12/5. Біздің үйлер 1954 жылары салынған үйлер, салынған документері де бар. Үйдің ішінде канализация, туалетте жоқ, бәрі аулада түр. Неге біз 21 ғасырда түріп, ежелгі ғасырдағы адамдар сияқы ешқандай условиясы жоқ жерде турамыз? Осы үйлер тіпте списанияға кететін үйлерғой. Қаржы неге бөлінбейді жаңадан заманауй үйлер орнына неге салынбайды? Қашангы өкмет көздерін жауып көрмеген үқсап отыра береді. Біздер айта айта шашадық. Облыс қаржыдан ақша бөлніп Қазалыға салыну керек қой, үйсіз шүргнедер қаншама!!! Өте аз салнады ауданда үйлер, облысқа қарағандаю Біздің Қазалы ауданы облыста ең үлкен аудан және кәсіптен ең жақсы дамыған. Облысқа қаржыны ең көп берітінде осы Қазалы, ал өзімізге келгенде бізге дым жоқ болып қаламызІ Неге? Қызылорда қаласына көп салынады, адамдары бюджет болсын, бюджет болмасыен бәрі шетінен үй жәй алып жатыр. Ал Қазалынын халқы кем ба не? Бізге келгенде қаржы жоқ деп қарап тұрады. Бұл не сумдық? Қашанғы отыра береміз облысқа аузымызды ашып, бізге бере ма жоқ па деп. Сіз осы сурақты қолға алыныз! Бізге де жақсы және жаңа үйлер керек, сув, туаплеті, газы ішінде!!! Көне үйлерде газ да жоқ, әлі балон сатып аламыз!!! Екінші сурақ Жаңадилов көшесінде переезд бар, көше өте тар, бірақ осы көшеден Қызылорда-Қазалы және үлкен грузовой машиналар, рефрежираторлар өтете жатады. Көше ежелгі кезде салынған ешек арбамен жүруге, ал үлкен камаздар, автобустар, рафрежераторлар өтеді!!! Білмейміз гай, милициялар қайда қарап отыр, білгенің істеп жүр. Ондай үлкен көліктер сыртқа переезбен жүру тиіс. Үшінші сурақ. Жерге 2011 тіркелдік, содан бері 11 жыл өтті, 8 жыл өткенде әкімге айтым қашан деп, күтіндер шамалы қалды деді, күте күте 11 жыл өтті, сонда қашан аламыз? Осы жер бөлетін жерді тексеруынізды сураймын, мүмкін кезексіз алып жатқандар көп шығар Маке-Саке деп. Және бізге тиісте жерді алуымызды реттеніздер. Қазалыда проблемалар өте көп тазалықтан бастап, басқа да шаруалар жетеді. Айта берсе әңгіме көп. Оң көзінізді салып осыларды шешеді деп үмітене қараймыз!!! ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 03.11.2022, 06:35Құрметті Улболсын Базарбековна! Сіздің, Қызылорда облысы әкімінің блог-платформасына жолдаған өтінішіңіз бойынша келесіні назарыңызға жеткізеді. Бірінші мәселе бойынша; Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңы (бұдан әрі Заң) 74 бабы, 2-тармағына сәйкес жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезектілікке тіркелетіндігі көрсетілген. Осыған орай, Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесі №12 көппәтерлі тұрғын үйдің барлық пәтер иелерінің келісімі бойынша Заңның 67 бабының 4-тармағына сәйкес апаттық деп танылған жағдайда арнайы мамандырылған мекеменің эксперттік қорытындысы негізінде пәтер иелері кезектілікке қойылатынын білдіреміз. Заңның 74 бабының 1-тармағына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі және аталған баптың 3 тармағына сәйкес тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылатынын түсіндіремін. Екінші мәселе бойынша; Аудан бойынша жыл сайынғы бюджеттен бөлінген қаржыға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Әйтеке би кенті әкімшілігі және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп іс-шара жоспары бекітіліп, қажетті жол белгілеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2022 жылға іс-шара жоспарына сәйкес Әйтеке би кенті және ауылдық округтерге барлығы 162 дана жол белгілері және жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында түнгі мезгілге арналған жарықтандырғыш мысық көз қондырғылары, сондай-ақ 6 дана жасанды жол кедергілері орнатылды. Арызда көрсетілген автомобиль жолына «Жүк автомобильдерінің жүруіне тиым салынады» жол белгісі 2023 жылдың іс-шара жоспарына енгізілді. Себебі, ағымдағы жылға жоспарланған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шара жоспары толықтай орындалғанын мәлімдеймін. Үшінші мәселе бойынша; Әйтеке би кенті бойынша тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін сұрап жазған өтініштерді арнайы тіркеу базасында Сіздің өтінішіңіз 2011 жылы 04 шілдеде №К-952 санды номермен 2551-ші болып тіркелгендігі анықталды. Осыған орай, жер телімін сұрап жазған тұрғындардың кезектілігін сақтай отырып, тұрғын үй құрылысын салу үшін, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдеріне, ҚР жер Кодексінің 43 және 150 баптарын басшылыққа ала отырып жерге өтінім жасаған кезден инфрақұрылымы жүргізілген алаңдардың дайын болуына және кезектілігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 109 бабына және «ҚР сәулет және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 47 бабына сәйкес елді мекендердің жерлері белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар, құрылыс салу, түбегейлі жоспарлау жобаларына сәйкес бөлінетінін хабарлаймын. Осы шешіммен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 бабына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екендігін білдіреміз.
Нәлібаев Н.М. 15.11.2022, 07:47Машенбаева Венера
- Нәлібаев Н.М.
- 02.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 87
- № 758297
Сәлеметсізбе Әкім мырза! Мына менің өтінішімді қарайсыз деп сенемін. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 02.11.2022, 04:58Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің соғыс және еңбек ардагері, әкеңіз Бермахан Машенбаевтың есімін Қызылорда қаласының бір көшесіне беру туралы облыс әкіміне жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлайды. Көшеге атау беру мәселесі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Қаулыға сәйкес ұсыныс бірінші кезекте Қызылорда қаласының әкімдігі жанындағы қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысында қаралып, қолдау тапқан жағдайда, қалалық мәслихаттың сессиясына ұсынылады. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Бүгінде аталған ұсыныс Қызылорда қалалық ономастика жұмысшы тобының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі отырысында қаралып, қолдау таппады. Дегенмен, еңбек және соғыс ардагері Б. Машенбаевтың есімін мәңгі ел жадында қалдыру мақсатында Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылындағы көшеге тұлғаның есімі берілген. Сондай-ақ, ономастикалық атауларға кісі есімдерін беру мәселесінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынатындығын назарға жеткіземіз.
Нәлібаев Н.М. 16.11.2022, 05:36Байділдә Қуаныш
- Нәлібаев Н.М.
- 28.10.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 85
- № 758026
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаевқа Қызылорда облсы Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылының тұрғыны Қуаныш Байділдаевтан Құрметті Нұрлыбек Мәшбекұлы! Өзіңіз білесіз, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» - деген болатын. Президенттің осы сөзін басшылыққа ала отырып, өзіңізге жазбаша түрде (қабылдауыңызға жазылу үшін қоңырау шалған едім,жауапты мамандар «мәселеңізді жазбаша түрде сайтқа жіберіңіз» деді) өтініш-тілегімді жеткізгім келді. Сізді ескереді деп ойлаймын және нәтиже болады деп үміттенемін. Менің негізгі мәселем – жұмыссыздық. Мен 1973 жылы Қазалы ауданына қарасты Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келдім. Аталмыш ауылдағы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепте білім алдым. Одан кейін әскерге барып, 1993 жылы отбасын құрдым. Қазіргі таңда үш ұлым бар, екі ұлым отбасын құрып, басқа қалаларда жұмыстарын істеп жатыр. Келіншегім мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеші. Кіші ұлым оқушы. Мен күні бүгінге дейін тұрақты жұмыспен қамтылмағанмын. Оның себебін өзім де түсінбеймін. 1997 жылдан бері аудандық жұмыспен қамту бөлімінің есігін тоздырып, жұмыссыз ретінде тіркеліп келемін. Ауыл әкімдерінің есігін қағып та тұрақты жұмыс сұраудан шаршаған емеспін. Ақылы қоғамдық жұмыс ұсынады, оны істеп келдім, қашқан емеспін. Алайда неге басқаларға табыла қалатын тұрақты жұмыс орны маған келгенде жоқ боп тұратынын түсінбей далмын. Түсінем, мен сияқты жұмыссыздар көп. Бірақ жасты ескеріп, қаншама жылдар бойы жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғанымды ескеріп, қамтуға не кедергі? Әлде менің жазғым аудандық әкімдікте таныс адамымның немесе беделді туысымынң болмау ма? Қандай да бір бос орын шыға келсе, кадр саясатында тамыр-таныстық рөл ойнап кететін дәстүр әлі де бар бізде. Жасым болса елуге келіп тұр. Бұған дейін әр қалада әртүрлі жұмыстар істеп келдім. Қазір денсаулығым сыртта жұмыс істеуге жарамайды. Ауыл әкіміне кірсем, ол: «сіз 1997 жылдан бері тіркеліп келе жатырмын деп айта бермеңіз, ол есептелмейді» деп шығарып салады. Ауылда мектеп, емхана, ауыл әкімдігі, балабақша, клуб, кітапхана мекемелері ғана бар. Бос орындар болып жатады, алайда конкурс өткізбейді, кімнің ауданда танысы бар, соның адамы жұмысқа тұрады. Осы уақытқа дейін бір ғана конкурсқа қатыстым. Мектепте қарауылдыққа жұмыссыздарға конкурс өткізіп, комиссияның шешімімен басқа адам тұрды. Себебі комиссия қрамында сол мектептің кәсіподағы бар, ал соның қайын інісі конкурстық комиссияның шешімімен қарауыл болып жұмысқа орналасты. Бұл өткен іс. Бірақ тағы да тамыр-таныстық маңызды рөл атқарып тұр. Одан кейін ауылдық кітапхана қарауылы зейнетке шығып, орнына конкурс өткізілместен аудан әкімінің орынбасарының сыныптасы қарауыл болып орналасты. Бұл – сыбайластық. Тізе берсең, бұндайлар көп. Талай рет аудан әкімінің қабылдауына жазылуға барам, бірақ әкімге кіріп, мәселемізді айта алмаймыз. Себебі, аудан әкімінің қабылдауына кіру мұң. Кеше ғана 27 қазанда әкімнің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлының қабылдауында болдым. Осы мәселенің барлығын ол кісінің де алдына қойдым. Тұшымды жауап ала алмадым, өкінішке орай. «Бұл мәселемен мен облыс әкіміне де барам» деген сөзімді елегісі келмеді, «Бара беріңіз» деді. Бара беріңіз деп емін-еркін айтқанына қарағанда облыс әкімінің бұндай өтініштерді оқымайтынын, бірден өздеріне жолдайтынына үйренген сияқты. Құрметті Нұрлыбек Мәшбекұлы! Сіз облыс әкімі болғалы әлеуметтік желілерден оқып, біліп жүрміз. Халықпен жиі кездесу өткізіп, жеке мәселелері бойынша азаматтарды жиі қабылдайсыз. Сол себепті сізге өтініш-тілегімді жазбаша түрде жеткізгім келді. Алақандай ауыл болғасын қай мекемеде кімнің орнын босайтынын, кім зейнетке шығатынын алдын ала ауыл халқы біліп отырады. Сізден сұрайтыным – менің тұрақты жұмыспен қамтылатын уақытым келді деп ойлаймын. Және де мен неге осы уақытқа дейін жұмыспен қамтылмай келем, не үшін жыл сайын жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелем? Осылардың жауабын білгім келеді. Сіз үшін бұл болмашы мәселе шығар. Мен үшін үлкен мәселе. Ауылдың ауданға, ауданның облысқа жеткізбей шешуі тиіс жұмыстар еді. Алайда, Сізге жазуға мәжбүр болдым. Себебі ауылдан да, ауданнан да нақты нәтиже болмай тұр. Бұл өтінішімді Президент әкімшілігінің де сайтына жіберуге дайынмын. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 28.10.2022, 07:09Құрметті Байділдә Қуаныш Қойшыбайұлы! Сіздің 2022 жылғы 28 қазан күнгі №БЛОГ-113 облыс әкімі М.Н.Нәлібаевтың блогына тұрақты жұмыс сұрап жазған өтінішіңіз Қазалы ауданы әкімдігінде тиісті мамандардың қатысуымен зерделеніп, қаралды. Қазіргі таңда ауыл көлеміндегі мекемелерде тұрақты бос жұмыс орны болмағандықтан, Сізге қоғамдық жұмыстарды атқару ұсынылды. Нәтижесінде 01.11.2022 жылы Жалаңтөс батыр ауылындағы №14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасына қоғамдық жұмыстарды атқаруға қабылдауға заң шеңберінде тиісті тәртіптемелер бойынша жұмыстар жүргізіліп, Сізді қоғамдық жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық қабылданды. Сізге, алдағы уақытта ауыл көлеміндегі мекемелерде тұрақты бос жұмыс орындары болған жағдайда қосымша хабарланатын болады. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабына сәйкес осы әкімшілік актіге (шешім) жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға, ол болмаған жағдайда әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасауға құқыңыз бар екендігін түсіндіреміз.
Нәлібаев Н.М. 08.11.2022, 05:23Болатбекұлы Алмат
- Нәлібаев Н.М.
- 27.10.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Жер мәселелері ·
- 93
- № 757906
Ассалаумағалейкум есімім Болатбекұлы Алмат, сұрақ: Жер кодексі 44-1 бабында ҚР Жер кодексi 44-1-бабы 8 тармағында: "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады" - делінген. Алайда Арал қаласы әкімдігі Жағал Таушанов көшесіндегі бос жатырған сор-қоқыс төгіліп жүрген жерді тұрғын үй құрылысы үшін беруден бас тартып отыр, арнайы есепті (кезек) сақтауымыз керек дейді, бірақ арнайы есепте (кезекте) 1000 ған адам тұр 2008 жылы өтініш бергендер толық алып болған жоқ. Пайдаланатын бос аумақ бар бола тұрып әкімдік өтінішімді неге қанағаттандырмайды, айтпақшы арнайы есепте жоқсың деген соң былтыр жаз айларында кезекке тіркелгенмін және осыған қатысты мені жұмысқа алмаған бас тарту шешіміне тікелей қатысы бар Ахметов Нұрлан жер бөлімі басшысы қызметінен не себепті шеттетілді? ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 27.10.2022, 11:43Сіздің облыс әкімінің атына Арал қаласынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы жазған өтінішіңізді қарастырып келесіні білдіреді. Сіз Арал қаласы әкімінің атына 2021 жылдың 24 ақпаны күні жер учаскесін алу жөнінде өтініш бергенсіз. Өтінішіңіз 2021 жылдың 3 наурызында жер комиссиясында қаралып «кезектілік бойынша берілу қажет» деген шешім қабылданып, жер комиссиясының қорытындысы негізінде Арал қаласы әкімінің 2021 жылғы 05 наурызда №94 бас тарту шешімі қабылданған. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы 44-1 бабының 8-тармағында «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады»-деп жазылған. Алайда, Сіз жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 2021 жылдың 04 маусымында №222 болып арнайы есепке алынғансыз. Бүгінгі таңда Арал қаласы бойынша 2008 жылы арнайы есепке алынған азаматтарға жер учаскелері табысталуда. Сіз сұрап отырған жер учаскесі мемлекеттің меншігіндегі жер учаскесі болып табылады. Сол себепті, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезегі келген азаматтар сұрап өтініш жазса, заң талаптарына сәйкес табысталатын болады. Сонымен қатар, Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Ахметов жұмыстан өз өтініші бойынша босағандығын білдіреді. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес, жоғары тұрған әкімшілік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым беруге құқылы екендігіңізді білдіреміз.
Нәлібаев Н.М. 08.11.2022, 08:24