- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Бисембаева Лимара
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 02.09.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 139
- № 703634
Доброго времени суток! Я Бисембаева Лимара Маханбетяровна мать воспитывающая ребенка инвалида с рождения. Мой сын Серікбай Нураддин Ернарұлы родился 07 августа 2005года с диагнозом "Врожденное аномальное развитие левой плечевой кости, врожденная ампутация левого предплечья".С рождения нет никакой реабилитации ни санаторно-курортных лечений, нет ни социальной помощи кроме пенсии по инвалидности и ежегодного обеспечения протеза руки. Ребенку исполнилось 16лет собрали все нужные документы для обновления получения справки об инвалидности и присвоения группы инвалидности, прошли комиссию в онлайн режиме, думая что будет все проходить в режиме онлайн через видеозвонок. Ожидая комиссию не было никакого видеозвонка не обычного звонка, комиссия прошла сама собой безведома и присутствия ребенка. Получив справку об инвалидности моему ребенку присвоили 3-группу инвалидности до 18лет. ИПР вообще дали на 1год. Получается мой ребенок без одной руки свыше логтя трудоспособный?Который прошел две сложные операции.имеются все медицинские записи и справки ! Мой ребенок состоит на учете с рождения! Что за издевательство и нехалатность в отношении инвалидов! Прошу принять меры, разобраться с данной ситуацией и взять дело под контроль! Так как мы родители совсем не согласны с присвоенной 3-группой! ...
ТолығырақЖауаптар
Ваше обращение сейчас находится на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.
Әбдіқалықова Г.Н. 02.09.2021, 07:09Уважаемая Лимара Маханбетяровна! Ваша жалоба была разобрана 06.09.2021 г. в городской поликлинике №6 на заседании «Служба поддержки пациента и внутренного аудита». Ваш сын Серікбай Нураддин Ернарұлы, 07.08.2005 г.р. с рождения состоит на диспансерном учете с диагнозом «Врожденная аномалия развития левой плечевой кости. Врожденная ампутация левого предплечья». С рождения наблюдается у участкового врача и травматолога. 05.08- 06.08.2021 года был осмотрен врачом общей практики (ВОП) и травматологом где был поставлен диагноз «Врожденная аномалия развития левой плечевой кости». 09.08.2021 г. ребенок был осмотрен врачом невропатологом, где был выставлен диагноз «Доброкачественная внутричерепная гипертензия» и назначенно амбулаторное лечение. В настоящее время ребенок находится под наблюдением. В связи с постановлением Главного санитарного врача Республики Казахстан №30 от 01.04.2020 года освидетельствование и переосвидетельствование больных проходил заочно (онлайн) по предоставленным документам формы 31/у согласно №44 приказу от 30.01.2015 года Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и приказу №671 «Об утверждении правил проведения медико-социальной экспертизы» от 12.12.2019 года Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. Поликлиника в августе 2021 года направила заключение на медико-социальную экспертизу форму 31/у. В дальнейшем, присвоение группы или переосвидетельствование инвалидности определяет комиссия медико-социальной экспертизы. ИПР на реабилитационные мероприятия и санаторно-курортное лечение разрабатывались по назначению узких специалистов (травматолог, ортопед). В данном случае показании для направления на реабилитационные мероприятия и санаторно курортное лечение нет. В случае несогласия с данным ответом Вы, согласно части 3 статьи 91, административного процедурно-процессуального Кодекса Республики Казахстан, вправе обжаловать его в вышестоящий орган или суд.
Әбдіқалықова Г.Н. 10.09.2021, 01:15Нурекешова Айнагуль
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 02.09.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 176
- № 703612
Құрметті Г.үлшара Наушақызы!Мен Арал қаласы 262 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нурекешова Айнагулден.Мен сізге тамыз айынның 20-сы күні мектепте болып жатырған олқылықтар,келеңсіз жағдайларды жазып жіберген болатынмын.Осы кезге дейін ешбір өтініштен жауап келген жоқ.Не себепті?Ешқандай тексеру жұмысы болып жатырған жоқ.Мектеп директоры Р.Сисеновтен алған моральдық соққым неге қаралмайды?Сонда мұғалімдер кімнен әділдік іздейміз?Келген өтініштердің барлығын жауып тастап отыр.Сисеновтың ақшасы да адамдары да көп!Мұғалім тапталып күнделікті мектеп басшысынан сөз естіп жүре беремізбе?Тапталу,кекету әрбір педагогтың ашуын келтіреді.Менің 28 жылдық заман жылғы еңбегімді мектеп басшысы Р.Сисенов ешқандай ескеріп отырған жоқ.Білікті басшы ең бірінші халықтың әлеуметтік жағдайын,сонша жылдық еңбегін ескеру керек емеспе?Ал Сисенов болса сыртымнан күліп масаттанып қуанып жүр!Сонда кімнен әділдікті талап етеміз?Масқарағой мынау.Сіздерден өтініште жазылған келеңсіз жағдайларды тексеруді өтініп сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 02.09.2021, 07:04Ұзақбай Қараманов атындағы № 262 мектеп - гимназия (бұдан әрі - Мектеп-гимназия) директоры Р. Сисеновтің іс-әрекетіне қатысты арызыңызға төмендегіні хабарлайды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы - шаруашылық және өзге де қызметте дербес болуы себепті білім беру мекемелерінде қызметкерлерге қатысты шешімдер қабылдау (жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру т.б.) мектеп директорының құзырындағы жұмыс болып табылады. Білім беру ұйымдарының басшылары (жұмыс берушілер) жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау мәселелеріне қатысты (жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату т.б) Қазақстан Республикасының заңнамаларының (Білім туралы, Халықты жұмыспен қамту туралы, Еңбек Кодексі) талаптарына сай, негіздер бойынша жүргізеді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 20.04.2021 жылғы № 06-0613/828 қатынасы негізінде ЖБ-Б-№ 1572378, 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша оқыған дипломының (тіркеу № 726) тіркелмегендігі анықталған (хат көшірмесі жалғанды). Нәтижесінде, 21.04.2021 жылы № 262 мектеп-гимназия директорының жанындағы кезектен тыс отырысы өткізіліп, оқу орнынан келген ақпараттық хат өзге педагогтардың қатысуымен өзіңізбен таныстырылып, талқылау жасалған. Сонымен қатар, бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары лауазымынан босатуды сұрап, 21.04.2021 жылы мектеп - гимназия директорына өтініш жазғансыз (өтініш қоса жалғанды). Өтініш негізінде мектеп-гимназия директоры Р. Сисеновтің 22.04.2021 жылғы № 106 бұйрығымен бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары лауазымынан босатып, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде бекіткен. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-параграфта орта білім беру ұйымдарының басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасарының (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) біліктілікке қойылатын талаптары белгіленген. Яғни, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша «педагог – сарапшы» немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – мастер» санатының болуы тиіс. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында сәйкес педагог: педагогтік әдепті сақтауға тиіс. Сондай-ақ, осы баптың 2-тармағында сәйкес педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес. Арыз бойынша тексеру барысында №262 мектеп-гимназия директоры С.Сисеновтің орынбасарлар мен мұғалімдерден ақша жинамағандығын түсінігінде көрсетті. Ақша жинау немесе сыйлық алу сыбайлас жемқорлыққа алып баратынын білдірген (түсінік қоса жалғанды). Арал ауданы бойынша білім бөлімінің (бұдан әрі – Білім бөлімі) тексеру тобымен мектеп -гимназия директоры Р. Сисеновке білім мекемесіндегі қалыпты ахуалды сақтау, жұмыс барысында жанжалдар, наразылықтар болдырмау бағытында үнемі ұжым мүшелері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру тапсырылған. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне (әрі қарай - Кодекс) сәйкес реттеледі. Кодекстің 159-бабына сәйкес, жеке еңбек дауын қарау тәртібі көрсетілген. Заңнама талабы бойынша жұмыскерлердің немесе бұрын еңбек қатынастарында тұрған адамдардың не жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы болып табылады. Егер жеке еңбек дауының тарабы келісу комиссиясының шешімімен толықтай немесе оның бір бөлігіне келіспейтін болса, дау реттелмеген болып есептеледі және келісу комиссиясының шешімімен келіспейтін тарап еңбек дауын шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы екендігін білдіремін. Білім бөліміне аудандағы білім беру ұйымдарында «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының талаптарын қатаң сақтауды тапсырылатындығын назарыңызға жеткіземін. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылысыз. Қосымша: хат, өтініш, түсінік жалғанды.
Әбдіқалықова Г.Н. 14.09.2021, 04:21Каримбаев Азимхан
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 01.09.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 124
- № 703478
Құрметті Әкім ханым. Мен Қызылорданың қазағымын. Бірақ маған Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өзге тілде салық бұйрығын жібереді. Мен ол тілді түсінбей, ҚР Тіл туралы заңнаамасының талаптарын бұзғаны үшін, әкімшілік шара көру үшін Қызылорда қаласы әкімі Қазантаевқа арыз жолдаған едім. Ол жақтағылардың жауабы біздің шамамыз келмейді деп жазған. сонда заңмен жазылған міндетті Қала әкімі мем.кірістер басқармасына шамасы келмей отырғаны ма? әлде Қызылорданың өзінің сыйластық заңы бар ма? мем.органдар арасындағы. Осы мәселені негізінен қарап, тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қызылорда қаласы бойынша мем кірістер басқармасы басшысына шара көруді сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 01.09.2021, 07:51Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының тіл туралы заңнама талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларын жауапқа тарту туралы өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабына сәйкес Сіздің өтінішіңіз бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, Сіздің өтінішіңізге толыққанды жауап зерделеу жұмыстарының нәтижесімен қосымша хабарланатындығын жеткіземіз. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.
Әбдіқалықова Г.Н. 17.09.2021, 10:47Шегенов Ғани
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 01.09.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 139
- № 703423
Саламатсыз ба! Мен сізге көп қабатты пәтердің мәселесімен жазып отыр едім. Былтыр 2020 жылы бізге КСК айтып еді көп қабатты уйіңізді барлығын ремонттау жұмысы жүргізілуге біз қалалық акиматка ұсыныс бердік деп. Содан кейін бір естігенімде біздің көп қабатты үй ремонттауға өтті деген. Сондағы мәселе сізден сұрайын дегенім біздің көп қабатты үйімізді қашан ремонттай бастайды екен? Үй сырты, подьезд іші барлығын жаңадан ремонт жасау керегін ескерткім келеді. КСК ешқашан көп қабатты үй жұмысын ремонттамаған. Бір мәселе болса ылғи өзімізге келіп ақшасын сұрайдыда отырады, бірақ істеп жатқан ештенесі жоқ. Подьезд ішінде құм сылақтың бәрі түсіп қалған, баспалдақтар жаймендеп жарылып жатыр. Подьезде инсульт алған кісілер көп, олардың жүріп тұруынада қиын. Сізден сұрайтыным осы көп қабатты үй жағдайын қайтадан жаңадан ремонттап берулеріңізді сұраймын. Тиісті жерлерге ұсыныс берілгенін естідім бірақ әлі қаражат бөлінбей жатыр. Мекен жайы Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы 32 үй (Осы көп қабатты үй мәселесімен жазып отырмын) ... ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 01.09.2021, 04:01«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңының 32 бабы 1 тармағында «Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті» делінген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №108 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының кондоминиум объектісін басқару органымен жасасатын Заңның 10-2 –бабының 10-6) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органы шартының үлгілік нысанына сәйкес жүзеге асырады. Бұдан басқа, көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін, жоғарыда аталған Заңның 42, 42-1 бабының 11-тармағында, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы шешім қабылдау; көрсетілген мәселелер бойынша пәтерлер,тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады делінген. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға екендігіңіз хабарланады.
Әбдіқалықова Г.Н. 17.09.2021, 10:49Жумабаев Руслан
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 31.08.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Жер мәселелері ·
- 134
- № 703151
Согласно п.п. 3 ч. 2 ст. 50 Земельного кодекса Республики Казахстан гражданам Республики Казахстан бесплатно предоставляются в частную собственность земельные участки для садоводства, а также дачного строительства в размере 0,12 гектара. В связи с чем прошу Вас разъяснить мне какие действия я должен совершить для получения земельного участка для садоводства/дачного строительства. ...
ТолығырақЖауаптар
Ваше обращение сейчас находиться на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.
Әбдіқалықова Г.Н. 31.08.2021, 11:58На Ваше обращение направленное путем интернет-ресурсов по поводу разъяснения действии на получение земельного участка для садоводства/дачного строительства поясняет следующее. В соответствии со статьей 43 Земельного кодекса Республики Казахстан физические и юридические лица, заинтересованные в предоставлении им прав собственности и (или) землепользования на земельные участки, подают заявление в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы, района, города областного значения, акиму города районного значения, поселка, села, сельского округа по месту нахождения земельного участка, которые выдают заявителю документ, подтверждающий подачу заявления. В заявлении должны быть указаны: цель использования земельного участка; его предполагаемые размеры; местоположение; испрашиваемое право пользования; наличие (отсутствие) другого земельного участка (по земельным участкам, указанным в пункте 2 статьи 50 настоящего Кодекса). В случае несогласия с данным ответом, согласно статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан Вы вправе обжаловать его в вышестоящий или судебные органы.
Әбдіқалықова Г.Н. 14.09.2021, 10:27Жұмаділда Нұржан
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 30.08.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 132
- № 703053
Саламатсыз ба мен Жұмаділда Н Тұзкөл мұнай газ деген компанияда оператор болып жұмыс істеймін бізде месторождения да Кетеқазған деген м/р ашылды соған жұмысқа демалыс уақытында маусым айынан бастап подроботкаға қалып жұмыс істеп жүрміз.Компания мен келісім бойынша жалақы екі есе төленеді деп айтылған.Маусым айынан бастап істеп келе жатқан жұмысымызды келесі айда төлейміз деп шегеріп қана қоймай енді 1.5 есе төлейміз деп жатыр. Соны шешіп беруіңізді сұраймыз. Адамның еңбегін жеген адам екі дүниеде де оңбайды. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 31.08.2021, 11:52Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің 3.09.21ж. Облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың БЛОГ-на «ТузкольМунайГаз Оперейтинг» ЖШС қатысты жолдаған сауалыңызға төмендегіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.19ж. «Қазақстан Республикасында тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 Жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан 1.01.20 ж. – 1.01.23ж. дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу тоқтатылды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтамасы бойынша «ТузкольМунайГаз Оперейтинг» ЖШС «микрокәсіпкерлік» санатына жатады. Яғни, Сіздің шағымыңызда көрсетілген «ТузкольМунайГаз Оперейтинг» ЖШС микрокәсіпкерлік субъектісі болып табылатындықтан, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен жоспардан тыс тексеру тағайындау мүмкіндігі болмауын хабарлаймыз. ҚР Еңбек кодексінің (ары қарай – Кодекс) 159-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. Сондықтан, Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселелермен Кодекстің 159 бабына сәйкес, жоғарыда аталған органдарға шағымдануға құқылысыз. Кодекстің 85 бабының 1 тармағына сәйкес, ауысымдық кесте немесе вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке күндерінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндерінде жұмысқа тарту үшін жұмыскерлердің жазбаша келісімі және жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді. Осы Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі. Кодекстің 109 бабына сәйкес, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі. Сондықтан, Сіздің шағымыңызда көрсетілген мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттарында жоғарылатылған мөлшерде көзделмесе жұмыс берушімен бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төлеу ҚР еңбек заңнамасына қайшы болып табылмайтындығын түсіндіремін. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз. Тіркелді: «ТузкольМунайГаз Оперейтинг» ЖШС-нің кәсіпкерлік субьектісінің санаты туралы анықтама көшірмесі 1 парақта, мәлімет ретінде.
Әбдіқалықова Г.Н. 06.09.2021, 04:15Мадалиева Гаухар
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 28.08.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 133
- № 702956
здравствуйте.в период пандемии ковид19,и при росте заболеваемости среди детей.Я мама 4 детей прошу вас разрешить онлайн бучение ,так как я опасаюсь за здоровье своих детей.Хочу напомнить вам ,что Бекшин разрешил онлайн обучение по желанию родителей.так почему нам не разрешают выбирать.прошу вас принять меры.если нет буду обращаться выше стоящие органы. ...
ТолығырақЖауаптар
Ваше обращение сейчас находиться на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.
Әбдіқалықова Г.Н. 31.08.2021, 11:47По вашему обращению на имя акима области сообщает следующее. Министерство здравоохранения Республики Казахстан сообщает, что в соответствии с пунктом 1 Постановления Главного государственного санитарного врача от 25 августа 2021 года №36 в 2021-2022 учебном году разрешено обучение в штатном формате в организациях образования всех формах собственности и подведомственных учебных организациях. Кроме того, при регистрации 1 случая заболевания COVID-19 в классе (группе), указанном в пункта 3 настоящего постановления, класс изолируется на домашний карантин в течение 14 дней. Дистанционное обучение в изолированное время. Одновременно разъясняем, что согласно статьи 91 «Административного процедурно-процессуального кодекса РК» в случае несогласия с указанным ответом, Вы вправе его обжаловать в вышестоящий либо в судебные органы.
Әбдіқалықова Г.Н. 10.09.2021, 11:00Әділханұлы Қуаныш
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 26.08.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік тілді дамыту ·
- 149
- № 702680
Қайырлы күн! Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарында (Анвар, Қызылорда,Смолл, т.б.) тұтынушылардың сауда-саттық жасау үшін пайдаланатын арнайы құрылғылары (электронды таразы) тек орыс жұмыс істейді. Бұл құрылғыларды мемлекеттік тілде пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Тауар туралы мәліметтер мен атауы, бағалары, т.с.с. ақпараттар тек орыс тілінде жазылып, мемлекеттік тілде көрсетілмейді. Осындай мәселелерге көңіл аударып, қаламыздың барлық сауда орындарында (Анвар, Магнум, Смолл, Светофор, т.б.) тұтынушыларға арналған барлық қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Тіл туралы және Тұтынушылар құқықтарны қорғау заң талаптарына сай мемлекеттік тілде қол жетімді болуына ықпал етуіңізді сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 26.08.2021, 07:33Өтінішіңізде көтерілген мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша Қызылорда қаласында орналасқан сауда орталықтарына қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тіл туралы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді сұрап, хат жолданды. Жалпы бұл мәселе облыс әкімдігінің басты назарында, тиісті мемлекеттік органдардан комиссиялар құрылып, заң талаптарының сақталуына рейдтік түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.
Әбдіқалықова Г.Н. 10.09.2021, 10:58ЖАЛЫМБЕТОВА БАГДАНУР
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 26.08.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 108
- № 702599
дәрігерге алғыс ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің ұсынысыңыз қаралуда.Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 26.08.2021, 12:59Сіздің «Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі-Кәсіпорын) бас дәрігері мен қызметкерлерін марапаттау туралы өтінішіңізге сәйкес төмендегіні хабарлайды. Сіздің марапатқа ұсынып отырған Кәсіпорынның фтизиатр дәрігері Төремұратова Ляззат Серікқызы 2021 жылы «Медицина қызметкерлері күні» мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен», бас мейірбике Кенжебаева Гүлмайрам Сабиханқызы 2021 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауы науқанының дайындық жұмыстарына белсене араласқаны үшін ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі С.Сүлейменовтың тарапынан алғыс хатпен марапатталған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-216/2020 бұйрығына сәйкес, Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсынымдар Ұлттық мереке – "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" және кәсіби мереке – "Медицина қызметкері күні", сондай-ақ өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы бойынша қаралады. Бұл ретте, марапаттауға ұсынылған Кәсіпорынның қызметкерлері, атап айтқанда, бас дәрігер Ж.Әділханды, бас дәрігердің орынбасары Е.Игенбаевты, дәрігерлер А.Утепбергенованы, А.Қарабаланы марапаттау «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында бекітілген лимитке сәйкес Басқарманың жанынан құрылған комиссияның қарауына ұсынылады. Сонымен қатар, Кәсіпорынның бас дәрігері Ж.Әділханмен жасалған еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен 2021 жылғы 2 қыркүйектен бастап бұзылғандығын жеткіземіз. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.
Әбдіқалықова Г.Н. 06.09.2021, 04:53Садуақасова Зібайда
- Әбдіқалықова Г.Н.
- 25.08.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 262
- № 702515
Құрметті , Гүлшара Наушақызы! Мен,Садуақасова Зібайда Шакенқызы Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті,Райымбек батыр 20 А үйдің тұрғынымын. 5 балам бар. Күйеуім 3-топ мүгедегі,оң аяғына ота жасалған,таяққа сүйеніп жүреді.Өзім ақылы қоғамдық жұмыста жүрмін.Көше сыпырамын,айлығым 38 000 теңге.Бұл жұмысқа да адам көп деп шығармай,өткен жолы өзіңізге жазып,жұмыссыздықпен айтысып жүріп мамырдан бастап шықтым.Үлкен қызымның да тұрақты жұмысы жоқ,тек ақылы қоғамдық жұмыс жасап келе жатыр.Бір қызым Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінде грантта оқиды.Тағы 2 қызым мектеп оқушылары. Биыл бір қызым, Ысқақ Ұлжан Оңалбекқызы мектеп бітірді. 2 пәннен ҰБТ тапсырып,Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде журналистика мамандығына шығармашылық емтихан тапсырып,жалпы нәтижесінде 125 балдың 122-сін жинады. Мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау басталған кезде Яссауи универсиетіне грант бөлінбей қалды,Сөйтіп қызым грант мүмкіндіген айырылып қалды.Колледж гранттарына да іліне алмады.Сізге өтінішім,қызыма Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетіне "қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына Облыс әкімінің грантын беруіңізді сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 26.08.2021, 12:07Облыс әкімінің гранты – аймақтың еңбек ресурстар балансына сәйкес кәсіпорындар мен мекемелердің және жаңадан ашылатын өндіріс орындарының қажетті мамандықтарға сұраныстары бойынша қалыптастырылады. Биылғы жылға өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың осал топтары қатарынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек тағайындауға облыс әкімінің 100 гранты бөлінді. Облыс әкімінің грантын тағайындауға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 10-20 тамыз аралығында аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіліп, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанына құрылған арнайы комиссиялардың хаттамалық шешімдерімен 96 студентке облыс әкімінің гранты тағайындалды. Оның ішінде журналистика мамандығы бойынша 7 грант (Арал ауданы – 1, Шиелі ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 1, Қызылорда қаласы – 4). Осы ретте, Қазалы ауданы әкімдігі тарапынан «журналистика» мамандығына сұраныс болмағандығын білдіреміз. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексінің» 91-бабына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.
Әбдіқалықова Г.Н. 14.09.2021, 11:40