• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрманов Ғалымжан
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 04.08.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 131
  • № 698955

Саламатсызба әкім ханым. Менің есімім Арслановна Лариса Ивановна Шиелі ауданының тұрғыны. (лтым орыс болсада қазақ еліне жеріне жаным ашиды. Қазіргі таңда мен С Мамбетов көшесінде тұрамын ал бұл жерде тазалық болса күннен күнге ауламыз қоқыстан көз ашылмай келеді. Колодецтер ашық күйінді әкімгершіліктен көмек сұраймын. Ал балдар болса осы жерде ойнайды өзіңіз қараңызшы. Маған хабарласуларыңызды өтінемін. Осы сұрағым бойынша маған көмектеріңізді көрсетсеңіздер. Сот; 87710279729 ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 05.08.2021, 11:14

Қазіргі таңда, Шиелі кентінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін «Женсикбаев» ЖШС-не нақты тапсырмалар беріліп, мердігер мекеме тарапынан С.Мамбетов көшесі толығымен тазартылды. Сондай-ақ, «ЖТСҚ» өндірістік бөлімшесі арқылы аталған су құдығының (колодец) қақпалары қайтадан орнатылып, қалпына келтірілгенін хабарлайды. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Әбдіқалықова Г.Н. 11.08.2021, 11:00
Дәулетбаева Аққатша
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 30.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Көлік ·
  • 235
  • № 698116

Саламатсызба мен саулет мөлтек ауданы турғыны Алтын Алқа иегері, Тыл ардагері айтатын мәселем, сәулет мөлтек ауданында қатынайтын қоғамдык көлік мәселесін шешіп берсениз себеби осы молтекте катыйнайтын № 19 маршрутты 1,5 сагат кутемиз, кей кундери мулдем журмейди. Тагы айтып отетин маселе осы молтектен орталык мешитке, Тасбеогет кентине, темир жол вокзалына катынайтын маршрут жок. Тасбогеттен калага катынайтын коп маршруттын бирин осы молтек аудан арасымен журсе деген пікір бар.Осы маселелер бойынша бұрында жазылды, бірақ қарастырамыз деген шенділердін уәдесі - жәй сөз болып калды ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 30.07.2021, 04:38

«COVID-19» пандемияға байланысты оқушылар мен мұғалімдердің қашықтықтан оқыту, мемлекеттік сала мамандарының қашықтықтан жұмыс жасауына байланысты қазіргі таңда, жолаушылар ағыны азайды. Осы ретте, қызмет көрсететін кәсіпкерлердің табыс көзі төмендеп, жолаушылардың тасымалдауға кеткен шығындарының орның толтыра алмауына байланысты, бағыттарда қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер жолаушылар тасымалымен айналысуға бас тартып автобустарын сатуға мәжбүр болуына байланысты №19 бағыттағы қоғамдық көлігінің аралық жиілігі ұзарып №3,9,20 бағыттар қазіргі автобустармен толықтыру мүмкін болмай отыр. Осыған сәйкес, бағыт бригадирі мен «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і мамандарымен қажетті шаралар қабылдау үшін бағыттарға автобустар тарту үшін кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.

Әбдіқалықова Г.Н. 13.08.2021, 08:04
Нұрманов Ғалымжан
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 29.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
  • 358
  • № 698042

Құрметті ел ағасы мен Нұрманов Ғалымжан Рүстемұлы Қызылорда облысы Шиелі киелі жердің тумасы. Шиелі ауданының жолын тратуарын қолға алса деймін. Шиелі ауданында жолдың сапасы өте төмен сол себепті мен сізге жазып отқан жайым бар ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 30.07.2021, 04:32

Шиелі ауданы бойынша 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары және Сырдария өзеніндегі үш қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Қазіргі таңда 145,4 шақырым автомобиль жолдарың 124,5 шақырымы, яғни 84 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Шиелі ауданындағы аудандық маңызы бар ұзындығы 4 шақырымдық «Жиделіарық елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы "Қыран" ЖШС-і жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға өткізді. Ауданның М-32 «Самара-Шымкент» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 6,5 шақырымын (ПК 1921-1927,5) қайта құрылымдауға жөндеу жұмыстары аяқталып, тиісті жол белгілерін орнату, жол жолақтарын сызу жұмыстары жүргізілуде, шартқа сәйкес нысан тамыз аяғының соңында пайдалануға беріледі.Нысан 2020 жылдан 2021 жылға өтпелі. Облыстық бюджеттен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Алмалы, Тұран, Бәйгеқұм, Тартоғай елді мекендерінің 11 ішкі көшелерін орташа жөндеуге және кент және 9 ауылдық округтің 22 көшесін жөндеуге қаржы бөлінді. 2021 жылы аудандық бюджеттен қаржы көздері қарастырылып, Шиелі кентінің біраз көшелері орташа және жәй жөндеу жұмыстарынан өтті. Жылдың басынан бері Шиелі кентінде Ким Ман Сам, Нысанбаев, А.Байтұрсынов, Ә.Тәжібаев тұйығы, Жаназар батыр, С.Мұханов, Ағыбай батыр, Палмұханбетов, Абдиев, М.Мәметова тұйығы, М.Шоқай тұйығы, Абылайхан тұйығы» көшелері асфальттанып, Ковтунов, ГРП-23, №3, ГРЭ-2 көшелеріне қиыршық тас(ГПС) төселді. Сонымен қатар, Шиелі кентінің орталық көшелеріндегі тозығы жеткен Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, А.Яссауи, А.Байтұрсынов т.б. көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс берушілер тарапынан жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының сапасы арнаулы лабораториясы бар жол тексеруші ұйымдардың қатысуымен жол үлгілері, анализдері алынып сапасына баса назар аударылып отырады. Сапасыз орындалған жұмыстар мердігер мекеме есебінен қайта істелінетін болады. Сол себепті сапасыз орындалған жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары жоқ. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Әбдіқалықова Г.Н. 23.08.2021, 10:35
Исабекова Айгерим
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 28.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
  • 158
  • № 697735

Сәлеметсіз бе?Құрметті,Гүлшара ханым,біз, Қызылорда қаласына қарасты,тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев саябағы жанындағы «ЕҢБЕК » саяжайының тұрғындарының жан айқайы деп білеміз.Айта кететін жайт,2019жылдың 2 жартыжылдығында қалаға аумағына енгенбіз.Бұл саяжайларда көптеген халық тұрып жатыр.Өркениеті өркендеген XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз,бірақ, осы саяжай тұрғындары соны сезбейміз,себебі,Назарбаев саябағынан 2 метр бері өтсеңіз,уақыт белдеуінен XIXғасырға кері өтіп кеткендігімізді сеземіз.Бізде көптеген мәселелер бар: 1. ауызсу 2. газ (көгілдір отын) 3. электр жарығы,трансформатор Біз,осы саяжайлардың халқы ,Шіркейлі каналынан ауызсу тұтынып отырмыз,бұл судың сапасы денсаулығымызға кері әсерін беруде.Суды сатып алуға біріміздің жағдайымыз келсе,біріміздің жағдайымыз көтермейді,тұрмысымызға ауадай қажет.Сондай-ақ,бізге трансформатор керек,осы кезде тұрған трансформатор ескі.Желді күндері электр жарығымыз жалп етіп өшіп қала береді.Содан кейінгі газ мәселесі.Қалаға тиіп тұрсақ та,әлі күнге дейін от жағамыз. 1 жылдың 7-8 айында отын,көмірмен алысамыз.Қызылорданың аудандарының өзі газ тұтынып отыр,оның жанында қалаға тиіп тұрсақ та газбен қамтылмай отырған жайымыз бар.Биыл өзекті мәселелеріміз бойынша жұмыстар атқарылады деп сеніп едік,алайда еш қозғалыс жоқ Құрметті Гүлшара ханым,осы аталған мәселелерді өзіңіздің жеке қабылдауыңызға кіріп, хабардар ету үшін «Еңбек»саяжайының халқын өз қабылдауыңызға тіркеуді сұраймыз!!! ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 28.07.2021, 04:46

А. Исабековаға Қызылорда қаласы, «Еңбек» саяжайы, Өркендеу № 96 үй 29.07.2021 ж. № БЛОГ-133 Сіз, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.09.2002 ж. №974 қаулысының талаптарына сай облыс әкімінің жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз. Осыған сәйкес, қабылдау уақыты телефон байланысы арқылы Өзіңізге алдын-ала хабарланатын болады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Әбдіқалықова Г.Н. 30.07.2021, 04:23

Сіздің Қызылорда қаласы «Еңбек» саяжайының электр жарығы, газ және ауыз су мәселелері жөнінде облыс әкімінің атына жазған өтіңішізге сәйкес төмендегіні хабарлайды. Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің мәліметі бойынша «Еңбек» саяжайындағы тұрғын үйлерге жаңадан электр жарығы, ауыз су жүйелерін жүргізу бойынша қалалық бюджеттен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, жобалар әзірленіп мемлекеттік сараптаманың қарауында. Жобалардың сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы бөлуге құзырлы мекемелерге бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Қызылорда қаласының әкімдігі облыс орталығына қарасты барлық саяжайлардың мәртебесін анықтап, тұрғындардың табиғи газға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі тарапынан жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу ұсынылды.Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Әбдіқалықова Г.Н. 13.08.2021, 12:27
Жыржисов Бауыржан
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 27.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 231
  • № 697453

Мен, Жыржисов Бауыржан, 1987 жылдан бастап өкпе туберкулезімен ауырдым. 1997 жылы өкпе қабынып, облыстық диспансерге түсіп, төрт ай емделдім. 1998 жылы қайта ауырып, емделдім. 2000 жылы тағы да ауырып шықтым. 2006 жылы Байқоңыр қаласындағы тубдиспансерде 8 ай емделдім. 2009 жылы дәл осы жерге қайта түстім. 2012 жылы облыстық тубдиспансерге түстім. Сол уақытта ДОТС дәрісін қолданбай, дәрігерден рұқсат алып, Тасбөгет қалалық мультирезервный дәрімен емделуге қалалық тубдиспансерге ауыстым. 2013 жылы Байқоңыр қаласындағы тубдиспансерге түстім. Департаменттің мұрағаттағы медициналық-әлеуметтік актілеріне сәйкес 2014 жылдың 13 наурызында туберкулез ауруы салдарынан организм функцияларының бұзылуына байланысты «Жалпы ауру» бойынша ІІ топ мүгедектігі бір жылға тағайындалған болатын. 01.04.2015 жылы қайта куәландыруда ІІ топ мүгедектігі бір жылға белгіленді. 11.04.2016 жылы қайта куәландыруда ІІІ топ мүгедектігі 6 айға тағайындалды. 16.03.2018 жылы оңалту шараларының тиімділігі мен тыныс алу функциясының тұрақты да қалпына келмейтін өзгерісі мен бұзылуларын анықталмауын, емді толық аяқтап тоқтатуын ескеріп, №4 МӘС бөлімімен мүгедектік белгіленбеді. Менде туберкулез жазылғанымен, хронический бронха пайда болды. Қазір осы аурудың себебінен 6 баламның ақшасын өзіме емделуге жұмсап отырмын. Емделемін деп бармаған жерім жоқ. Осы аурудың емін іздеп Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына (ОМЦ) барғанмен, олар маған қарамады, еш көмектеспеді. Берген дәрілері де жоқ. Керісінше, мені ары-бері сандалтты. Менің тыныс алуым қиын. Өкпемнен өкпе қалмаған. Рентгеннен байқамаған сыңай танытты. Әділхан Жандос Қойшыбайұлының алдынан 4 рет өткенмін. Төремұратова Ләззат Сәкеновна, Әбжаппар Кәмшат Жомартовна, Шаповал Гүлденген Кітабаевна – олар маған дым қарамай, ауруымды асқындырып алдым. Осы кісілердің үстінен арызданамын. Қазіргі таңда жұмысқа жарамаймын. Мүгедектікке шығуыма көмектесіңізші. Дәрігерлерден қайыр жоқ. Тегін берілетін дәрілерді бермейді. Менің мәселем шешілмесе, жауабыңызға қанағаттанбасам, мен әлде де жоғары органдарға шағымданатын боламын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 27.07.2021, 10:28

Сіз 2018 жылдан бері «Тыныс жетіспеушілігі II-III дәрежелі. Өкпе туберкулезінен кейінгі үлкен қалдықты өзгерістері» диагнозымен диспансерлік есепте тұрасыз. Арызыңызда көрсетілген мүгедектік мәселесі бойынша: Сізде мүгедектік белгілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында Ауруханамен №031/у нысанды құжат толтырылып, медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (әрі қарай – МӘС) жолданды. Алайда, 07.12.2020 жылы Аурухананың МӘС-ға ұсынылған медициналық құжаттарыңызды зерделеу барысында организм функцияларының бұзылу дәрежесін жіктеу және оны объективті қарау нәтижесімен организм функцияларының тұрақты бұзылуы анықталмағандықтан, №2 МӘС бөлімімен мүгедектік тобын тағайындауға негіз жок екендігі туралы қорытындысы шығарылған. Алдағы уақытта, денсаулығыңызда өзгерістер болған жағдайда немесе мүгедектікке көрсеткіштер болған жағдайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен «Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» (әрі қарай – Қағида) сәйкес 031/е нысанды құжаттама толтырылып медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясына жолданатын боласыз. Тегін дәрілерді бермейтіндігі туралы: Аурухананың аудит отырысы қорытындысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттармен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, оның ішінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына, амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардын және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту» туралы заңына сәйкес тиесілі дәрілермен тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отырсыз. 16.03.2020ж-26.03.2020ж аралығында ФГБУЗ ЦМСЧ №1 терапия бөлімшесінде, қайталап 23.09.2020ж-02.10.2020ж аралығында D/s: «ХОБЛ, категория В, өршу кезеңі. Тыныс жетіспеушілігі ІІ-ІІІ дәрежелі. Өкпе туберкулезінен кейінгі үлкен қалдықты өзгерістері», 17.05.2021ж-27.05.2021ж аралығында Қызылорда облыстық көп бейінді аурухананың пульмонология бөлімшесінде стационарлық ем қабылдағансыз. Соңғы рет пульмонолог кеңесін 20.10.2020 жылы алып, спирография жасалынған. Аурухананың тар буынды және жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің үнемі бақылауындасыз. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, арызыңызға берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіріледі.

Әбдіқалықова Г.Н. 12.08.2021, 11:07
Ердигаликов Ерланбек
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 26.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 154
  • № 697368

Добрый день, уважаемая Гульшара Наушаевна! Хотел получить вакцину от COVID‑19 "Hayat-Vax". Был в 1-й, 6-й и 3-й поликлиниках. Там эта вакцина отсутствует, в наличии только российская "Спутник V". Это что получается нам навязывают российскую вакцину. Почему отсутствует право выбора? Я категорически отказываюсь делать прививку, которая внедряется на генетическом уровне и которая не способствует повышению иммунитета. Вопрос: 1) Когда в поликлиники города закупят вакцину от COVID‑19 "Hayat-Vax"? 2) Согласно постановления Главного санитарного врача РК, до 15.05.2021 года необходимо получить вакцину. Но учитывая, что вакцина "Hayat-Vax" отсутствует, к данному сроку я не успею привиться. Какова ответственность согласно законодательства РК? Прошу в срок до 27.07.2021 года предоставить чёткий, понятный, обоснованный ответ. Также прошу взять данный вопрос на личный контроль. Ердигаликов Ерланбек. 8-700-090-81-81 ...

Толығырақ

Жауаптар


Ваше обращение сейчас находиться на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Әбдіқалықова Г.Н. 26.07.2021, 06:37

В ответ на Ваш вопрос, сообщает нижеследующее. Вакцинация против коронавирусной инфекции в Кызылординской области началась с 1 февраля 2021 года. Всего с 1 февраля текущего года в регион поставлено 518 700 доз вакцины. Из них 284 365- 1 компонент, 234 335- 2 компонент. Из поставленных 518 700 доз вакцины 9990 доз – «QazVac – in», 64 500 доз – «Hayatvax», 422 210 доз – «Спутник – V», 22 000 доз - вакцины «CoronaVac». В связи с полным освоением и завершением поставленного на территорию области 1 компонента вакцины «HayatVax», сообщаем Вам что на данное время по области имеются вакцины «Спутник-V», «QazCovid-in» и Вы сможете привиться одним из этих вакцин.Одновременно разъясняем, что согласно статьи 91 «Административного процедурно-процессуального кодекса РК» в случае несогласия с указанным ответом, Вы вправе его обжаловать в вышестоящий либо в судебные органы.

Әбдіқалықова Г.Н. 11.08.2021, 10:57
Габитова Умиль
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 25.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мәдениет, ақпарат және экология ·
  • 129
  • № 697238

Республиканское общественное объединение «Объединение Российских Соотечественников» просит Вас рассмотреть предложение по подписанию долгосрочного Соглашения в целях развития культурных, гуманитарных, спортивных, туристических связей и установления взаимовыгодного сотрудничества. Обращение и Проект Соглашения с приложением прилагаются. ...

Толығырақ

Жауаптар


Ваше обращение находиться сейчас на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Әбдіқалықова Г.Н. 26.07.2021, 11:34

Акимат Кызылординской области касательно предложения поступившего от РОО «Объединение Российских Соотечественников» от 28 июля 2021 года по подписанию долгосрочного соглашения с акиматом Кызылординской области в целях развития культурных, гуманитарных, спортивных, туристических связей и установления взаимовыгодного сотрудничества (далее-Соглашения), сообщает следующее. На сегодняшний день проект Соглашения указанный в данном письме рассматривается акиматом Кызылординской области. О результах будет сообщено дополнительно. Одновременно разъясняем, что согласно статьи 91 «Административного процедурно-процессуального кодекса РК» в случае несогласия с указанным ответом, Вы вправе его обжаловать в вышестоящий либо в судебные органы.

Әбдіқалықова Г.Н. 16.08.2021, 07:10
Ажигалиев Изатулла
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 22.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 211
  • № 696827

Құрметті Әбдіқалықова Г.Н. ханым! Туған облысымның проблемасына араласуыма себеп болған,бұқаралық ақпарат орталығының хабарламасы еді: алдағы қысты ойлап,жыламсырап,жарылған ғимараттың тұрғыны және жалған сөйлеп тұрған лауазымды тұлғалы әкімшілік аппаратының қызметкері,ол қызметкердің айтуынша,үкіметке жөндеуге керек қаражатқа өтінім берілді,бірақ үкіметтен әлі жауап жоқ(тексеруіңізге болады)деді,бұл сөзден кейін жарылып жатқан үйдің тұрғындары,үкіметті еш уақытта сыйламайтынына көзіңіз жететін болар.Басқа жерде отырып,сізге ол сөздердің жалғандығын мәлімдеуге тура келіп отыр. Барлық жобалар ,оның ішінде осы тұрғын ғимараттың да Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму Министрінің м.а. 2018 жылғы 28 мамырдағы №396 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27-желтоқсандағы ҚР Кодексінің 88- бабының 3-тармағына сәйкес, ҚР ҚЖ негізінде және номинальды пайдалану мерзімі де сол Қағидалар Жинағы бойынша жасалды және Мемлекеттік сараптамашыларының бақылауынан жобалар оң баға алынды. Ал енді ТЖ(жерсілкінісі,найзағай,газ жарылысы )болған жоқ,жоба бойынша жүргізілді деген авторлық қадағалаушылардың қолы және техникалық қадағалаушылар құрлыс дұрыс жүрді деген қолы тұр ,енді кім кінәлі деген сөзге менің айтатыным,сол лауазымды тұлғалар сізді жалған сөйлеуге мәжүбір етті(ешқандай қаттамалық шешім маған жіберілген жоқ,жиналыс басталған кезде,келді деп қол қойған кезде мен хаттамалық шешімге қол қойып жатқанымды білгенім жоқ және сіз жіберген хаттама шешім маған жеткен жоқ) Дегенмен көпқабатты ғимараттардың(14 ғимарат теледидардың хабарлауынша )номинальды пайдалану мерзіміне жетпей (қосымша№1)деформацияға ұшырауына жосықсыз жобалаушылар мен саратамашылар кінәсінен (Шөккіш топырақтың салмақтану салдарынан негіздің әлсіреуі формула бойынша 27-10/1+е=11.3 сонда ғимараттардың табаны 27/11,3=2,38~2,5 м болуы тиіс(қос2) (36 формула Пособие По проектированию оснований зданий и сооружений(қос3.) және Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының әрекетсіздігінен,бірінші көпқабатты ғимарат деформацияға ұшырағаннан кейін,себебін аныктап,(сіздің жауап қабарламаңыздағы лауазымды тұлғалар түсінгенде жоқ)14 ғимаратқа жеткізбеу керек еді,енді жөндеу жұмыстарының алдында жосықсыз жобалауда кеткен қателікті талдап түсініп,сол қателікті ескере отырып,орнықтылық қалпына келтіру қажет болатын шығар деп ойлаймыз. Ал қабарламаның басында айтылған Теледидардағы жалған сөз дегенімнің себебі ,барлық жұмыстар жобалаудан басталады және құрлысқа керек қаражат жобалау барысында анықталады.Қазір сіздің жобалаушылар орнықтылық қалпына келтіретін жоғарыда айтылған формуланы пайдалануға болмайды,себебі ҚНжЕ 2.02.1.83-ке Құрлыс Комитеті төрағасының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 210-нқ бұйрығымен күшін жойған. Қазіргі уақытта жобалаушылардың қолында Қызылорда қалааласындағы деформацияға ұшыраған ғимараттарды жөндеу үшін ешқандай нормативті құжат жоқ,міне сондықтан Теледидардағы жалған сөз екеніне нақты сенімдемін және қазіргі уақытта "СымбатСтройПроект" ЖШС Жоғарғы Сот арқылы жоғарыда көрсетілген формуланы СН РК 5.01-02-2013Қағидалар Жинағына енгізуді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму Министрінен талап етуде сол кезде ғана Қызылорда жобалаушылары өз күшімен айтылып келе жатқан жобаларды жасауына мүмкіндік туады,ал әзірше патриоттар қорықпасада болады ,себебі бұл жұмыстардың барлығын Қызылорда қаласындағы "СымбатСтройПроект" ЖШС ның филиалы орындайды 1.күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілетін барлық 14 ғимаратты (күдікті ғимараттарды қосуға да болады )орнықтылық қалпына келтіру 1ғана келісім шартпен жүргізіледі.1ғимаратты орнықтылық қалпына келтіру 30 миллион қаражатты керек етеді,бюджет қаражатына қарай айына 5 ғимарат ты жөндеуге мекеменің мүмкіндігі бар. Қызылорда қаласының Энергетика және ЖКХ басқармасы мұндай жаңа тәсілмен жұмыс жасмағандықтан жұмыс жасау барысында кездесетін сұрақтарға түсініктеме беруге тура келіп тұр:. 1. Энергетика және ЖКХ басқармасы Акім аппаратымен келісіп,Экономика және жоспарлау басқармасына өтінім жасауға барлық деректер жоғарыда берілді,Әкім аппаратының жоспарға енгізуіне толық мүмкіндігі бар 2. Мемлекеттік сатып алу заңын бұзылмау үшін бағалы ұсыныс 3 мекемеге жіберіледі,бірінде зияткерлік меншік иесі директор ,қалған екеуінде қатардағы инженер. 3. Келісім шарт жасалғаннан кейін 30% аванс төленеді,(құрылыс жұмыстарына керекті техника ,құрлыс материалдарын алуға және құрлыс жұмыстарын жүргізуге лицензия алуға мемлекеттік баж төленеді) 4. Әр ғимарат орнықтылық қалына келтірілгеннен кейін орындалған схема және Lira программасы бойынша есептелген ,шөккіш топырақтың салмақтану қасиеті ескерілген жоғарыда айтылған формула бойынша орнықтылық қалпына келтірілгені туралы есептер Энергетика және ЖКХ басқармасының лауазымды қызметкеріне акты арқылы өткізіледі. 5. Тек жауап қабарламада Патент туралы сөз қозғамауларыңызды сұраймыз,инновациялык тәсіл СН РК СН РК 5.01-02-2013бойынша істелген және патент алып,алмау жұмыстары тек зияткерлік меншік иесінің құзіретінде екенін естен шығармауларыңызды өтінеміз. «СымбатСтройПроект» ЖШС і болашақта 1млиярд 780000экономия беретін инновациялық тәсілді өндіріске енгізуді жоспарлауға барлық мәліметтер ұсынды деп ойлаймыз ,осы мәлеметтерді талдау барысында басқа қиындықтар туатын болса ,қабарласуды өтінеміз. Бұл орнықтылықты қалпына келтіру инновациялық тәсілі тек ғана деформацияға ұшыраған үйлерді жөндеуде және тұрғызылып біткен ғимараттарды орнықтылық қалпын жоғалтпау үшін қолданылады (салынып біткен ғимараттардың салмағының көмегімен енгізіледі) сондықтан ,құрлыс басқармасына ұсыныс берілді деген жауап қат бос деп есептейміз ,жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілді не болмаса енгізілмеді деген жауап тарды күтеміз Аса құрметпен, ЖШС «СымбатСтройПроект» директоры, Зияткерлік меншік иесі Ажигалиев И. 87252411142 дом 87753478855сот ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 22.07.2021, 06:51

29.06.2021 жылы «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» басқармасында техникалық кеңес өткізілген болатын. Техникалық кеңесте Шымкент қаласының тұрғыны, И. Ажигалиев деформацияға ұшыраған ғимараттарды қалпына келтірудің «Анел» деген тәсілімен таныстырып, презентация жүргізді. «Анел» тәсілінің деформацияға ұшыраған ғимараттарды қалпына келтірудегі ең оңтайлы шешім болғанымен, бюджеттен жоғарыда аталған тәсілге қаражат бөлу үшін, сараптаманың қорытындысы қажет етеді. Алайда, зияткерлік меншік иесінің тиісті құжаттарының болмауына орай, мемлекеттік бюджет есебінен салынған құрылыс нысандарына қолданудың мүмкіндігі жоқтығын хабарлайды. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Әбдіқалықова Г.Н. 11.08.2021, 11:11
Дербісәлі Айгүл
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 15.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
  • 106
  • № 695806

Жұмыспен қамту және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқуға орналастыру ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 15.07.2021, 04:28

Сіздің облыс әкімінің блогына қамқорлығыңыздағы екі баланыз Қожақ Айтұрарға «Фельдшер» мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру және Қожақ Тұрлыбекті оқу орнына грантқа түсіру жөнінде жазған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні хабарлайды. 1 мәселе.Сізбен сөйлесу барысында Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы мен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша түсініктеме берілді. Қамқорлығыңыздағы Қожақ Айтұрар Қазалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелмеген. Бүгінгі күнге А.Қожақтың мамандығына сәйкес мекемелерден бос жұмыс орнына сұраныстар түспеген. 2020 жылдың қараша айында Сіздің қамқорлығыңыздағы Қожақ Айтұрардың колледждегі оқу ақысының қымбаттауына байланысты «Қазалы-Игілік» корпоративтік қоры арқылы 50,0 мың теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық көмегі көрсетілді. Сіз А. Дәрбісәлі 2020 жылдың 9 қаңтары-1 шілдесі және 1 шілдесі -31 желтоқсаны аралығында Әйтеке би кенті әкімі аппаратында ақылы қоғамдық негізде жұмыс атқарғансыз. Бүгінгі күнге, Сіз жұмыс іздеуші ретінде орталыққа тіркелмегенсіз. 2 мәселе. Сіздің қамқорлығыңыздағы Қожақ Тұрлыбекті оқу грантына түсіру жөнінде облыстық білім басқармасы мәліметін ұсынады. 2021 жылы колледжге қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өзгерістер енгізілді. Қабылдау емтихандарын, конкурсты колледждер өздігінен өткізбейді, Сіздің балаңыздың (қамқорлыққа алынушы баланың) қалаған мамандығы бойынша колледжге мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (грант) оқуға түсуі не түспеуін автоматтандырылған жүйе анықтайды. 20 маусым мен 20 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурсқа қатысу үшін 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай отырып, автоматтандырылған жүйеге өтініш береді. Автоматтандырылған жүйе 9 сыныптан кейін міндетті және бейінді пәндер бойынша орташа конкурстық балын Ұлттық білім беру деректер қоры арқылы (ҰБДҚ) 21-24 тамыз аралығында анықтайды. Конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектерге, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдарға басым құқық беріледі.

Әбдіқалықова Г.Н. 29.07.2021, 06:05
Умирзаков Алтынбек
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • 15.07.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
  • 112
  • № 695183/1

құрметті ахметжанов мырза Алматы облысы Аксу ауданы тұрғынымын 3 баламыз бар үлкен баламыз мүгедек бала мүгедегіне байланысты үйге 2015 жылы Қызылорда облысында кезекке тұрған болатынбыз осы уақытқа дейн кезегіміз жылжығанын білмей отырмыз осы мәселе боййынша тексеру жүргіссеңіздер екен үйдің кезегін қадағалайтын жауапты мекеме барма..және бақытты отбасы бағдарламасына қатыса алмай отырмыз 87009517188 ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Әбдіқалықова Г.Н. 15.07.2021, 12:08

Азамат Бердімұрат Сәрсемхан Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 22 ақпандағы 2017 жылғы арызы бойынша халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда, кезегіңіздің реттік саны – 6154. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Яғни, тұрғын үйді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кезегіңіз келген кезде алуға болатындығын назарыңызға жеткіземіз. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2012-2020 жылдар аралығында жергілікті баспасөз құралдарында («Ақмешіт апталығы», «Ел тілегі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде) жарияланған болатын. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын ұдайы жаңаланып, орналастырылады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша толық мәлімет алу үшін «Отбасы банк» АҚ-на («Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) жүгіну қажет. (Қызылорда қаласы, А. Байтұрсынов көшесі №122 үй). Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.

Әбдіқалықова Г.Н. 20.08.2021, 05:47
    Нәлібаев Н.М.

    Қызылорда облысының әкімі

    Нәлібаев Н.М.
    (Мұрағат)

    Қызылорда облысының әкімі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика