• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мустафаев Ерболат
  • Нәлібаев Н.М.
  • 21.10.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мәдениет, ақпарат және экология ·
  • 87
  • № 757689

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы ! Мен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Өнертану» профессоры, күйші Ерболат Жұмашұлы Мұстафаев, Қызылорда қаласының тумасымын. 1992-2012 жылдар арасында Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде еңбек еттім. Қазір Алматы облысы, Қарасай ауданында тұрамын. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде және А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ музыка мектебінде қызмет етемін. Жасым 59-да. Осы уақытқа дейін Қызылорда қаласында Республика деңгейінде ауыз толтырып айтардай күйшілер конкурсы өткен жоқ. Сыр бойы күйшілік өнері жыршылық өнерінің көлеңкесінде қалып қойып, әлі күнге дейін толық зерттелмей келеді. Әлшекей күйшінің Сүгір күйшіге ұстаз болғанын, Шал Мырза күйшінің атақты Қазанғапқа ұстаз болғанын көп өнерпаз біле бермейді. Өнерпаздар, күйшілер Шал Мырза Тоқтаболатұлының күйлерін осы уақытқа дейін халық күйлері деп тартып жүр. Осы айғақтың барлығы Сыр бойы күй өнеріне деген көзқарастың кемшін қалғанын көрсетіп тұр. Биыл күйші атамыз Әлшекей Бектібайұлы атындағы конкурс өтпекші екен. Ол конкурсқа қатысушылар барлық өңірлерден келеді. Қатысушылардың ата-аналары, мұғалімдері «конкурсқа кімдер қазылық жасады» деп сұрайды. Сондықтан, қазылар алқасына елімізге белгілі, Сыр бойы күйлерін орындаушылар, сол күйшілік өнер туралы жазушы беделді мамандар отырулары тиіс деп ойлаймын. Бұл конкурстың биік дәрежеде өтуі Сыр бойы күй өнері үшін де, Қызылорда облысының мәртебесі үшін де қажет. ЮНЕСКО мұрағатына алтын әріппен жазылған Қазақтың Күй өнерінің беделін жоғары ұстау әр қазақ азаматының парызы болуы тиіс. Бұл мәдени ісшараға «кезекті бір ісшара» деп қарамай, ерекше көңіл бөліп, оң көзіңізбен қарауыңызды сұраймын. Ізгі ниетпен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Өнертану» профессоры Ерболат Жұмашұлы Мұстафаев ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 22.10.2022, 07:18

Құрметті Ерболат Жұмашұлы! Сіздің ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымызға деген асқан жанашырлығыңыз, күй өнеріне деген қалтқысыз еңбегіңіз қашан да құрметке лайық. Биыл Сыр бойының күйшілік өнеріндегі заңғар тұлға Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығы аясында облыс көлемінде түрлі деңгейдегі іс-шаралар, конкурс-фестивальдер ұйымдастырылып келеді. Халқымыздың күй өнеріндегі Әлшекей есімін ұлықтау, оның күй мұрасын кейінгі ұрпаққа аманаттау мақсатында 4 қараша күні өтетін «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауына композиторлар одағының мүшесі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Нұрымбетов Еркін, күйші-композитор, өнер зерттеуші, Қазақстан Композиторлар және Журналистер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» Нұржанов Балтабай, Әлшекей Бектібайұлы атындағы республикалық дәстүрлі өнерді дамыту қоғамдық қорының атқарушы директоры Жанғазы Марат, өнер зерттеуші, күйші, Д.Нұрпейісова атындағы халықаралық күйшілер байқауының лауреаты Аягөз Нұрсұлтан және күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» Әбсадықов Әлімжандар қазылық етеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысатын талапкерлер өнерін жоғарыда аталған қазылар алқасы саралап, респубикалық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне тиісті шаралар жүргізілетін болады.

Нәлібаев Н.М. 03.11.2022, 01:06
Мөңкеева Зухра
  • Нәлібаев Н.М.
  • 12.10.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 622
  • № 757022

Саламатсыз ба?!Біз Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жахаев көшесіндегі көп пәтерлі 27-үй тұрғындары кондоминиум бойынша ортақ жер үлесі болып келетін есік алдындағы ортақ жердің қоршауын (27-үй 7,9-пәтерлердің алды)алып тастауын сұраймыз.Бұл үйде дәл осы екінші подъезде үш мүгедек жанның тұратынын ескерсек ,ол кісілердің де есік алдына шығу құқығын шектеп отырғанын ескерсеңіздер.Және Қ.Р. жер кодексі заңнамасына сәйкес көппәтерлі үйдің тұрғындарының келісімінсіз ,ешқандай ескертусіз ортақ жер үлесін қалай жекешелендіре алады және оған рұқсат берген мекеменің жұмысын тексерсеңіздер екен.Ол қоршаудың адам өміріне ,кішкентай балалардың өміріне бірінші кезекте қауіпті екенін ескерсеңіздер екен Осы арызымыз заң бойынша қанағаттандырылса екен дейміз.Бұл арыз Шиелі кенті әкіміне де жолданды.Бірақ нәтиже көрмедік. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 13.10.2022, 05:30

Құрметті Мөңкеева Зухра! Қазақстан Республикасы жер кодексінің 62-бабының 1-тармағында Астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйдегі кондоминиумды тіркеген кезде кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкі құрамына кондоминиум обьектісін орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскесін мінсіз үлес ретінде өтеусіз негізде енгізуді қамтамасыз етеді және көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкі құрамына кіретін жер учаскесі бөлінбейтін болып табылады делінген. Осыған орай, көршілеріңізге қосымша құрылыс соғу, қоршалау, әжетхана немесе кәріз жүйесін жүргізу кондоминиум үлескерлерінің өзара келісімі арқылы жүргізілетіндігі түсіндірілді.

Нәлібаев Н.М. 03.11.2022, 07:08
Өсерова Камар
  • Нәлібаев Н.М.
  • 29.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Көлік ·
  • 97
  • № 755747

Мен Осерова К.Ж. Махамбет ауылы жас канат көшесі 7 уй тұрғынымын. Қазіргі кезде балаларымыз сабақтан кеш шығады. 5 сынып оқушысы 6 сабақтан кешкі 19-00 шығады облыс әкімдігі қасындағы аялдамада 20 минуттан аса уақыт тұрсада Махамбет ауылына қатынайтын автобустар 2,12 тоқтап қалады. Неге облыс әкімінің қаулысымен автобусдардың уақытын кешкі 10 немесе 11 жүру міндеттелмейді. Басқа облыстарда автобустар сағат түнгі 11 дейін жүреді. Құзырлы мекемелер халықтың жағдайын көлік қатынасын жүйелеп жұмыс жасатпайды. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 29.09.2022, 11:00

Сіздің облыс әкімінің атына жазылған хатта көрсетілген №2 және №12 бағыттардың сызбасын зерделей отырып, қалаішілік бағыт сызбаларын оңтайландыру жүргізілгендігін хабарлаймыз. Жол көлік инфрақұрылымын дамыту және хатта көтерілген мәселені шешу мақсатында биыл соңғы үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы 150 дана автобус жеткізіледі. Бұл автобустарды бағытқа қосарда қалаішілік маршруттардың сызбалары тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың орналасқан аймақтары ескеріле отырып, қайта қаралатын болады.

Нәлібаев Н.М. 04.10.2022, 12:22
Смагулова Роза
  • Нәлібаев Н.М.
  • 21.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
  • 97
  • № 754951

Өтініш Саламатсызба! Нұрлыбек Машбекұлы, мен Смагулова Роза Амзеевна 19.03.1963 жылы Қызылорда облысында туылғанмын. Қазіргі таңда «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігінде қоғамдық жұмысшы болып қызмет атқарамын. Аталған ұйымдарда барлығы 30 мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық жұмыс атқарады. Бұл мүгедектігі бар адамдардың ай сайын 50 мыңнан 70 мың теңге аралығында әлеуметтік жәрдемақы (пенсия) алады. Өзіңізге белгілі, мүгедектігі бар адамдардың алатын жәрдемақылары тұрмыс-тіршіліктеріне жетпейді, қазір қымбатшылық. Ал, мүгедектігі бар адамдарды тек осы тектес құрылған ұйымдар қабылдамаса, басқа мекемелер жұмысқа қабылдамайды. 2022 жылдың 7 ақпанында «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министінің №46 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Өзгертілген нормаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада қызметін жүзеге асыратын жұмыс берушілер қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға екі жылда бір рет қатысатындығы көрсетілген. Аталған тармақ тек облыс орталығында тіркелген жұмыс берушілер мен облыс орталығында тұратын халыққа ғана қатысты болып тұр. Ата заңымыз, Конституцияның 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп көрсетілген және 14 бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. - деп айқындалған. Осыған орай, ҚР азаматтарын облыс орталығында тұратын және аудандық, ауылдық жерде тұратын деп бөлуді біздің Конституциялық құқығымызбен бостандықтарымызды бұзу деп есептейміз. Құрметті Нұрлыбек мырза, жоғарыдағылардың негізінде өзімнің атымнан, бірлестіктерде жұмыс атқарып жүрген мүгедектігі бар адамдардың атынан аталған бұйрықтың қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада қызметін жүзеге асыратын жұмыс берушілер қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Екі жылда бір рет қатысады» деген талаптарын алып тастауды сұраймыз. С.Р.Амзеевна 21.09.2022 жыл ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 21.09.2022, 07:28

Сіздің облыс әкімінің блогына қоғамдық жұмысты ұйымдастыру қағидасына сәйкес білдірген ұсынысыңыз бойынша төмендегіні хабарлайды. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің м.а. 07.02.2022 жылғы №46 бұйрығымен «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын» қолдану барысында туындаған бірқатар орын алған түсініспеушіліктер мен қарама қайшылықтар бойынша аталған ережеге өзгеріс енгізу жөнінде бірнеше рет ұсыныстар жолданды (19.05.2022 ж № 03-4/2241-и, 08.06.2022 ж № 02-10/1389, 22.09.2022 ж № 02-10/2260). Қазіргі уақытта аталған мәселе ережені әзірлеуші орган- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан жаңадан 2023 жылдың 1 қаңтарынан қолдануға енгізілетін «Әлеуметтік кодекс» жобасына енгізілу қаралуда.

Нәлібаев Н.М. 27.09.2022, 05:27
ТАЖИНОВ БАХЫТ
  • Нәлібаев Н.М.
  • 20.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мәдениет, ақпарат және экология ·
  • 101
  • № 754824

Направляем для ознакомления и обсуждения результаты научно-исследовательской работы по разработке, тестированию индекса "Культурной корзины" и его адаптации для использования в практических целях в системе государственного (бюджетного) планирования. Предлагаемый подход, методы сбора и интерпретации данных (фреймворк) позволяет проводить оценку доступности культурных благ, интенсивности потребления разных видов культурной продукции, сравнивать причины недостаточного потребления культуры, проводить сопоставление участия разных социально-демографических групп населения в культурной деятельности. Проведенное в летний период 2022 года тестирование фреймворка показало ряд результатов, которые целесообразно использовать в системе планирования государственной культурной политики. Во-первых, данные показывают различия в уровне потребления разных культурных благ с учетом социально-демографических параметров. Во-вторых, предлагаемая система обеспечивает сопоставимость по уровню доступности культурных благ в разрезе регионов, в разрезе типа местности и учитывает демографические и инфраструктурные особенности. В-третьих, "Культурная корзина" обеспечивает сопоставимость структуры потребления на страновом и региональном уровнях. В-четвертых, результаты исследования могут быть использованы в качестве основы планирования развития инфраструктуры и сервисов в сфере культуры. Научная верификация результатов была проведена с учетом мнения профессиональных и научных экспертов, которые подтвердили научную и практическую значимость исследования на круглом столе и научно-практической конференции (резолюция приведена в аналитическом отчете). В случае заинтересованности, готовы провести презентацию подходов, методологии, результатов исследования и обсудить возможности практического использования в удобном формате, в удобное время как на уровне центральных государственных органов, так и на уровне местных исполнительных органов, ответственных за реализацию культурной политики. Предлагаем провести в офлайн и/или онлайн конференцию для презентации индекса "Культурной корзины" и обсуждения возможностей практического применения исследования. Проект реализован КФ «Национальный дельфийский комитет» при поддержке Фонда Евразия в рамках программы «Социальные инновации в Центральной Азии», финансируемой Агентством США по международному развитию (USAID). В проекте приняли участие ведущие эксперты в сфере культуры, представители неправительственных организаций, научные работники, заинтересованные в развитии уровня культуры Казахстана. С уважением, Туспекова Куралай Национальный Дельфийский Комитет ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Құралай Түспекова ! Еліміздегі мәдени қызметтің сапасын арттыру, зерттеу, зерделеу бағытында қолға алынған «Культурная корзина» жобасымен танысып, назарға алынғандығын және алдағы уақытта шығармашылық байланыста жұмыс жасауға әзір екендігімізді білдіреміз. Уважаемая Куралай Туспековна! Доводим до Вашего сведения, что мы ознакомлены с проектом «Культурная корзина», направленным на изучение, исследование и повышение качества оказания культурных услуг в стране и готовы в будущем вести работу в тесных творческих связях.

Нәлібаев Н.М. 29.09.2022, 10:45

Ваше обращение находиться сейчас на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Нәлібаев Н.М. 20.09.2022, 07:06
Джумахмедова Акмарал
  • Нәлібаев Н.М.
  • 16.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
  • 119
  • № 754392

Уважаемый Нурлыбек Машбекович, Я, Джумахмедова Акмарал Нурлыбековна., директор ИП «Айлин»., обращаюсь к Вам как к Руководству нашей области в надежде, что Вы сможете повлиять на пересмотр решения членов комиссии по отбору заявок субъектов малого предпринимательства по программе поддержки и развития бизнеса по «Дорожной карте бизнеса-2025»., в получении безвозмездного гранта до 5 000 000 (пяти миллионов) тенге на развитие бизнеса. Поданная мною заявка, считаю отклонена не обоснованно. Со дня Вашего, назначения на должность Акима области мы простые граждане не однократно наблюдали как Вы, постоянно призывали граждан к занятию бизнеса, который будет востребован в нашем регионе и обещали всецелую поддержку. Вдохновившись, Вашей идеологией Мы с супругом (в прошлом работник нефтяной отрасли со стажем не менее 15 лет на производстве) который из нутри знает всю потребность данного проекта. В течении года начали изучать технологию лазерной очистки металла. На сегодняшний день по всей Республике Казахстан, данная технология лазерной очистки металла начало свое внедрение только в городе Алматы. Исходя из инноваций проекта и ее актуальности, нами было принято решение изучить и принять участие в данной программе «Дорожной карте бизнеса-2025» для приобретения оборудования на сумму выделяемого гранта. В ходе положительного рассмотрения нашего бизнес проекта «Технологии лазерной очистки металла» перед членами комиссии мы обязались о трудоустройстве не менее 3 (трех) граждан нашей области, дополнительно осуществляли бы поступления денежных средств в виде налогов от нашей деятельности в бюджет нашего любимого города. Согласитесь?! Ведь данный грант выдается на поддержу инновационного бизнеса для региона? Наш Проект, и есть инновационный новые технологии (это не салон красоты, пекарни и.т.д., которые возможно и будут в списке допущенных). В ходе рассмотрения Протокола №21225 от 13.09.2022г., заседания членов конкурсной комиссии основываясь на какие критерии был отклонен наш Инновационный проект? Я, как мать 4 (четверых) детей из социально уязвимого слоя, надеялась защитив данный Проект буду иметь возможность внести свою лепту в развитие нашего региона трудоустроив без работных граждан, внося положенные налоговые отчисления от ведения бизнеса, очень сильно расстроена. В случае оставления моего письма без внимания оставляю за собой право как гражданин Республики Казахстан, обратиться к Президенту РК, Генеральному прокурору РК, Председателю Антикорупционной службы, в судебные органы посредством электронного портала, СМИ, социальные сети. Вас, как Акима области прошу поручить ответственным лицам в объективном пересмотре нашего Проекта. Во вложении: 1. Заявка на участие 2. Бизнес проект 3. Протокол отказа. Джумахмедова А.Н. Моб: + 776 888 16 00 ...

Толығырақ

Жауаптар


Ваше обращение находиться сейчас на рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Нәлібаев Н.М. 16.09.2022, 01:54

Акимат Кызылординской области, рассмотрев Ваше обращение касательно предоставления государственных грантов, сообщает следующее. Согласно пункту 16 «Правила предоставления государственных грантов для реализации новых бизнес-идей в рамках национального проекта по развитию предпринимательства на 2021 – 2025 годы» (далее – правила) распоряжением акима области от 15 июля 2022 года была создана специальная конкурсная комиссия по отбору заявок предпринимателей, претендующих на предоставление государственных грантов, и утвержден ее состав. В соответствии с пунктом 32 Правил данная конкурсная комиссия при рассмотрении конкурсных заявок принимает решение о возможности/невозможности предоставления государственного гранта для реализации новых бизнес-идей на основании критериев, в том числе руководствуясь критериями оценки бизнес-проекта предпринимателя. Как указано в подпункте 1) пункта 32 и в подпункте 1) пункта 11 Правил новизна бизнес-идей и софинансирование (денежными средствами) предпринимателем расходов на его реализацию в размере не менее 10 % от объема предоставляемого государственного гранта не являются обязательными условиями для социально уязвимых слоев населения, в том числе лиц с инвалидностью третьей группы. Резюмируя вышеизложенное, при рассмотрении конкурсных заявок, к двум вышеуказанным критериям на электронном веб-портале Qoldau.kz автоматический присваивается 0 баллов. Согласно пункту 36 Правил Максимальный балл, присваиваемый членом конкурсной комиссии по одному проекту предпринимателя, составляет 40 (сорок) баллов. По бизнес-проектам предпринимателей, относящихся к социально уязвимым слоям населения, сумма максимального балла составляет 28 (двадцать восемь) баллов в соответствии с критериями оценки проекта предпринимателя При этом, проходной балл для социально уязвимых слоев населения составляет 19,6 баллов. Однако. Как указано в Протоколе № 21225 заседания конкурсной комиссии Ваш проект не набрал проходной балл. На основании вышеизложенного, доводим до вашего сведения, что акимат Кызылординской области не участвует и не способствует для принятия решения членами конкурсной комиссии по проектам, представленным на конкурсный отбор. С составом комиссии можете ознакомиться на официальном сайте управления предпринимательства и промышленности Кызылординской области по нижеуказанной ссылке: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/documents/details/328883?lang=ru

Нәлібаев Н.М. 27.09.2022, 12:58
ИСАЕВА КУРАЛАЙ
  • Нәлібаев Н.М.
  • 05.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 105
  • № 753045

Уважаемый Нурлыбек Машбекович! Общественный фонд «Дети Арала» свидетельствует Вам свое высокое уважение и имеет честь информировать о реализации деятельности 3-х летного проекта «Центр поддержки семьи и ребенка в трудной жизненной ситуации (ТЖС)» за счет государственного социального заказа ГУ «Управление образования Кызылординской области». Цель проекта: Обеспечение безопасности и улучшение качества жизни детей в уязвимых семьях, в том числе детей-сирот, детей из многодетных семьей, детей-инвалидов, семей, где родители являются инвалидами, через оказание комплексных интегрированных специальных социальных услуг (ИССУ) детям/семьям в ТЖС. Новый подход Центра «Поддержки семьи и ребенка в ТЖС» в г.Кызылорда – интеграция специальных социальных услуг – объединяет усилия специалистов разных сфер вокруг ситуации конкретного ребенка/семьи в ТЖС. Работа межведомственных команд дает возможность людям, оказавшимся в ТЖС без лишних бюрократических барьеров и в короткие сроки получить реальную помощь, социальные услуги исходя из индивидуальных нужд и потребностей ребенка/семьи. По результатам проекта была проведена внешняя независимая оценка национальными экспертами, которые по итогам оценки предоставили следующие выводы и рекомендации: • По результатам проведенной оценки, очевидно, что проект «Предоставление комплексных специальных социальных услуг (ИССУ) детям/семьям в трудной жизненной ситуации (ТЖС), социально опасном положении (СОП) в организации деятельности «Центра поддержки семьи и ребенка» имеет высокую социальную значимость, позволяя порой решать сложные жилищные, бытовые вопросы, вопросы трудоустройства, внося существенный вклад в борьбу с бедностью, тем самым улучшая социально-экономическое развитие региона. • Ключевые показатели эффективности по проекту за 2021 год были полностью достигнуты, а зачастую и перевыполнены. Было запланировано оказание 2160 услуг, а фактически было оказано 6734 услуги. Вместо запланированных 60 кейсов, было сопровождено 126 кейсов. Степень влияния на улучшение жизненной ситуации лиц, семей в СОП и ТЖС от планируемого индикатора в 60% фактически достигла 80%, уровень удовлетворенности лиц (семей), находящихся на сопровождении Службы составил 53%, что также превысило планируемые показатели. • В результате проекта создана инфраструктура, подготовлены специалисты для оказания интегрированных специальных социальных услуг семьям в тяжелой жизненной ситуации. Апробированный Центром механизм функционирования интегрированной модели предоставления социальных услуг и помощи по принципу «одного окна» доказал на практике свою применимость, эффективность и необходимость его дальнейшего продвижения. • Сейчас, как никогда актуально сохранить весь наработанный опыт и достигнутые результаты, далее развивая их и выводя на новый уровень. Деятельность Центра в настоящее время проводится в проектном формате, для которого характерен риск нестабильности. Крайне необходимо обеспечить системность всей выполняемой работы по оказанию комплексных специальных социальных услуг детям/семьям в трудной жизненной ситуации, определив механизм непрерывного финансирования. • Необходимо дальнейшее выстраивание межведомственного взаимодействия при оказании социальных услуг, принятие единого стандарта оказания ССУ. Возникает необходимость усилить работу мультидисциплинарных межведомственных команд, а также межведомственной комиссии на уровне районов в Кызылординской области. • Необходимо усилить проект через создание группы мгновенного реагирования, состоящей из профессиональных юриста, психолога и представителей других релевантных ведомств для содействия кейс-менеджерам при работе с особо трудными кейсами. • Необходимость обучения координаторов в районах и кейс-менеджеров проекта организаций благотворительной помощи, включая и ее оформление согласно законодательству Казахстана. • Повышение статуса социального педагога, ведущего кейсы, признание значимости и поощрение результатов их работы и достижений, что должно найти отражение на достойном уровне оплаты труда. Ввиду высокой эффекивности проекта, продемонстрировавшего один из лучших результатов по руспублике по внедрению интегрированной модели предоставления социальных услуг и социальной помощи, а также с учетом сравнительно небольших начальных вложений рекомендуется реплицировать данную модель во всех регионах Казахстана. Уважаемые Нурлыбек Машбекович! С целью реализации Концепции государственной политики РК в интересах детей до 2030 года, Дорожной карты развития и поддержки семьи на 2019-2024 гг. в Кызылординской области, просим Вас оказать поддержку в дальнейшей реализации проекта «Центр поддержки семьи и ребенка в ТЖС» по предоставлению комплексных специальных социальных услуг в Кызылординской области. Просим Вашего содействия в обеспечении дальнейшего финансирования следующего этапа проекта «Центр поддержки семьи и ребёнка в ТЖС», через предоставление госсоззаказа ОБЛУНО на 2022г осуществления способом из одного источника на основания получения авторских прав на предоставление ИИСУ детям семьям в ТЖС исполнителем директором фонда К.Т.Исаева . Гос номер патента №285258 от 12.08.2022 С уважением, Председатель ОБФ «Дети Арала» К.Исаева ...

Толығырақ

Жауаптар


Акимат Кызылординской области в соответствии с вашим обращением от 5 сентября 2022 года сообщает следующее. Организация государственных закупок из одного источника по оказанию комплексных специальных социальных услуг детям/семьям, находящимся в трудной жизненной ситуации, запланирована областным управлением образования. Однако, в соответствии со статьей 41 Закона РК от 4 декабря 2015 года «О государственных закупках» (далее - Закона) государственные закупки товаров, работ, услуг способом из одного источника путем прямого заключения договора о государственных закупках по основаниям, предусмотренным пунктом 3 статьи 39 настоящего Закона, осуществляются в исключительных случаях, когда невозможно приобрести такие товары, работы, услуги иными способами, указанными в подпунктах 1), 2), 3) и 5) (конкурса, аукциона, запроса ценовых предложений и товарных бирж) пункта 1 статьи 13 настоящего Закона. В соответствии с этим было направлено письмо в Министерство финансов РК по разъяснению организации государственных закупок из одного источника по п.п. 3 п. 3 ст. 39 указанного Закона.

Нәлібаев Н.М. 20.09.2022, 10:12

Ваше обращение находиться сейчас на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Нәлібаев Н.М. 05.09.2022, 06:20
Маханова Улбосын
  • Нәлібаев Н.М.
  • 27.08.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 99
  • № 752361

Мен, Кызылорда каласынын тургыны - Маханова Улбосын Ибрайханқызы, 2016 жылдан бері онкологиялық есепте тұрамын. Апрель айындагы жергілікті маслихат сессиясында маған «Иксазомиб 4 мг» онкологиялык препаратын сатып алуга 12 млн қаражат болинген болатын. Каражат май айында Кызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының есепшотына отыргызылды. Ауруым асқынып бара жатқаннан кейін сәуір айында өз қаражатым есебинен сатып алуға мәжбүр болдым. Препаратты мемлекеттік сатып алу болмай, тағы да май, июнь айында оз акшама сатып алдым. Осылайша, 3 ай ишинде 12 капсула Иксазомиб 4 мг препаратын 4 млн теңгеге өз қаражатым есебінен сатып алдым. Алайда, өкінішке орай нәтиже болмады, себебі, жергілікті дәрігерлер дұрыс нұсқаулық жасамаған, диета устауын, молочный мулде болмайтынын айтпаған. Содан кейин, натиже болмаган сон, маган Нур-Султан қаласындағы «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың» дәрәгерлері «Помалидомид» деген препаратқа ауыстырды. Қызылорда облысының Денсаулық сақтау баскармасына препаратты ауыстыру қажеттілігін айтқанымда, өзіңіз сатып алып коріңіз, тағы да нәтижесі болмауы мүмкін дегенді айтқан! Ол қайда бар ЗАҢ?! Кейін, ДСБ тарапынан, тамыз айында сессияға тағы ұсынамыз, содан кейін сатып алып береміз деген. Өмір менікі, емді тез арада бастау керек болған соң, несие алып, июль айында 21 капсуладан 2 пачка «Помалидомид 4 мг» препаратын шетелден 2 315 000 теңгеге сатып алдырттым. Бүгінгі күні, 2 курсын, яғни препараттын 2 пачкасын ішуді бастадым. Комек болып жатыр, қазіргі жағдайым жақсы. НурСултан қ-ң Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында гематология бөлімінде ем қабылдап жатырмын. Пациенттерге дәрігерлер өте жоғары деңгейде қарайды. Ең өкініштісі, тамыз сессиясында қарауды облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұмытып, сессияга ұсынылмай қалып қойған!!! Ақша бөлінсе, оны мемлекеттік сатып алу әдісімен аламыз деп тағы 2-3 ай жүреді. Бір сөзбен бұның бәрі ЖАУАПСЫЗДЫҚ!!! Енді қыркүйек айының 25-не 3 курс химия басталу керек, алайда маған аса қажетті дәрімді биылдыққа алып беретін түрлері жоқ! Май айында бөлінген акшадан алып бермей отыргандарыда кызык. Ереже бар шығар мүмкін, сол бөлінген қаражатқа сатып алуға. Порталды киналайды. Дәрінің предельный бағасын төмен қойса қай поставщик акелип береді??? Мамандары жиі больничныйга шыгады, жумыс калып тур! Сізден өтініш, осы мәселені шешуге көмек берсеңіздер! ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 27.08.2022, 05:50

Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің өтінішіңізді қарап, төмендегідей жауап жолдайды. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 98 шешімімен «Множественная миелома» ауру түріне Иксазомиб капсуласы енгізіліп, ҚР Әділет министрлігінде 22.04.2022 жылы тіркелген. Аталған препаратты сатып алуға осы жылдың 13 мамырында жергілікті бюджеттен қосымша қаржы қаралған. Алайда, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) 2022 жылғы 11 мамырда енгізілген өзгерістерге сәйкес мамыр айынан бүгінгі күнге дейін сатып алу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі болмай отыр. Сонымен қатар, «Помалидомид» препаратымен қамтамасыз ету мақсатында, Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының шешімінің жобасы әзірленген. Осыған дейін аталған шешімнің жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылып, көпшілік талқылау жүргізілді. «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU» университетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалық қорытындысын алу және Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінде талқылау үшін шешім жобасы жолданылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қыркүйек айының үшінші он күндігінде өткізуге жоспарланған Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына «Помалидомид» препаратымен қамтамасыз ету мәселесі ұсынылғандығын хабарлайды. Сонымен қатар, өтінішіңіз бойынша берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екендігін түсіндіреді.

Нәлібаев Н.М. 10.09.2022, 12:25
ИМАНБЕРДИЕВА ШАРКУЛЬ
  • Нәлібаев Н.М.
  • 24.08.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 106
  • № 751634/1

Открытие школы на 1500 мест в г.Кызылорда по ул.Культекенова 190 ...

Толығырақ

Жауаптар


Қызылорда қаласы, «Бәйтерек school KZ» жеке мектебінің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Ш. Иманбердиеваға IP мекен-жай: 5.63.74.26; Al_arka_zoli@mail.ru БСН 220440018130 Қызылорда қаласы, «Бәйтерек School KZ» жеке мектебінің 2022 жылғы 24 тамызда тіркелген №БЛОГ-103 өтініш хатыңыз қалалық білім бөліміне жолданып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда мектептерден келген 521 оқушы білім алып жатқандығын білдіреді.

Нәлібаев Н.М. 07.09.2022, 11:59

Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 24.08.2022, 07:08
Айгараева Эльмира
  • Нәлібаев Н.М.
  • 23.08.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
  • 89
  • № 751742

Саламатсыз ба, Нәлібаев Н.М мырза. Мен Қызылорда қаласында тұрамын. Есімім Айғараева Эльмира Мейрамовна. Бастауыш сынып мұғалімімін. Еңбек өтілім -14 жыл. Қызылорда қаласында мемлекеттік мектептен жұмыс таба алмай жүрмін. Көмектесіңізші. Бос орындарды жарияламайды. Жұмыс жасағым келеді. Сізден Қызылорда қаласынан бастауыш сынып мамандығы бойынша жұмыс тауып беруіңізді сұаймын. Тел: 87713718739 ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 23.08.2022, 05:08

Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналастыру туралы өтінішіңізге төмендегіні хабарлайды. ҚР Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының талаптарына сәйкес педагогтерді жұмысқа қабылдау мәселесі конкурстық негізде жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына конкурстық негізде жұмысқа орналасады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағында білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады. Білім беру ұйымдарына мамандарды жұмысқа орналастыруды тікелей мектеп басшылығы дербес жүзеге асырады. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік - Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылысыз.

Нәлібаев Н.М. 12.09.2022, 05:27
    Нәлібаев Н.М.

    Қызылорда облысының әкімі

    Нәлібаев Н.М.
    (Мұрағат)

    Қызылорда облысының әкімі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика