• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сарсембаев Нурбол
  • Нәлібаев Н.М.
  • 23.07.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 91
  • № 748473

Сізге eotinish.kz порталы арқылы ЖТ-2022-01545628 өтініш жолдаған болатынбыз. Осыған орай мәселенің шешілмеу салдарынан: 1- Қазыргі таңда жүргізіліп жатқан газ құбырлары біздің көшені айналып өтіп жатыр, параллель жатқан екі көшеге жүргізіліп жатыр. 2- Су құбырлары көшеге жүрмеген (келесі көшеден немесе 200-300 метр жерден) тартуға мәжбүр болып отырмыз 3- Электр тогы бағандары қауыпсіздік талаптарына қайшы (яғни жеке тұрғындар үйі үстімен жүргізілген) Бізге осы аталған мәселелерді шешіп беруді сұраймыз! Ауыл әкімшілігіне бірнеше рет барып өтініш айтқан болатынбыз ешқандай қарсы әрекет немесе мәселе шешу жолдарын қарастырып жатқан жоқ! Құр уәде.......... Құжаттар төменде. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 25.07.2022, 11:39

Сіздің облыс әкімінің 2022 жылдың 27 шілдедегі №Блог-89 санды өтінішіңізге зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізіп нәтижесін төмендегідей хабарлайды. Бұл ретте, Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж. Маханбетов ауылы, №9 «Б» көшесі бойындағы жол қозғалысына кедергі тудыратын сайдың орнын толықтырып, жаяу жүргінші жолымен автокөлік жүруге тиісті жұмыстарды жүргізуді, сонымен қатар ауылдық округтегі көгілдір отынмен қамтамасыз ету барысында жоғарыда аталған көшеге жүргізіліп жатырған газ құбыры айналып өтіп жатырғандығы жөнінде хабарлаған болатынсыз. Осы ретте, әкімшілік тарапынан тиісті құзырлы мекеме мамандарымен бірлесе отырып, өздеріңіздің қатысуларыңызбен GPS құрылғысымен аталған көшенің 4 (төрт) бұрышының межелік қазығы белгіленіп қағылды. Осы негізде сіздердің тараптарыңыздан келісім берулеріңіздің нәтижесі негізінде, қазіргі таңдағы терең сайдың көшеге қатысты бөлігін көму жұмыстары ауыл ішілік ескірген үйден шыққан құрылыс қалдықтарымен төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, газ құбырына байланысты уәждеріңіз бойынша Мердігер «Алия–Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапы мамандарымен өздеріңіздің қатысуларыңызбен бірлесе отырып, анықтау жұмыстары жүргізілді. Жобаға сәйкес, газ құбыры Сіздердің көшелеріңізге толығымен жүргізілетіндігін мәлімдейді. Осы орайда, ауылдық округтен жаңадан бой көтерген шеткі көшелерге орналасқан үйлерге қосымша электр желілерін тарту мақсатында 184,9 млн теңгеге 20,842 шақырым болатын 25 көшеге оның ішінде №9 «Б» көшесіне жобаға сәйкес, «Энерго Мера ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізіп халыққа тұтынуға берілді. Іске қосылған ауыз су жүйесі «Арал» СЖКБД филиалы мекемесінің теңгерімінде. Ауыз су тұрақты түрде берілуде. Осы негізде балама гигиеналық ауыз су құбыры тартылмай қалғандықтан әкімшілік тарапынан тиісті жұмыстар атқару үшін Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатынас хат жолданып, нәтижесінде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілгендігі өзіңізге де белгілі. Жоғарыдағы мән жайларды мазмұндай келе, инфрақұрылым, желілер жүргізу жоспарлы түрде бюджет қаражатының бөлінуіне орай кезең-кезеңімен шешімін табатын болады. Берілген жауапқа келіспеген жағдайда Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес, шағым жасауға құқылы екендігіңіз хабарланады.

Нәлібаев Н.М. 15.08.2022, 01:21
Шайнуров Абай
  • Нәлібаев Н.М.
  • 23.07.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 89
  • № 748465

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! Мен, Шайнуров Абай Серикович, Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Сіздің қабылдауыңызға 28.04.2022 жылы жазылған болатынмын, бірақ одан бері әкімшіліктен еш хабар болған жоқ. Сізден тағы да жеке қабылдауыңызды сұраймын. Жеке қабылдауыңызда көтеретін мәселелерім: облыстағы кәсіпкерлік субьектілердің жылжымайтын мүліктерін рәсімдеудегі административтік кедергілер, облыстық басқармалардағы және басқа да мемлекеттік органдардағы кадр тапшылығы, Облысымыздағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды медициналық емдеудегі қордаланған проблемалар. Менің байланыс нөмерім: 87015271217 ...

Толығырақ

Жауаптар


«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.09.2002 ж. №974 қаулысының талаптарына сай облыс әкімінің жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз. Осыған сәйкес, қабылдау уақыты телефон байланысы арқылы Өзіңізге алдын-ала хабарланатын болады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Нәлібаев Н.М. 25.07.2022, 10:59
Кенжетаева Эльмира
  • Нәлібаев Н.М.
  • 22.07.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 78
  • № 748436

Мен Қызылорда қаласы тұрғынымын. Қазіргі таңда жеке басымда баспанам жоқ. Ұзақ мерзімге Төле би көшесі 145а үй 34 пәтерде жалға алып тұрып жатырмын. Денсаулығыма байланысты, жұмыс жасау мүмкіндігім жоқ. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жарналарын өз қалтамнан тұрақты төлеп келемін. Осы мекен жайыма қарасты № 6 Қалалық емханадан ем ала алмай жүргеніме бірнеше ай болды. № 6 Қалалық емханаға бірнеше мәрте бардым, олар бекітілген халықтың тіркелімі (РПН) бағдарламасына мені тіркеген жоқ. Тіркемеу себебі бөлім меңгерушісі Айгүл Бақбергенованың айтуынша менің тұрғылықты мекен жайым бойынша бірнеше ай бақылаймыз. Нақтырақ айтсақ, мен осы үйде қанша ай тұрып жатқаныма көз жеткізгісі келеді. Бірнеше күн десе мен келісер едім, бірнеше ай дегеніне келіспеймін. Мені осылай бір ай бақылап жүргендерінде денсаулығымның нашарлап кетпеуіне кім кепіл? Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ЕГОВ порталына жүгіндім. ЕГОВ кз аркылы 20.07.2022ж. сағ:15:45:15 емханаға тіркелуге өтініш те бердім. Мемлекеттік қызмет алу күні 1 күн. Әлі жауап жоқ. Бұл емханаға мемлекет бекіткен қағидалармен жұмыс жасамай ма???? Сіздерден сұрарым, аталған кемшілік жіберген емханаға шара қолдануыңызды сұраймын және осы емханаға тіркеліп ем алуға, тегін дәрімен қамтамасыз етілуге ықпал жасауыңызды сұраймын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 25.07.2022, 10:56

Сіздң өтінішіңіз бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның (әрі қарай-Емхана) пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің отырысында талқыланды. Нәтижесінде, Сіздің қазіргі таңда уақытша Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №145а үй, 35 пәтер мекен-жайында орналасуынызға байланысты «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесі бойынша 27.07.2022 жылы Емханаға тіркелгенсіз.

Нәлібаев Н.М. 01.08.2022, 11:07
Аяпов Қазыбек
  • Нәлібаев Н.М.
  • 14.07.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Көлік ·
  • 94
  • № 747641

Құрметті Нұрлыбек Нәлібаев!! Мен сізге өткен айда Шымкент-Самара-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай тас жолының 2021 жылы бөлінген қаржыны "Стандарт ОИЛ" ЖШС-і толыө игермей 7 (жеті) шақырым жолы жөнделмей қалған еді Соған биылғы жылы қаржы бөлуге ықпал етуінізді және сол мекеменін салған жолын тексеруді сұрағанмын. Бірақ маған шілде айының 4-ші күні келген жауапта нақты нәтиже көрінбей тұр осыған жеке өзініздің көніл бөлуінізді сұраймын. Ізгі ниетпен зейнеткер Қазыбек Аяпов 14.07.2022ж Тел: 87789270781 ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 15.07.2022, 03:35

Құрметті Қазбек Аяпов, бұл жағдайға бей-жай қарамай, өз пікіріңізбен бөліскеніңіз үшін Сізге рақмет! Арал ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автомобиль жолының 70,6-98,4 шақырымдары аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, жоба құны 753 320,0 мың теңге болатын жобаға 2019 жылы республикалық бюджеттен - 362 739,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме - «СтандартОйл КЗО» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, сол жылы 11 шақырым жолға асфальт жабындысы төселген болатын. 2021 жылы облыстық бюджеттен - 300 549,0 мың теңге қаржы бөлінгенімен, мердігер тарапынан жөндеу жұмыстары толық орындалмауы салдарынан асфальт жабындысы төселмей 88 389,0 мың теңге қаржы бюджетке кері қайтарылды. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен аталған жолдың қалған 7 шақырым бөлігінің жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен - 88 339,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудан әкімдігі тарапынан жобаны толық аяқтауға жұмыстар жүргізілетін болады.

Нәлібаев Н.М. 29.07.2022, 07:28
Шарипбаева Айнагуль
  • Нәлібаев Н.М.
  • 13.07.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
  • 84
  • № 747480

Тема: Исследование АБР о мерах правительства по реагированию на пандемию, финансированных в рамках Программы активных мер по борьбе с СOVID-19 и поддержки расходов. Уважаемый Нурлыбек Машбекович! Центр исследований Сандж (независимая исследовательская компания Казахстана) выражает глубокое уважение Вам и вашим сотрудникам, а также благодарит за плодотворное сотрудничество в рамках различных проектов! Согласно письму Министерства финансов РК (рег. № 3432 от 21.04.2022 года), Сандж выполняет социологический опрос социально-уязвимых групп населения в рамках «Мониторинга реализации Программы активного реагирования и поддержки расходов на COVID-19 (CARES)» (см. Приложение №2). В рамках Мониторинга Программы будет оценен охват бенефициаров государственной поддержкой, адресность различных мер фискального реагирования Правительства Казахстана и проведена независимая оценка достигнутых результатов. Все работы в рамках данного проекта проводятся в период с мая по июль 2022 года. Просим Вашу поддержку в следующем: 1. Оказании содействия со стороны районных и городских акиматов вашей области, Управления координации занятости и социальных программ Кызылординской области в предоставлении списков социально-уязвимой категории лиц из числа получателей пособий в 2020 году на всех территориальных уровнях (областной центр, малый город, районы), с контактными данными (телефоны) для опроса. Более подробно выборка будет согласована с ответственными специалистами по каждому району/городу отдельно. Виды получателей государственной помощи в 2020 году для выполнения опроса перечислены в Приложении №1. 2. В определении компетентного по данному проекту специалисту на уровне Вашего акимата для координации вопросов, связанных с исследованием; 3. Предоставлении статистических данных по количеству и видам получателей социальной помощи, с разбивкой по городам/ районам, выданной в качестве социальной поддержки уязвимых групп населения в рамках борьбы с СOVID-19 в 2020-2021 годах, с выделением гендерного аспекта (отдельно статистика по мужчинам и женщинам, или выделении данных по женщинам). Обращаясь к Вам, мы надеемся на плодотворное сотрудничество и не сомневаемся, что результаты проекта обеспечат обратную связь по эффективности планирования и использования финансов для дальнейшего укрепления благосостояния населения Казахстана. В случае возникновения вопросов, мы открыты к любому обсуждению. ...

Толығырақ

Жауаптар


Акимат Кызылординской области рассмотрев Ваш запрос, направляет список получателей социальной выплаты по обеспечению продуктово-бытовых наборов на период чрезвычайного положения в разрезе районов и города Кызылорда за 2020 год. В соответствии с частью 1 статьи 91 Административного процедурно-процессуального Кодекса Республики Казахстана, Вы вправе обжаловать административный акт в административном (досудебном) порядке. Приложение: 3 лист

Нәлібаев Н.М. 01.08.2022, 11:13

Ваше обращение находиться сейчас на стадии рассмотрении. О результатах будет сообщено дополнительно.

Нәлібаев Н.М. 13.07.2022, 07:15
Сағатбекұлы Ғалым
  • Нәлібаев Н.М.
  • 02.07.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мәдениет, ақпарат және экология ·
  • 106
  • № 746324

Қызылорда облысының әкіміне Налибаев Н.М. Ешкім ұмытылмауы керек. Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысы-еліміздің барлық азаматтары үшін, әсіресе жастар үшін үлгі. Менің атам да жерлестерінің естерінде қалуға лайық деп санаймын. Сондықтан, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде бір көшенің атауын, өзі қалаған колледжді оның есімімен атауды ұсынамын. Оның өзі тірі кезінде ешқашан мемлекеттен ештеңе сұрамады, әрқашан басқаларға қажет екенін айтты, бірақ қазір ол қайтыс болғаннан кейін 12 жылдан астам уақыт өтті және ол қайтыс болғаннан кейін атам үшін мен сұрағым келеді. Жансейітов Уайс 1941 жылдың желтоқсан айында қызметке шақырылды, ол 19 жаста еді. Самарқандта 103 а. к. 688 а. к. құрамында 2 айлық дайындықтан өтіп 1942 жылы Украина Старобельск қаласында орналасқан. 1942 жылы 23 мамырда Харьков шайқасында бірінші жарақатын алып емдеуді Новочеркасск жылжымалы ауруханасында өткізді. Емдеуден кейін Азов аймағында орналасқан 16 арнайы құрылған құрлық және теңіз батальоны жіберіліп, Батайск, Тихорецк, Ростов қорғанысына қатысты. Әрі қарай Солтүстік Кавказ майданына ауысып, "Кіші жер"ауданындағы шайқастарға қатысады. 1942 жылдың қыркүйегінде Красная полянка ауылының тауларының етегінде екінші жарақат алды. Сочи ауруханасында 3 ай ем қабылдады. Емдеуден кейін лейтенант У. Жансейтов 51 С.П. 24 с. б. жіберілді.. 1943 жылы Курск, Орел қалаларын азат ету шайқастарына қатысады. Кейін 32 техникалық барлау бригадасын басқарады. Брянск, Калинин бағытындағы шайқастарға қатысады, Литва, Латвия, Шығыс Пруссияны-Кеннинсберг қаласы азат етуге қатысады және мұнда ол "Жеңіс Күнін" қарсы алады, бірақ ол үшін соғыс әлі аяқталған жоқ. 1945 жылдың мамыр айының соңында Амур жағалауындағы Благовещенск шекара қаласына келді. Жапон империалистеріне қарсы соғысқа қатысады. Айгун, Харбин, Цицикар қалаларын азат етуге қатысады. 1941 жылдан 1946 жылға дейін Оңтүстік, Украина, Солтүстік Кавказ, Калинин, Балтық және Қиыр Шығыс майдандарының құрамында шайқастарға қатысты. Соғысты капитан дәрежесімен аяқтайды. Соғыстан кейін 1947 жылдан 1951 жылға дейін аудандық мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Одан әрі 1951 жылдан 1959 жылға дейін Қызылорда облысы Қармақшы аудандық Коммунистік партия комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1957 жылдан 1985 жылға дейін 12 рет аудандық, кейін кенттік кеңестің депутаты болып сайланды. Өңірді дамыту үшін 1959 жылы ол № 149, кейіннен №14 мамандандырылған техникалық училищені құрды, онда У.Жансейтов 1976 жылға дейін директор болып және осы училищені 17 жыл басқарды. Зейнетке шыққаннан кейін де, оның көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, колледжге қайта шақырылды, онда 1988 жылдан 1994 жылға дейін жұмыс істеді. Ол мектеп құрудың басында тұрды, оның дамуына белсенді қатысты. Білім беру сапасын арттыру мақсатында КСРО-ның барлық түкпірінен мұғалімдерді шақырды. Студенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін жатақхана, жеке Асхана, дене шынықтыру залы және т.б. құрылысын басқарды, ол бұрын сол кездегі басқа мектептерде болмаған. Колледж аумағында салынғанның бәрі оның басшылығы кезінде салынған. Ол жұмыс істеген сәттен бастап біздің мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істейтін көптеген білікті мамандарды шығарды. Ол тек менің ұстазым ғана емес, оны әлі күнге дейін білетін және есте сақтайтын жастардың Бүкіл ұрпағына тәрбиеші болды. Менің атам ауданның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына белсенді қатысты, осыған байланысты "ауданның құрметті тұрғыны"құрметті атағына ие болды. Мен және көптеген тұрғындардың атамның аты ауданымызда есте қалғанын тілейміз. Менің атамның тарихы, бұл бүкіл ауданның тарихінің бір бөлігі. Жансейтов У. соғыс кезінде әкесінен айрылып, соғыстан кейін отанына оралған 19 жастағы жігіттің оқиғасы. Ол өзін жастарды тәрбиелеуге арнады және мұғалім мамандығын таңдады. Аудан тұрғындары бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бірнеше рет өз пікірлерін білдірді. Ауданымыздың ақсақалдары және училище ұжымы (қазіргі колледж) 5 жыл бұрын колледжге У. Жансейітов есімін беруді ұсынған болатын. Қазірде қолдайды деп сенемін. Колледж басшылығы ономастика жөніндегі комиссияға қолдау көрсетіп, жүгінді. Комиссия әр уақытта әртүрлі себептер мен негіздер бойынша бас тартты. Соңғы бас тартудың негізі-қайтыс болғаннан бері 10 жыл өтуі керек деген, бірақ қазіргі уақытта 12 жылдан астам уақыт өтті. Жансейітов Уайс ауданды еске алу кітабына енгізілген, колледжде мұражай бар. Ардагерлеріміз бізге бейбітшілік пен еркіндік сыйлады. Бұл соғысты, оның қатысушыларын есте сақтау-барлық кейінгі ұрпақтың парызы. Бұл біздің балаларымызға, жастарға патриоттық тәрбие берудің бір бөлігі. Аудан орталығындағы көшелердің біріне және өзі негізін қалаған колледжге ардагердің есімін беру-бұл ата-бабаларымыздың ерліктерін құрметтеу мүмкіндігі. Осы хатты Жаенсейтов Уайс атындағы көшеге және колледжге беру туралы ресми өтініш деп санауыңызды сұраймын. Сағатбекұлы Ғалым Қосымша: - еңбек кітапшасының көшірмесі; - газеттерден мақалалар қиындылары; - грамоталар; - "Қармақшы ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім; - колледждің бірінші шығарылымының суреті. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 04.07.2022, 12:19

Қызылорда облысының әкімдігі атаңыз У. Жансейітовтың есімін Жосалы кентіндегі бір көшеге және Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне беру туралы жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлайды. Көшеге атау беру мәселесі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Қаулыға сәйкес аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті жерде заңдылықтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұсыныс қолдау тауып, облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылған жағдайда, күн тәртібіне енгізілетін болады. Ал, колледжге атау беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысы бойынша жүргізіледі. Қаулыға сәйкес аталған ұсыныс бірінші кезекте колледж ұжымында қаралып, қолдаған жағдайда, облыстық ономастика комиссиясы отырысында қаралады. Осыған байланысты аталған ұсыныстар Қармақшы ауданы әкімдігіне жолданды. Сонымен қатар, ономастика мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында бекітілген әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, көшеге, объектілерге атау беру мен қайта атау барысында тарихи, дәстүрлі атауларды қалпына келтіру, «Тарихи тұлғалар» тізімін қатаң басшылыққа алу мәселесі қарастырылғандығын назарға жеткіземіз.

Нәлібаев Н.М. 11.07.2022, 01:11
Дүйсенбайұлы Дінмұхамбет
  • Нәлібаев Н.М.
  • 25.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 114
  • № 745212

Ассалаумалейккм акім мырза мен Ақай ауылында тұрамын бізде жаз айларында ауыз судан проблема ол кешке мүлдем болмайды ал 24 25 июньде мүлем жок болды жаздың аптабында су жок.Су болған жағдайда оның давлениесі жоқ өйткені суды қаладан аламыз Ақайда су алатын өзінің кіші водоканалы бар ол су жаңа тұр ал біз болсақ орыстың каласынан әлі мұқтажбыз екі күн болды су жок ишетин.Ал интернет мәселесі шешілмеген Мегалайн косайық десек Алтельдің приставкасын тыга береді бізге проводной интернет керек деген сұрауымызга Қазақтелеком точка жок болмаса кабель жоқ дейд кімнің танысы бар сол құрғызады.Ал газ мәселесі ол екі жылдан бері кұрамыз деп тендер жариалауда тендерди ешким алмаиды газ жок қасымызда Байқонырда бар жанындагы Торетам ман Ақайда жоқ. Жол мәселесі Ауезов көшесинде тб. көшелерде жол жоқ освещение жоқ тек ұлкен тас жолдардан көрінетін көшелерге жүргізілген ал көрінбейтін еөшелерде жоқ тас жол. Жанармай бекеті жоқ Торетамда бир жанармай бекеті бар Ақайдан алты жеті километр болмаса трассада бар ол он он бес километр Ақайда Үш мыңдай адам тұрады. Әкім мырза еркекпізғой нем бар сіздің жұмысынызға зияным тиіп журналистерге хабарламай ақ өзіңіздің алдыңыздан өтейін деп едім Көмегеіңізге мұқаж Ақай халқының атынан жазып ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіздің, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы облыс әкімінің блогына жазған мәселеңізге орай төмендегіні білдіреміз. «Нұра» топтық су құбыры, «Арал» СЖКБД филиалына қарасты Қармақшы ауданы Төретам кенті және Ақай елді мекенін оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің мәліметіне байланысты 2022 жылдың 25-26 маусымы күндері Байқоңыр қаласы «Байқоңыр энерго» мекемесі су айдау насос қондырғысы істен шығып, жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізілуіне сәйкес, Ақай ауылдық округі бойынша ауыз судың қысымы төмен болды. Ақай ауылдық округінде орналасқан су айдау насос бекеті (станциясы) ауыз суды сақтау қоймасы 500 м3. Қармақшы желілік техникалық цехының тарапынан Сізге (Алтел 2) интернет желісін орнатып беруге ұсыныстарын білдірген болатын, алайда Сіз (Алтел 2) интернет желісінен орнатып беру ұсынысынан бас тартқансыз. Сонымен қатар, Сіз үйіне баратын магистральдық кабельден және распредтен кабель тартуға еш мүмкіншіліктері жоқ екендігін білдіргенсіз. Ақай ауылдық округінде қазіргі таңда 380 телефон нүктесі және (Алтел 2) әуе желісіз 130 интернет нүктесі орнатылған. Ақай ауылдық округінде 2 (екі) автокөлікке газ құю бекеті және 1 (бір) жанармай бекеті бар. Автокөлікке жанармай құю бекетінің басшысы Б.Жусуповке ғимараттың қас келбетін, қоршауларын әрлеу, жаңа үлгідегі жарық шамдарын онату жұмыстарын жүргізу мақсатында ескерту жасалды. М.Әуезов көшесі 1,3 км, Б.Майлин көшесі 1,15 км. Жарық шамдарын орнату үшін 4 667 556 (төрт миллион алты жүз алпыс жеті мың бес жүз елу алты) теңгеге бюджеттік өтінім жасалып, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданды. 2022 жылы М.Әуезов көшесіне орташа жөндеу, асфальт төсеу жұмыстарына рәсімделген жобалық сметалық құжаттарына 51 814 099 теңгеге бюджеттік өтінім жасалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылды. Елді мекендерді газдандыру туралы 2021 жылы облыстық бюджет есебінен Республикалық маңызы бар Байқоңыр қаласының жанында орналасқан «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Ақай елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» және «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» жобалары әзірленіп, жобалар сараптамадан өткізілді. Аталған жобаларды іске асыру үшін 2022 жылға 2 397 944,0 мың теңге қаржы бөлуді қажет етеді. Қазіргі уақытта газдандыру жұмыстарын бастау үшін Республикалық бюджеттен Төретам кентіне 300,0 млн. теңге, Ақай ауылына 300,0 млн.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңы аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Осыған сай мердігер мекеме анықталған уақытта аталған жұмыстар тиісті заң шеңберінде өз кезеңімен жүзеге асатындығын назарыңызға ұсынады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 91 бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Нәлібаев Н.М. 18.07.2022, 01:29

Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 27.06.2022, 11:18
Сагнадинова Жансая
  • Нәлібаев Н.М.
  • 24.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік тілді дамыту ·
  • 169
  • № 745186

Сәлеметсіз бе?! Есімім - Жансая Бауыржановна. Мені толғандыратын мәселе-тіл мәселесі. Тек қазір емес, әрдайым айтылып жүрген мемлекеттік тіл дәрежесі. Біз қандай бір іс болмасын, Сіздерге мойын бұрып, үлгі алатынымыз анық. Бірақ, қазіргі кезде Мемлекетті басқару органдарынан кетіп жатқан сауатсыздыққа жол бермеулеріңізді сұраймыз. Үлкен бір облыстың, қаланың басшы органдарында ақпарат кеңесшілерінің болмағаны ма, білмеймін, бірақ қазіргі кезде өрескел қателерді көп көріп жатамыз. Мен жолдап отқан дипломдағы “ат салысу”, иемдену сөздерінің қате жазылуы. Дұрысында, иелену, атсалысу болуы керек емес пе? Диплом қала әкімі тарапынан беріліп отқандықтан, қамшы қала әкіміне тиері сөзсіз. Сол себепті, қол қойып, келіспес алдын Сіздердің тараптан мұқият оқып танысуларыңызды сұраймын. Тіл жанашырынан ұсыныс деп қабылдасаңыздар. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты жазған ойыңызға сәйкес келесіні хабарлайды. Өңіріміздегі тіл мәселесіне жанашырлық танытып, пікір айтқаныңыз үшін Сізге ризашылығымызды білдіреміз. Ұсынылған мәселелер бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне ескерту хат жолданды. Облысымызда мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ (әрі қарай – Орталық) жұмыс жасайды. Орталық арқылы мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту», «Тіл мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас тілі» оқыту курстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп «Қазтест» - қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің арасында сертификаттық тестілеулер өткізіледі. Facebook әлеуметтік желісіндегі Орталықтың парақшасында ісқағаздарын сауатты жүргізуге арналған «Қатесіз жаз!», «Сөздер сөйлейді» айдарлары жүргізіліп отырады. Облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан тоқсан сайын өткізілетін тіл шұрайлылығын үйренуге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалды телеойынына мемлекеттік, бюджеттік сала қызметшілерінен құралған топтар қатысады. Жұмыс барысында қолдану үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің қазақ тілінің орфографиясына арналған Емле.kz, қай салада болмасын қолданылатын құжаттардың қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген Құжат. kz, әртүрлі салалық сөздіктер мен сөз тіркестерін көруге мүмкіндік беретін Сөздікқор.kz, салалық терминдер қамтылған Терминком.kz сайттары бар. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын тауып, ұсынған мәселелер назарға алынатын болады.

Нәлібаев Н.М. 11.07.2022, 01:13

Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 24.06.2022, 07:28
Искандаров Ершат
  • Нәлібаев Н.М.
  • 23.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Қаржы ·
  • 147
  • № 744968

(Сот орындаушының заңсыз әрекетіне және нисие мен микро қаржыларға қосылған өсімпұлдар жөнінде шағым) Құрметті Қызылорда Облысының әкімі Н.Нәлібаев мырза. Біздің "Адам құқықтарын қорғау" ұйымына Қызылорда Облысы Жаңақорған ауданы Жаңа Арық ауылы Рыспаев көшесі 23 үй тұрғыны Көшербай Индира Жарылқасынқызы ЖСН 830124401428 шағымданды. Ол өз шағымында «Хоум Банк» АҚ да 1500.000 (Бір миллион бес жүз мың) теңге несиесі бар екенін.«Робокэш кз» Микро Қаржылық ұйымында 65445 (Алпыс бес мың төрт жүз қырық бес) теңге қарыз сомасы бар екенін.«Каспий» Банктегі несиесін төлеп жатқанына байланысты қалған несиелер мен Микро Қаржылық Ұйымдарынан алған қарыздарын төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсетті. Сот орындаушылардың мәртебесі туралы заңына сәйкес белгіленген уақытта өндірілмеген қарыздар сот орындаушылардың өндірісінен кері қайтарылуы керек. Алайда Көшербай Индира Жарылқасынқызының қарыз өндіру мерзімі өтіп кетсе де, сот орындаушылар атқару парағын жоймай отыр. Ал несиелер мен қарыздарына мөлшерден тыс өсімпұл қосылуына байланысты, заңсыз қосылған өсімпұлдарды алдырып тастауға ықпал етуіңізді сұраймыз. "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының директоры Ершат Искандаров телефон 87058540422. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Ершат Искандаров, Жаңарық ауылдық округі, Ж. Рыспаев көшесі №23 үй тұрғыны Көшербай Индира Жарылқасынқызының қаржы ұйымдары алдындағы берешегі және сот орындаушылардың іс әрекетіне баға беру әкімдік құзырына жатпайтындығын хабарлаймыз.

Нәлібаев Н.М. 15.07.2022, 03:30

Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Нәлібаев Н.М. 24.06.2022, 07:17
Жалмагамбетова Айнур
  • Нәлібаев Н.М.
  • 21.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 108
  • № 744528

Здравствуйте! Хотела обратиться с вопросом касательно увеличения количества бродячих свор собак в городе Кызылорда. А именно, 21.06.2022 года приблизительно к 08.00 часам утра по местному времени на мою маму пенсионного возраста чуть не напала овчарка из своры собак, по благоприятному стечению обстоятельств рядом проходил мужчина, который помог моей маме. Данный инцидент произошел по улице Ы.Алтынсарина, не доходя до Кызылординского высшего медицинского колледжа. Это не единственный случай, связанный с бродячими и одомашненными собаками, хозяева которых беспечно относятся к своим прямым обязанностям по дрессировке своих питомцев. Прошу Вас принять срочные и действенные меры по ликвидации собак на улицах города. Буду очень признательна и благодарна за решение такой насущной проблемы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Ваше обращение принято во внимания.

Нәлібаев Н.М. 21.06.2022, 01:09

30 декабря 2021 года (98-VII ЗРК) принят Закон РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ответственного отношения к животным», который вступил в силу 2 марта 2022 года. При этом в пункт 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года» О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан«, а также в подпункт 4-3) статьи 10, пункта 1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года» О ветеринарии " внесены изменения и дополнения: «правила содержания и выгула собак и кошек, правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек» слова «правила содержания и выгула домашних животных, отлов животных, правила временного содержания и обезболивания». Поэтому в настоящее время в области приостановлены работы по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек. В соответствии со статьей 1 Закона РК от 30 декабря 2021 года» Об ответственном обращении с животными " (далее-Закон) в дальнейшем деятельность по отлову будет организована между государственной ветеринарной организацией, созданной местным исполнительным органом области, а также индивидуальными предпринимателями и негосударственными юридическими лицами. В этом направлении разработчиком закона Министерством экологии, геологии и природных ресурсов РК утверждены типовые положения в рамках закона. В настоящее время, в соответствии со статьей 9 Закона, для утверждения решением местного представительного органа разрабатывается проект дополнительных правил со стороны местного исполнительного органа в направлении типовых правил, утвержденных вышеизложенным. Также сообщаем, что для организации работы в данном направлении Министерством финансов Республики Казахстан пока не утверждены конкретные бюджетные классификации. Тем не менее, в правилах "отлова, временного содержания и умерщвления животных", утвержденных Министерством экологии, геологии и природных ресурсов РК, не допускается отлов безнадзорных и бродячих собак, животных, в том числе группировок из не менее трех особей, больных неизлечимыми заболеваниями, если безнадзорное животное напало на человека, иных животных или представило угрозу жизни и здоровью человека и препаратами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан, отмечается, что медикаментозная (эвтаназия) подлежит гуманному обезвреживанию. Поэтому мы предлагаем решить данный вопрос в тесном контакте с местным участковым уполномоченным полиции. Одновременно разъясняем, что согласно статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса РК в случае несогласия с указанным ответом, Вы вправе его обжаловать в вышестоящий либо в судебные органы.

Нәлібаев Н.М. 25.06.2022, 08:00
    Нәлібаев Н.М.

    Қызылорда облысының әкімі

    Нәлібаев Н.М.
    (Мұрағат)

    Қызылорда облысының әкімі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика