• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ПЕН НАУАИ ОБЛЫСЫНЫҢ ХОКИМІ НОРМАТ ТҰРСУНОВ БІРЛЕСКЕН ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Өзбекстанға барған мемлекеттік сапарының ресми делегациясының құрамында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болды.

Екі күндік сапардың алғашқы күнінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыстық делегация Қазақстан-Өзбекстан өңіраралық бизнес форумына қатысты.

Бизнес форумға өңір атынан Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Самат Ерниязов, "Абзал және К" директоры Абзал Ералиев, "Дана" ЖШС директоры Мамадияр Қадырбеков, "CT Solutions" және «Frac Jet» компанияларының директоры Аслан Орынғалиев пен «Агрохимсервис» ЖШС Сергей Ким барды.

Бүгінде Қызылорда өңірі мен Науаи облысы арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту, тауар айналымын ұлғайту арқылы жаңа жобаларды іске асыруда ортақ мүдде бар.

Форум аясында қызылордалық кәсіпкерлер су үнемдеу технологияларын енгізу, минералды тыңайтқыштарды сатып алу және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру, күріш өсіру және әртараптандыру бағытында бірлескен жұмыстарды пысықтады.

Басқосуда қызылордалық делегация мүшелері су реттеу мәселелері және ауыл шаруашылығы бағытында өзара келісімге келді. Мұнан бөлек, «Frac Jet» компаниясының директоры Аслан Орынғалиев Өзбекстандағы ірі сауда желілеріне өнім жеткізу бағытында меморандумға қол қойды.

Жұмыс сапардың екінші күні Мемлекет басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізілді.

Басқосуда Қазақстан Республикасының Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентінің алдында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Науаи облысының хокимі Нормат Тұрсунов екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейтін арнайы Жол картаға қол қойды.

Аталған Жол карта екі өңір арасындағы әріптестік байланысты күшейтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Өңірлердің инвестициялық және туристік әлеуетін көтеретін, мал шаруашылығын дамытатын ортақ жобалар да Картада қамтылған.

Айта кетейік, Түркістан және Қызылорда облыстарымен шекаралас аймақ Өзбекстан Республикасының ірі өнеркәсіптік орталығы саналып, мемлекет экономикасында маңызды рөл атқарады. Науаи облысы өнеркәсібінің жетекші салалары тау-кен, металлургия, химия, энергетика, машина жасау, тоқыма және құрылыс материалдарын өндіруде әлеуеті мол.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 23.12.2022
  • 302
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика