• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ СТУДЕНТТЕР МЕН ҰСТАЗДАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

 Қызылордадағы «Болашақ» университетінің білім беру лицензиясының тоқтатылуына байланысты соңғы күндері ата-аналар мен студенттер тарапынан алаңдаушылықтар бар. Бес мыңнан аса студенттің оқу жағдайына қатысты мәселе облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы жиында қаралды.

Мәселеге орай Сыр еліне іссапармен келген Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов университет лицензиясын тоқтату туралы шешім бірнеше мәрте бақылау жүргізілгеннен кейін, сот шешімімен қабылданғанын атап өтті. Бұл ретте министрлік өкілі университеттің оқытушылары және студенттерімен кездесіп, заңнамаға сәйкес түсіндірме ұсынды. Білім алушылардың оқуын басқа оқу орнында жалғастыра алатынын және маңыздысы төлемақысын бұрын төлеп келген деңгейде осы оқу жылына сақталатынын тілге тиек етті.

Жиында облыс әкімі білім алушыларды заң шеңберінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне және басқа облыстар мен қалаларда орналасқан жоғары оқу орындарына ауыстыру жұмыстарын үйлестіру маңызды екенін алға тартып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Министрлік үшін басымдыққа ие мәселе – бұл студенттердің заңды мүдделерінің сақталуы, олардың өз оқуларын жалғастыруға мүмкіндік қалыптастыру.

Сондықтан да, «заң бойынша білім алушыларды басқа оқу орындарына орналастыру бұл құрылтайшының міндеті» деген ұстаным жоқ. Оның орнына, лицензиясынан айырылған Университеттің білім алушыларын мамандықтары бойынша көршілес оқу орындарына ауыстыру мүмкіндіктері зерделенді.

Отырыста Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова «Болашақ» университетінің студенттері мен мұғалімдерін заңға сай қабылдап, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Болашақ» университетінің құрылтайшысы Бақберген Досманбетов сөз алып, жағдайға қатысты пікір білдірді.

Жиын соңында облыс әкімі білім ордасы басшылығының уәжі мен ата-ана, студенттерінің өтініштеріне сай жұмысты үйлестіру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіспіз деді. Ең алдымен университетте білім алатын 5491 студенттің әрі қарай білім алуын жалғастыруын және 176 оқытушы-профессор, 43 техникалық персоналдың жұмыссыз қалмауын заңдылықтар аясында қарап, тиісті әрі оңтайлы шешілуіне жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Бірлескен талқылау нәтижесінде білім алушылар үшін де, ата-аналар үшін де барынша оңтайлы шешім қабылданады.

Қорқыт ата университеті тарапынан студенттер үшін оқу ақысы бұрынғы төлеп келген деңгейде осы оқу жылына сақталады.

Ауысып келген білім алушылар үшін жаңа оқу топтары ашылып, барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етіледі.

Оқу жүктемелерінің көлеміне қарай, профессорлық-оқытушылық құрам үшін арнайы конкурс рәсімдері өткізіліп, нәтижесі бойынша еңбек шарттары жасалады.

Егер Жоғарғы сотта университеттің шағымы қанағаттандырылса, онда министрлік лицензияны заң аясында кері рәсімдеп беруге мүдделі.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 16.01.2023
  • 230
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика