• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ӨҢІР ҮШІН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР МИНИСТРЛЕРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар министрлермен кездесіп, өңір үшін маңызды жобаларды талқылады.

Алдымен аймақ басшысы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменовамен кездесті. Бүгінде Сыр елінің шаруалары республика бойынша  күрішке деген қажеттіліктің 90 пайызын өтеп келеді. Нұрлыбек Машбекұлы шаруаларды алаңдатып отырған проблема - суару желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайын көтерді. Жыл сайын шамамен          2 млрд м3 су жоғалады, бұл республикадағы жалпы су шығынының жартысын құрайды. Мәселені шешу мақсатында өңір басшысы суару жүйелерін қалпына келтіру және жаңғырту жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету, су бөлу процестерін автоматтандыру және цифрландыру керектегін ұсынды. Сондай-ақ, өңірдегі өзекті мәселенің бірі – Арал теңізі. Соңғы 12 жылда 8,5 млрд.м3 тартылған теңіздің жағдайы алаңдатарлық. Аймақ басшысы министрге маңызды мәселені айта отыра, вегетациялық кезеңде дарияның жоғарғы сағасындағы елдермен келіссөздер жүргізіп, мәселені шешу жолдарын талқылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесу барысында Қызылорда облысының қоғамдық-саяси ахуалы туралы өзекті мәселелер мен жастар саясаты саласындағы жаңа бастамаларды талқылады. Министрдің ұсынысына сәйкес өңірде Дін басқармасы қайта құрылатын болды. Сонымен бірге, ашық азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс орнатудың жаңа тәсілдері талқыға түсті. 

Аймақ басшысының ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевпен кездесуі барысында облыс әкімдігі тарапынан қабылданып жатқан қаулы-қарарлар мен нормативтік-құқықтық актілердің заңнамалық сипаттамалары сөз болды. Облыстағы норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен кездесіп, елді мекендерді дамыту мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын жобаларды пысықтады. Аймақта аталмыш министрлікпен 2023 жылы жалпы құны 5 млрд.теңгені құрайтын 17 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Республикалық бюджетті нақтылау барысында тағы да 72 жоба ұсынылмақ. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 41 жоба, «Облыс орталықтарын дамыту» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны            17,1 млрд. теңгеге 23 жоба, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы құны 6,5 млрд.теңге болатын 8 жоба бойынша өтінім берілді. Барлық жобалар елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге және тұрғындарға аса қажетті инфрақұрылымдық желілерді салуға бағытталған. Министрмен кездесу барысында Қызылорда облысының бюджетін көтеру, экономиканы әртараптандыру, кіріс көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.

Облыста білім саласын дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама қабылданатын болды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кездесуі барысында шешім қабылданды. Аталмыш бағдарлама – білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім нысандарының инфрақұрылымын дамыту,  бала саны көп мектептер жанындағы қосымша құрылыстар мен апатты жағдайдағы білім ошақтарының және бейімделген ғимараттардың мәселелерін шешуге бағытталатын болады.  Облыстағы білім беру саласын жетілдіруге бағытталған бұл ұсыныстар министрлік тарапынан қолдау табатын болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қолдауымен облыста алдағы 3 жылда Ұлттық жоба аясында 21 жайлы мектептің құрылысы жүргізіледі.

  • 16.01.2023
  • 264
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика