• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2022 жылы шамамен 170 мың азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды

2023 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Ведомство басшысы Азамат Есқараев 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын баяндап, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Алқа отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет, қоғам өкілдері, сондай-ақ Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстандағы конституциялық реформалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.

Осылайша,  Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңдар әзірленді. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 5 қарашасында аталған құжаттарға жария түрде қол қойған болатын.

Министр А.Н. Есқараевтың айтуынша, осы заңдардың іске асырылуын қадағалап, одан әрі құқықтық және ақпараттық сүйемелдеу жүргізу қажет. Бұдан басқа, Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін дебюрократияландыру жөніндегі Жарлығын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар нормашығармашылық процесінің реинжинирингіне байланысты үкіметтің заң жобалары бойынша нормашығармашылық процесінің жаңартылған форматына көшті. Сонымен, заң шығару процесінің кезеңдері 51-ден 22-ге дейін, ал мерзімдері 175 күннен 95 күнге дейін қысқартылды.

Министр өткен жылы Мемлекет кепілдік берген заң көмегін  169 мыңнан астам азамат алғанын, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға артық (2021 ж. - 122 337) екенін айтты.

Электрондық нотариат элементтері енгізілді, нотариалды куәландырылған құжаттарды сақтау үшін репозиторийдің орталықтандырылған электрондық жүйесі құрылды.

«Цифрлық нотариат» жобалық тобының жұмысы шеңберінде (СҚО, БҚО, Павлодар облысы) электрондық форматта сенімхаттардың 3 түрін беру бойынша пилоттық жоба (меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдарында мүдделер беруге; мұрагерлік істі жүргізуге; соттарда істер жүргізуге) іске қосылды.

«2022 жылы Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қағаз куәліктері алынып тасталды және «Электрондық Үкімет» порталы арқылы куәліктерді электрондық түрде ұсыну қамтамасыз етілді. Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуді электрондық форматқа ауыстыруды көздейтін түзетулер қабылданды. Бұл қағаз құжаттарды тіркеуге беру үшін ХҚКО-ларға бару қажеттілігін жойды», - деді Министр А.Н.Есқараев.

Айта кету керек, Министрлікте зияткерлік меншікті қорғау шаралары жетілдірілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 20 маусымда зияткерлік меншік саласында заңнамалық түзетулер қабылданды. Құжатқа сәйкес, авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар әр авторға жиналған сыйақылар мен олардан ұсталған сомалар туралы есепті ұйымның сайтындағы жеке кабинетіне жіберуге міндетті. Осылайша, авторлар жиналған сыйақы туралы ақпаратты қашықтан ала алады.

Сот сараптамасы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтының жаңа ғимаратының ашылуы болды.

Өздеріңіз білетіндей, үй-жайлардың 90%-ы өткен ғасырдың 40-70 жылдарында салынған. Бүгінде олар 80% тозған және бұл тәуелсіздік жылдарында салынған алғашқы ғимарат.

Министр А.Н. Есқараевтың айтуынша, институт жанынан есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар мәселелері жөніндегі мамандандырылған бөлім ұйымдастырылған. Арнайы бөлім Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеумен айналысатын болады.

Алқаның кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, сондай-ақ әділет вице-министрлері баяндама жасады.

  • 18.01.2023
  • 319
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика