• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиында Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы таныстырылды.

Бірыңғай конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес,
облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы қызметіне Қалиев Ғанижан Піртазаұлы тағайындалды.

Облыс әкімі басқарма басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

«Ғанижан Піртазаұлы осы кезге дейін жинақтаған
мол тәжірибесі мен білімін күрделі де жауапты қызметке арнап, өңірдегі кәсіпорындарда ұжымдық еңбек дауларының алдын алуына, еңбекақы қарыздарын болдырмау шараларын
уақытылы қадағалап, жұмысшылар құқығының сақталуына, аймақтың ажарын ашатын сәулет-құрылыстардың сапалы
әрі уақытылы аяқталуына бақылау жасап, әділетті әрі заң үстемдігіне қызмет етеді деп сенеміз», -
деді облыс әкімі.

Актив отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз алып, басқарма басшысын жаңа қызметімен құттықтады.

Ғанижан Қалиев 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономика университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бақылаушы-ревизоры ретінде бастаған.

1992-2003 жылдары Қаржы министрлігіне қарасты комитеттерінде бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2003-2010 жылдары Әділет министрлігінің
Қаржы департаменті директорының орынбасары,
Орталық сайлау комиссиясының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2010-2016 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша инспекциясының басшысы.

2016-2019 жылдары Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

2019 жылдан осы кезге дейін Қаржы министрлігінің
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарып келген.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.01.2023
  • 304
Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика