• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен министрліктің алқа отырысы өтті. Өткен жылдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2023 жылғы жоспарларымызбен бөлістік.

Қол жеткізілген нәтижелер мен жаңа міндеттер туралы айта отырып, олардың маңыздыларына тоқтала кетейін.

Бірінші. Халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігі және олардың сапасын арттыру маңызды. Біз үшін ең бастысы – барынша адамдарға бағдарлану. Яғни азаматтардың талап тілегін ескеру. Осыған сүйене отырып, біз 40 қызмет түрін проактивті форматқа ауыстырдық. Бұдан басқа, сыртқы платформаларға (екінші деңгейлі банк қосымшалары) 15 мемлекеттік қызметті шығардық, сондай-ақ қазіргі уақытта қосымшаларда 20 цифрлық құжат қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтердің 80%-ы және барлық цифрлық құжаттар смартфондар арқылы қол жетімді. Бүгінгі таңда электрондық қызметтердің жалпы үлесі 92% құрайды. Осылайша «көрінбейтін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарудамыз.

Екінші. электронды денсаулық сақтау – eDensaulyq қызметі туралы айтсам. Аталған жүйе дәрігерлерді мыңдаған анықтамалардан босатып, бюрократияға жол бермей, пациентке нақты қамқорлық жасауға көмек көрсетеді. Ондаған базалар мен ақпараттық жүйелерді бір терезеге көшіру арқылы пациент бойынша барлық қажетті ақпаратты бір жерден алуға болады. Өз кезегінде қазақстандықтар өздерінің медициналық деректеріне толық қол жеткізеді және ЭЦҚ арқылы келісімге қол қойып, кейбір медициналық мәселелерді онлайн шеше алады.

Үшінші. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту. Өткен жылы біз 12 өңірдегі 14 орталықты жаңарттық, биыл тағы 50 орталық жоспарда тұр. Келешекте елімізде барлық қажетті ұйымдар бір жерде орналасқан азаматтарға жайлы және сапалы қызмет алуға арналған, халыққа қызмет көрсету орталықтарының супермаркетіне негізделген Суперцондар пайда болады.

Төртінші. GovTech платформалық моделін енгізу. Барлық ақпараттық жүйелерді бір жерге шоғырландырып, оларды біріктіру және бірыңғай жоба шеңберінде дамыту жоспарлануда. Платформа мемлекеттік органдарға сервистер құруға мүмкіндік беретін бұлтты ресурстар мен құралдарды ұсынады.

Бесінші. Халықты жоғары жылдамдықтағы сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында байланыс саласын және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын дамыту. Осы жоба аясында 3 мыңға жуық елді мекенге оптикалық интернет жеткізіледі. 5-ші буынның ұялы байланыс желілерін 20 қалаға орнату басталады.

Алтыншы. Ақпараттық қауіпсіздік. «Электронды үкімет» объектілері мен аса маңызды нысандарды қорғау талаптары белгіленді, сапалы кәсіби қызметтер нарығы құрылды, білім беруге бағытталған гранттар саны ұлғайып, киберқауіпсіздік мәдениеті артты. 2022 жылы операторлар 734 000 алаяқтық бағыттағы қоңырауларға тосқауыл қойды. Қазақстан БҰҰ-ның киберқауіпсіздік бойынша рейтингінде 31-ші орынға көтерілді.

Жетінші. Бүгінде Smart City жүйесін іске асыру бойынша өңірлермен белсенді жұмыс жүргізілуде. Рейтинг көшбасшылары -Астана және Алматы, аутсайдерлер - Қостанай және Атырау. Осы ретте, өткен жылы 10 моноқалада және 58 ауданда бейнебақылау жүйесі енгізілді, барлық облыс орталықтарында «электронды билеттеу» жүйесі енгізілді. Астана қаласының «iQala» қызмет көрсету орталығының оң тәжірибесі басқа да өңірлерге таратылды.

Мақсат-міндеттеріміз айқын. Алдағы уақытта халық игілігі жолындағы жобаларды жүзеге асыруды жалғастыратын боламыз.

  • 27.01.2023
  • 282
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика