• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН АВТОЖОЛЫНЫҢ БИЫЛ 100 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМЫ АЯҚТАЛАДЫ

Бүгін ҚР Үкіметі Аппараты Басшысының  бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбеков  Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге өңірдегі «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары және Сырдария өзенінің жағдайымен танысты. Делегация құрамында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағанбетов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Мейрхат Қасымбаев және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сыртқы займдар департамент директоры Марат Махамбетов бар.

Алдымен аймақ басшысы Ғабит Әбдімәжітұлына Қызылорда су торабының қайта жаңғырту жұмыстарымен таныстырды. Нысан 1956 жылы салынған.  Қазіргі таңда ол 110,0 мың.га суармалы және 250 мың.га жайылымдық жерлерді аяқ сумен қамтиды. Мұнда 2020 жылы басталған қайта жаңғырту жұмыстары барысында сол жағалаудағы шлюз-реттегіш, жаңа су торабы, су бекеттері мен трансформаторлық қосалқы станция салынып, торап аймағы абаттандырылатын болады. Жобаның бас мердігері жұмысты биыл аяқтамақ.

Әрі қарай делегация мүшелері «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту барысымен танысып, жол құрылысына қажетті битумды сақтайтын қоймаларды аралады. Еске салсақ, аталған автокөлік жолын қалпына келтіру мәселесі көптеген жылдар бойы шешімін таппай келді. 2021 жылы Қызылорда облысындағы 204 шақырым бойынша 6 лотқа бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Өткен жылы мердігер мекемелер «Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы» ЖШҚ, «Қыран» ЖШС, «Гуйчжоу жол-инженерлік корпорациясы» ЖШҚ, және «Stecol Corporation» құрылысқа қажетті құжаттарды әзірлеп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Биыл мердігер мекемелер жолдың 100 шақырымнан астам бөлігін аяқтауды жоспарлауда, құрылыс материалдарының басым бөлігі қоймаға жеткізілді.

«Қызылорда-Жезқазған жолы Президенттің тікелей бақылауындағы үлкен жоба. Халықтың да біршама уақыттан бері көтеріп жүрген мәселесі. Сондықтан жолдың сапалы салынуы, мерзімінде аяқталуы өте маңызды. Бұл жоба жол бойы логистикасын дамытып, жол қатынасын едәуір жеңілдетуге сеп болмақ», - деді танысу барысында Ғабит Әбдімәжітұлы.

«Расымен халық бұл жаңалықты ұзақ күтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жоба басталды. Біз өзіміздің аймақтан өтетін жолдың сапалы салынуына атсалысатын боламыз», - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Түстен кейін Ғабит Сыздықбеков аймақ басшысымен бірге Жаңақорған және Шиелі аудандарына тікұшақпен барып, Сырдария өзеніндегі су деңгейін көріп, жағдаймен танысты. Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 29 су басу қауіпі бар аймақ анықталып, оған 366 арнайы техника бірлігі және 1137 адамы бар 138 жауапты мекеме бекітілді. Облыстың барлық аумағында өзен бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда. Дариядағы жағдай қалыпты, барлық қажетті материалдар мен техника қамтамасыз етілген.

Сапар соңында ҚР Үкіметі Аппараты Басшысының  бірінші орынбасары өңірдегі жүргізілген жұмыстар табысты аяқталуына тілектестік білдірді. Ғабит Әбдімәжітұлының жұмыс сапары Түркістан облысында жалғасатын болады.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 07.02.2023
  • 243
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика