• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАДА ДАРИХА АҚМАҒАМБЕТОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дариха Ақмағамбетованы 80 жас мерейтойымен құттықтады.

Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдің өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген абзал жандардың жарқын жолы мен ғибратты ғұмырын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, лайықты құрмет көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Құрметті Дариха Ақмағамбетқызы, Сізді ақ пейілді, дархан көңілді Сыр жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек жолыңызды комсомол, партия ұйымдары өзіңізге жүктеген міндеттерді қапысыз атқарудан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның еңсе тіктеуіне, ел бірлігі мен берекесін берік қалауға күш-қайратыңызды жұмсадыңыз. Адамгершілік, ақыл-парасат, даналық пен мейірбандыққа толы төл өнегеңіз ұрпаққа ұлағат болды. Қай кезде де жауапты қызметтің салмағын санамен, ауырлығын ар адалдығымен өлшей білген қасиетіңіз Өзіңізді құрмет төріне шығарды», - деді облыс әкімі.

Сыр елінің дамуына, әлеуметтік саланың, азаматтық сектор жұмысының алға жылжуына зор үлес қосқан  Дариха Ақмағамбетқызына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет», ордендерінің, «Ерен еңбегi үшiн» медалінің иегері Алмагүл Божанова, Арал, Жалағаш, Қармақшы аудандарының Құрметті азаматы, «ҚР еңбегі сіңген эколог» Биғали Қаюпов және Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Нажмадин Мұсабаев құттықтады.

Анықтама үшін: Дариха Ақмағамбетова 1943 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1966 жылы комсомол, партия комитетінен бастады. 1983-1997 жылдары Жалағаш аудандық, Қызылорда қалалық партия комитетінің хатшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

Білім саласында да адал еңбек етіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы «Қабілет» мектебін басқарды. Қызылорда облыстық мәслихатының 2-ші шақырылымдағы депутаты ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің оң шешімін табуына атсалысты.

Кейінгі жылдары облыстық әйелдер кеңесінің, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы ретінде азаматтық сектордың дамуына, қоғамдық көзқарастардың орнығуына өзіндік үлес қосты. 

Ұзақ жылғы табысты еңбегінің нәтижесінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2010 жылы облыстың бас шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атанды.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 16.02.2023
  • 234
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика