• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫН ТАБЫСТАДЫ

  Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына арнайы барып, ардагер ұстаз Сұлупан Шамшадиноваға Мемлекет басшысының Алғыс хатын табыстады.

  Теренөзек кентінің тұрғыны Сұлупан Шамшадинқызы ел Президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  сайланғанда қуанышын ашық хат жазып жеткізген болатын.  Ақ жаулықты ана өз хатында Мемлекет басшысына жаңа Әділетті Қазақстан құру идеясын іске асыру жолында сәттілік тілеп, Сыр елі жұртшылығының атынан ыстық ықыласы мен қолдауын білдірді.

  «Мен қасиетті Сыр елінде туып-өсіп, киелі Сырдария өзенімен аттас Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде бүкіл саналы ғұмырым өтуде. 40 жыл ұстаздық еткен абзал ана ретінде ұрпағымыздың болашағы қандай болады деген сауал үнемі мазалайтын. Елде орын алған дүрбелең, әлемді жайлаған пандемия елді қажытып жібергені рас. Міне, биыл өткен Президентт сайлауында ұсынған бағдарламаңыз осынау қиыншылықтардың барлығы артта қалғанына көзімізді жеткізгендей. Еліміздің болашағын айқындайтын маңызды шешім қабылдадыңыз. Әрине, бұл өте дұрыс әрі мезгілінде қабылданған бағыт-бағдар деп есептеймін.

  Көзі ашық, көкірегі ояу еліміздің бір азаматы ретінде еліміздегі жаңалықтардан хабардар болып отырамыз. Әсіресе, аймақтағы жаңалықтар мен туған өлкеміздің даму көрсеткіштері көңілді қуантады», – делінген ашық хатта.

  Аймақ басшысы Президенттің алғысына бөленген ұлағатты ұстазды құттықтап, оған белсенді азаматтық ұстанымы мен туған жеріне деген жанашырлығы үшін ризашылығын білдірді.

  Сұлупан Шамшадинова саналы ғұмырын өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнады. Ағартушылық қызметін шеберлікпен атқарумен қатар, қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсене қатысты. Ауылдық кеңес депутаты, аудандық бақылау тобының, «Сыр ана» әжелер ансамбілінің мүшесі болып, өзіне тапсырылған басқа да жұмыстарды атқарды, әлі де ауданның қоғамдық өміріне белсенді атсалысып келеді. Ұстаз есімі «Ай дидарлы аналар», «Сырдария, Сырдария-Тереңөзек», «Сыр өңірінің мәдениеті» атты кітаптарға енді. Өмірлік жары Бақытжан Сауытбаевпен бірге 54 жыл отасып, бес бала өсіріп, тәрбиелеген. Перзенттері жоғарғы білім алып, әрқайсысы бір-бір отбасы болып, еліміздің дамуына үлес қосып келеді.

Ел болашағы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде елеулі жетістіктерге жеткен, білімін, тәжірибесін, күш-жігерін өскелең ұрпақ игілігіне жұмсаған, аудандағы қоғамдық жұмыстарға араласып, белсенділік танытқан, туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан ардагер-ұстазға «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Аға мұғалім» атағы беріліп, бірнеше рет министрліктің, облыс, аудан әкімінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар», «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталған.

Айта кетейік, аймақ басшысы Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Тереңөзек кенті А.Алиакбаров көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме «Асанас-Дар» ЖШС өткен жылы желтоқсан айында тұрғын үйлер аумағын жөндеп, қалпына келтірді.

Мұнан бөлек, облыс әкімі аудан орталығындағы «Углесбыт» ЖШС күріш ақтау зауытының жұмысын көрді. Кәсіпорын тәулігіне 100 тонна күріш өндеуге қауқарлы, мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған.                                   

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 21.02.2023
  • 225
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика