• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынының алдын алуға  дайындық және халыққа онкологиялық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Үкімет басшысы «Көктем-2023» республикалық оқу-жаттығу шаралары шеңберінде тасқын қаупі туындаған жағдайда нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтауды, жарылғыш заттар мен  инертті материалдардың қажетті қорын дайындап, хабарландыру жүйелерінің дайындығын тексеруді тапсырды.

Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізіп, облыс аумағында мұз жүру басталғанын атап өтті.

«Облыс аумағында мұз жүре бастады. Жаңақорған Шиелі аудандарының аумағы мұздан толықтай тазарып, бүгінгі күні Сырдария ауданы Айдарлы елді мекені тұсында сең жүруде. Солтүстік аудандар мен Қызылорда қаласы тұсында өзен бетінде толықтай мұз тұр, орташа қалыңдығы 32-43 см құрайды. Қазіргі таңда дайындық шараларын күшейтіп, барлық қажетті қорлардың болуын қамтамасыз ету керек», - деді аймақ басшысы.

Жиында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы,  «Қазсушар» РМК және «Қазгидромет» Қызылорда филиалының директорлары  Сырдария өзеніндегі су жағдайы мен оны қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету жұмыстарының барысын баяндады.

Талқылаудан соң Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне өзен бойындағы қауіпті учаскелерге бақылауды күшейтіп, өзен арнасындағы мұз жүру процесін қадағалауды және  материалдық-техникалық, жанар-жағармай қорларын қажетті көлемде жасақтауды тапсырды. Ал, аумақтық жауапты мекемелер  облыс көлемінде су тасқынының алдын алу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен күш-құралдардың дайындығын үнемі әзірлікте ұстауы тиіс. Оларға мониторинг жұмыстарын жалғастыру және облыс аумағына мол су жіберілген жағдайда оны қауіпсіз өткізу  шараларын ұйымдастыру жүктелді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе тұрғындар үшін аса өзекті екенін атап өткен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық құрылыс басқармасына халыққа онкологиялық көмек көрсету үшін биыл Қызылорда қаласында салынатын бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы, онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көп бейінді аурухана құрылысын сапалы жүргізуді тапсырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына осы бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету жөнінде міндет қойылды. Атап айтқанда, облыстық онкология орталығынан ашылған ахуалдық орталықтың жұмысын жетілдіріп, науқастарды оңалту және психологиялық қолдау кабинеттерінің санын арттыру керек. Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін онколог дәрігерлер тапшылығының алдын алу үшін облыс әкімінің гранты арқылы мамандарды резидентурада даярлауға ұсыныс енгізу бойынша тапсырма берілді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.02.2023
  • 198
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика