• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әділет министрі мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзірлеу жұмысын сынға алды

Бұл жолы Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті жиынында үш мәселе қаралды. Коимссия отырысына Әділет министрі Азамат Есқараев төрағалық етті.

Алғашқы екі мәселе селекциялық жетістіктер мен тұқым шаруашылығын қорғауды реттеу мәселелері жөніндегі заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын қарауға және Парламент депутаттары бастамашылық еткен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу жөнінде болды.

Заң жобаларының негізгі ережелері туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек баяндады.

Сондай-ақ, қатысушылар квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасын қарады. Оның негізгі ережелері туралы заң жобасын әзірлеуші – Ұлттық экономика вице-министрі Ильяс Усеров баяндады.

Айта кету керек, заң жобаларының сапасын арттыру мақсатында Әділет министрлігі комиссия жұмысын трансформациялады. Енді заң жобаларын дайындау барысында әзірлеушілерге жауапкершілік күшейтілді.

Министр әзірлеушілерден бұдан былай заң жобаларының тұжырымдамаларын тереңірек пысықтауды талап етті. 

«Ведомствоаралық кеңесте сіз заң жобасының тұжырымдамасын осымен екінші рет таныстырғалы тұрсыз. Комиссия заң жобасын сапалы түрде талқылауға және  аяқтауға мүмкіндік беретін жақсы сүзгі болып отыр. Алайда, бүгін байқалып айтылған ескертулер бойынша нәтиже шығармайсыздар.  Өткен отырыста айтылған ұсыныстар мен ескертулер жай ғана алынып тасталған.

Нәтижесінде, консультативтік құжаттың пысықталған нұсқасынан сіздер ойластырылған барлық новеллалар алынып тасталған. Аздаған түзетулер мен өзгерістерді қоспағанда, барлығы бұрынғыша», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Азамат Есқараев шикі заң жобаларына қатысты бірқатар ескертулер жасады.

 «Жалпы бұл ғана емес, сіздерден мемлекеттік кәсіпорындардың рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту ұсынылған еді. Ал Үкімет болса оны 2015 жылдан бастап жоспарлы түрде қысқартуда. Нәтижесінде, іс жүзінде қандай да бір новеллалар жоқ. Мұндай заң жобасын әзірлеу қажеттілігі бар ма деген заңды сұрақ туындайды. Мұндай жағдайдың себебі мемлекеттік органдармен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен реформа тәсілдері бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарының тиісті түрде жүргізілмегендігінен екенін атап өту қажет деп санаймын" деді министр.

  • 03.03.2023
  • 245
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика